Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет6/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Дәріс 4
Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуындағы инклюзивті білім берудің тәжірибелері мен типтері
Жоспар:

  1. Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі

  2. Түрлері

Батыс еуропа елдеріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқыту бойынша психологиялық-педагогикалық ғылыми әдебиеттерді зерттей келе, инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін басты тенденция болып табылады. ХХ ғасырларда көптеген мемлекеттер (АҚШ, Ұлыбритания, Швецария, Германия, Италия) тәжірибелерінде интеграциялық амал принципі жүзеге асырыла бастады. Оның мәні — дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру жүйесіндегі қалыпты балалармен оқытуды дамытуға мүмкін деген мағынаны білдіреді.


Дегенімен, көптеген дамыған мемлекеттерде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуындағы жаңа формасы - инклюзивті білім беру болып табылады. Инклюзивті білім беру - жалпы сыныптарда әрбір баланың тиімді және қолайлы білім алуы.
Сьюзен Петерстің «Инклюзивті білім беру: барлық балаларға арналған стратегия» зерттеу жұмысында инклюзивті білім беру жүйесін жалпы білім беру жүйесіне енгізуде туындайтын қиындықтарды шешудегі тиімді жолдарды қарастырады. Сьюзен Петерстің зерттеу жұмысы 6 бөлімнен тұрады. Әр бөлім инклюзивті білім беру жүйесіне толық анықтамалар мен деректерден тұрады. Олар төмендегідей:
І. Инклюзивті білім беруге қарасты жалпы сұрақтар мен мәселелер, біріктіріп оқыту стратегиясын құрудағы негізгі принциптері, сонымен қатар инклюзивті білім беру жүйесін енгізудегі базалық деңгейлері ұсынылған;
ІІ. Солтүстік елдерінде инклюзивті білім беруді енгізудегі тәжірибелеріне арналған. Бұл бөлімде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қалыпты дамитын адамдармен сапалы білім алуға тең құқықысына күресудегі қысқаша тарихи шолу жасалған. Сонымен қатар АҚШ пен Канада елдеріндегі инклюзивті білім беру жүйесін енгізудегі тәжірибелеріне, осы елдердегі мүгедек адамдарға арналған кейбір орталықтарына, инклюзивті білім беру жүйесін енгізудегі кейбір аспектілер қатары көрсетіледі;
ІІІ. Жоғарыда көрсетілген жетістіктеріне жету үшін Сьюзен Петерс үшінші бөлімінде Оңтүстік елдерінде инклюзивті білім беру жүйесін енгізудегі тәжірибелері «Инклюзивті білім беру жүйесіне жұмсалатын қаражат, контестілік факторлар мен нәтижелі қорытынды алуды жүзеге асырудың схемасы» және оның басты компоненттеріне «Бразилия еліндегі ашық мектеп әдіснамасы» сипаттама берілген. Ал инклюзивті білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыруға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану ІҮ-бөлімде қарастырылған. Бұл бөлімде әртүрлі модельдерді жүзеге асыру шеңберінде үкіметтің қаржыландыру схемасын көрсетеді.
Ү. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға қарасты инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі халықаралық құқықтық-нормативтік актілер тізімі, жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты ЮНЕСКО-ның зерттеу жұмысының нәтижелерін айқындаған. Қорытынды бөлімінде инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға қажетті тоғыз аспектіні және өзегешеліктің алуантүрлі жиынтығы ретінде инклюзивті білім берудің саясаттарын, сонымен қатар оның жетістіктері мен кемшіліктерін сипаттаған.
Сьюзен Петерстің зерттеу жұмысын саралай келе, инклюзивті білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, барлық балаларға тиімді деген қорытынды жасауға болады. Жоғарыда аталған жұмыс әр мемлекеттің инклюзивті білім беру жүйесін, оның дамуын және барлық балаларға қолжетімді білім алуға және білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің жетістіктеріне жетуге қажетті қызметтер мен стратегияларды, білім беру жүйесінде туындаған өзекті мәселелерді анықтауға септігін тигізеді.
Г.Я. Трошин біріктіріп оқыту жұмысының негізін құрайтын принципті көрсеткен: медициналық-психологиялық және педагогикалық аспектілердің өзара тығыз байланысы; пәнаралық байланыс; баланын оңды потенциалына сүйену; білім беруді жекелендіру; кәсіби еңбектің рөлі; баланың дербес шығармашылығы туралы түсінігінің болуы. Педагогика саласында интеграциялық амалдың дамуына В.П.Кащенконың қосқан үлесі көп. В.П.Кащенко «барлық балалардың, жалпы білім беру мектептеріне енгізу үлкен қателік екенін» көрсеткен . В.П.Кащенко әлсіз және оқу үлгерімі төмен оқушылардың жалпы сыныптарға бейімделген ортаның кез келген адамның денсаулығына және дамуына әсер ететінің ескере отырып, бірнеше талаптарды атады: баланың жалпы білім беру жүйесіне бейімделмеу керек, керісінше, мектеп әр баланың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.
Н.Н.Малофеев интеграциялық процесті жүзеге асырудың екі бағытын көрсетті: революциялық және эволюциялық. Бірінші бағыт (революциялық) дифференциацияланған арнайы білім беруді ұйымдастырудың дәстүрлі формасын жойып, оларды қысқа уақыт ішінде батыс еуропаның интеграциялық моделімен алмастыру. Эволюциялық бағыт интеграциялық оқытуды арнайы білім беруді дамытудың стратегиялық міндетінің бірі деп, дәлірек айтқанда, дамуында ауытқуы бар баланың білім алудың қажетті амалы ретінде мойындайды.
Л.И.Аксенова интеграциялық модельдің тағы бір түрін ұсынады. Интеграциялық форма: интернальды және экстренальды. Интернальды интеграция – интеграциялауды арнайы білім беру жүйесінің ортасында жүзеге асырылады. Мысалы, нашар еститін бала мен күрделі тіл кемістігі бар бала бір сыныпта бір маманның көмегін алады. Шет елдердің тәжірибесі мұндай интернальды интеграцияны тек әр категориядағы балалар оқу ғимаратына жақын, бірақ әртүрлі сыныптарда білім алуын мойындайды. Зиятында ауытқушылығымен қосалқы бұзылыстары (мысалы, сенсорлық сферасында зақымдалу болса) болғанда көрмейтін (нашар көретін) немесе естімейтін (нашар еститін) балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру мекемелерінің жеке сыныптарында білім алады. Экстренальды интеграция арнайы және жалпы білім беру мекемелерінің өзараәрекеттесуімен ұйымдастырылатын формасы ретінде қарастырылады.
Л.И.Аксенова интеграция тек жеке тұлғаның әлеуметтендіру процесі ғана емес, арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік және білім беру мекемелерімен, муниципалды және қоғамдық бірлестіктермен, отбасы және жеке азаматтармен тікелей өзараәрекеттесетін кешенді көмек көрсетуді ұйымдастырудың қызметтік сферасы ретінде интеграциялық амалға негіздеу деп айтты.
Осыған орай, шет елдердің инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыруын қарастыра отырып, бізге инклюзивті білім берудің көп нұсқаулығын көруге мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет