Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет7/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Германияның білім беру жүйесі біздің және басқа дамыған мемлекеттің білім беру жүйесінен өзгеше. Бұл мемлекетте ортақ заңдар мен қағидалар, осыған қоса барлық бала ауытқушылық деңгейі мен күрделілігіне қарамастан мектепке 6 жастан барады. Барлық мүмкіндігі шектеулі балалар көлік қатынастарымен қамтамасыз етілуі қажет. Бірақ әр ауданың жеке заңнамалары бар. Мысалы, Берлин қаласында бастауыш сынып 6 сыныпқа дейін созылуы мүмкін, Солтүстік Вестифальда – 4 сыныпқа дейін созылады. Білім беру жүйесі 3 жастан 6 жасқа дейін созылатын балабақшадан басталады, бірақ оған бару міндетті емес. Балабақшалар жеке меншік, мемлекеттік, қоғамдық мекемеден шіркеу мекемелеріне дейін болады.
Германияның арнайы білім беру жүйесі Батыс елдерінің арнайы білім беру жүйесі секілді күрделі үрдістерге ұшыраған жоқ. Қазіргі таңда Германияда арнайы мектептің 8 түрі қызмет жасайды:

  • церебральды параличы бар балаларға арналған;

  • оқу үлгерімі төмен балаларға арналған;

  • ақыл-ойы кем балаларға арналған (бұл екі типтегі мектеп белгілі деңгейдегі оқу жоспары және сынып бойынша дифференциацияланбайды: 1-2, 3-4, 5-6 сыныптар біріктірілген);

  • күрделі ауытқушылығы бар балалар үшін ( бұл біз ойлағандай күрделі ауытқушылығы бар балалар емес, олар зияты қалыпты деңгейде дамыған, бірақ әлеуметтік бейімдеуі күрделі және мінез-ұқлқында қиындығы бар балалар болуы мүмкін);

  • көрмейтін балаларға арналған ( бұл жалғыз интеграцияланған түр);

  • емхана-мектеп ( егер бала емханада үш аптадан артық жатса, онда оқыту емханада жүргізіледі. Мұғалім - қаланың мектеп басқарушыларымен жіберіледі);

  • дарынды балаларға арналған.

Оқу үлгерімі төмен және ақыл-ойы кем балаларға арналған мектептен басқа барлық мектептер аттестат алуға және мектеп бітіргеннен кейін білімін жалғастыруға бағытталған жалпы білім беру бағдарламасы мен бөлек сыныптар бойынша жұмыс жасайды. Дегенімен, бұл бағдарламалар оқушының мүмкіндігіне қарай бейімделген.
Аутист балалар ақыл-ойы кем немесе оқу үлгерімі төмен балаларға арналған мектептерге жіберіледі. Аутист балаларды оқытуда арнайы көмекшінің қызметіне жүгінеді. Мысалы, инклюзивті білім беру бағытты бойынша жұмыс жасайтын Дюсельдорф балабақшасында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар білім алады. Әр топта – 15 баладан, оның 5- мүмкіндігі шектеулі балалар. Оның ішінде психалық дамуы тежелген балалар, қабылдауы, көру қабілеті зақымдалған, ақыл-ойы кем, аутист және басқа елді мекендердің балалары (тілдік интеграция).
Әр топтың құрамына байланысты әлеуметтік педагог пен дефектолог, тәрбиеші және және 2 практикант жұмыс жасайды.
Мұғалімдер қауымының ұраны «Оны жүзеге асыру үшін қолдау көрсет». Түзету жұмысының негізгі тұғыры - жағдаятты – бағытталған. Жағдаятты-бағытталған ең алғаш рет 1967 жылы пайда болды және ол бас миының зерттеуге бағытталған. Біріктіріп оқыту үшін баланың өсіп жатқан ортасына сүйене отырып, жұмыс бағытын негіздеу қажет (екі әпкелі-сіңілі қыздар ең озық біріктірілген сыныпта білім алады). Балабақша күрделі ауытқушылығы бар балаларды қабылдауға міндетті. Әр балаға арналған іс-шаралар жоспары:

  1. Диагностика.

  2. Бала денсаулық жағдайы сипатталған.

  3. Дамудың жеке бағдарламаларын құру.

Әр баламен жеке жұмыс жасайды: логопед, моториканы дамытатың терапевт, сөйлеу тілін дамытатын педагог және психолог. Біріктіріп оқытатын балабақшадан басқа арнайы балабақшалар бар: 8 балаға 3 қызмет көрсететін қызметкерлер.
Балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу қатаң тәртіптегі ережелер жоқ: балаға міндетті түрде меңгертпейді, керсінше, өз әрекетіне сүйсінетін және қызықты жағдаят ретінде есте сақтайтындай бірте-бірте іске асырылады. Көбінесе дін мен салт-дәстүрге көңіл бөлінген.
Инклюзивті білім беру мекемелеріне ауытқушылығының жеңіл түрі және ата-ананың келісімімен, оған қоса бала мүмкіндігіне сәйкес жағдайларды құру арқылы іске асады. Солтүстік Вестфалиде 3 инклюзивті мектеп бар және оған баланың қалауымен барлық бала қабылданады.
Мектепке қабылдануы үшін:

  • Балабақшадан мінездеме.

  • Екі мұғалімнің бақылауы: бастауыш және арнайы мектеп. Олар бірігіп «Баланың дамуы туралы есеп» береді.

  • Эмоцияның, моториканың, әлеуметтік, зиятынын дамуына әртүрлі жағдаятта (үйде, мектепте, балабақшада) тесттер жүргізіледі.

Барлық қорытындылар дәрігерлерге жіберіледі. Кейінен барлық құжаттар, оған қоса дәрігер қорытындысы баланың нақты мектепке бағыттайтын мектеп басқарушыларына жіберіледі.
Ата-аналар бас тартуға құқылы, бірақ бала қайтадан диагностикадан өтеді.
Ата-аналар өз балаларына – интеграциялық немесе арнайы мектепті таңдауға құқылы. Арнайы мектепте білім алу міндетті емес. Баланың өз мектебінде қандай құзыреттілікті меңгеру қажет туралы әр мектептің ережелері бар. Бағдарлама даму кезеңдеріне байланысты анықталады: бірінші саты 2 жастан 4 жасқа дейін.
Кезеңдер:

  • алғашқы саты (6-8 жас)

  • төменгі саты (8-12 жас)

  • орта (12-14/16 жас)

  • жоғары саты (18 жасқа дейін) - барлық балалар бұл сатыда оқымайды

  • кәсіби мектеп (18жастан жоғары).

Ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектепте пәндік сабақтар жоқ, оқу үрдісі интеграциялық сынып ретінде құрылған. Оның мақсаты: барлық балалар әлеуметтік және басқа да алуантүрлі құзыреттіліктерді меңгеру қажет. Бұл мектепте оқыту үрдісі жоспарланған білім беруді меңгеруге емес, әлеуметтендіруге бағытталған. Сабақта санауға, дүкенге баруды жоспарлауға үйретеді. Нақты сызбамен жүргізіледі: айтуға-көрсетуге-қайталауға-ойнауға- өмірде әрекет жасауға.
Инклюзивті сыныптарға аптасына 4 сағатқа арнайы педагогты алады: 2 сағат баланы оқытуға, 2 сағаты мұғалімге кеңес беруге бөлінеді. Бұл мектепте мұғалімнен басқа, дәрігер, психолог, күтім көрсететін қызметкерлер жұмыс жасайды. Бірақ кез келген мұғалім қандай жағдайда болмасын көмек көрсете алуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет