Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет9/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Дәріс 5
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру жағдайы және инклюзивті білім берудің дамуы
Жоспар:
1.Халықаралық құқықтық актілер мен заңдар
2.Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы мен мәселелері
3. Г.А.Абаева арнайы білім беру жүйесінде инклюзивті білім берудің дамуын талдау жолдары
Кез келген мемлекетте арнайы білім беру жүйесінің дамуы қоғамның мәдени нормалары мен құндылық бағыттарының негізінде жүзеге асырылады. Демек арнайы білім беру жүйесінің даму кезеңдері әр мемлекеттің және қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты. Дамуында ауытқуы бар тұлғаға қоғамның қатынасы бірнеше факторлармен анықталады, оның ішіндегі негізгі факторлардың бірі – саяси әлеуметтік экономикалық, сонымен қатар халықтың философиялық көзқарасы, діни адамгершілік деңгейі болып табылады.
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).
«Қазақстан Республикасының балалар құқығы» туралы заңы ҚР-ның Конституциясында қарастырылған баланың қызығушылығы мен негізгі құқықтарын жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Заңға сәйкес барлық балалар шығу тегі, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, діни қатынасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық күйіне және басқа да жағдаятарға қарамастан тең құқыққа ие.
Әрбір бала денсаулықты сақтауға, мемлекет ҚР-ның заңына сәйкес ақысыз медициналық көмек көрсетуге кепілдік береді. Әр бала білім алуға құқылы, орта жалпы, бастапқы кәсіби білім мен конкурстан өту негізінде ақысыз орта және жоғары кәсіби білім алуға кепілдік беріледі.
Қазақстанда біріктіріп оқыту тәжірибесімен инклюзивті білім беру процесі даму жолында. 2000 жылы Р.А.Сүлейменованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі «Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді енгізу қоғамның дайындық деңгейін анықтау және талдау үшін» арнайы зерттеу жүргізілген.
Сонымен қатар Р.А.Сулейменова, А.К.Жалмухамедованың «Законодательная база системы социальной и медико-педагогической поддержки детей с огрнаиченными возможностями» атты мақалада мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың шығармашылық және өндірістік мүмкіндіктері мен қабілеттерін іс-жүзіне асыруды, дербес дамуына арналған қажетті жағдайды және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңдарының негізгі ережелері мен заң тарауларындағы актілер көрсетілген. Соның бірі - арнайы педагогикалық амал-тәсілдерді және арнайы білім беруді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру стандартына сәйкес білім алуына кепілдік беретін мемлекеттен қосымша қаражаттар бөлінеді. Білім алу барысында әлеуметтік қорғауды қажет ететін балаларға мемлекет толығымен немесе жартылай қаражатпен қамтамасыз етеді.
Осының негізінде мүгедек-баланың құқығы:

  1. қоғамдық өмірге белсенді кіріктіруге, баланың ар-намысын қамтамасыз ететін жағдаяттарда мүгедек-баланың қалыпты деңгейде дамыған бала секілді толыққанды өмір сүруге құқығы бар;

  2. мүгедек-бала дене, ақыл-ой қабілеттілігіне сәйкес білім алуға, қызмет пен кәсіби біліктілікті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы;

  3. мүгедек-бала, сонымен қатар ақыл-ойы кем және дене дамуында ауытқушылығы бар балалар арнайы мектепке дейінгі мекмелерден медициналық-педагогикалық көмек алуға құқылы .

Қазіргі кезде барлық елдерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуы, еңбек ету мен әлеуметтік бейімделуі жалпы қоғамның және әр мемлекет тарапынан қарастырылатын мәселеге айналған. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру аспектілері арнайы білім беру ұйымдарында қажетті деңгейде қарастырылған. Ал мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы үлгідегі мектептерде оқыту мәселесі жаңадан зерттеліп жатқан күйде. Сондықтан елдер арасында осы тәжірибені алмасу қажеттілігі туындап, өзінің өзектілігін білдірді.
Қазақстан Республикасындағы арнайы педагогиканың болашақ бағыттарының бірі инклюзивті оқыту мәселелерін әзірлеу болып табылады. Осыған орай көптеген іс-шараларды жүзеге асырды. Оның әрқайсысына тоқтала өтейік.

  1. 1990 жылдың наурыз айында Тайланд елінің Жомтиен қаласында «Барлығына білім беру» атты бүкіл әлемдік конференция өтті. Бұл конференцияда «Барлығына білім беру» атты Дүние жүзілік Декларация қабылданды. Берілген құжат бойынша 1990-2000 жылдар аралығында барлығына білім беруді бағалау шаралар жүргізілуге тиіс. 1999 жылдың қыркүйегінде «Барлығына білім беруді бағалау» туралы ұлттық есеп дайындалған. Бұл құжатта Қазақстан республикасының білім беру жүйесінің даму беталысы, соңғы онжылғы нәтижелері көрсетілген.

  2. 1994 жылы «Барлығына білім беру» бағдарламасының мақсатына және Азиялық - Тынық мұхитының декадасының бағытына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдауға арналған Дүниежүзілік конференция Саламанка (Испания) қаласындағы Испания үкіметі және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру сапасын жоғарлату нақты жалпы білім алуға қосу қағидаларын қарастырылады.

  3. 2000 жылдың қаңтарында Бангкокта (Тайланд) болған «Барлығына білім беру» бойынша Аумақтық конференцияға Қазақстан делегациясы қатысып, «Барлығына білім беру» бойынша ұлттық есеп беруін ұсынды. 2000 жылы сәуір айында Қазақстан делегациясы білім беруі бойынша дүниежүзілік форумға қатысты, (Дакар, Сенгал). Форумда білім берудің жаңа әлемдік тенденцияларымен бағыттары анықталды.

  4. 2000 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің мамандары Ахмедабад (Үндістан) қаласында өткен «мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі білімдерін қолдау» атты ЮНЕСКО-ның жобасы бойынша семинарға қатысты. Жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу жолдарын іздесу, әзірлеу. Әлемдік тәжірибе де интеграция процесі заңды түрде бекітілген, арнайы кадрлармен қамтамасызданған.

  5. Жалпы білім беру Департаменті мен ЮНЕСКО арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында 2000 жылы «Ерекше қажеттіліктері бар балаларға базалық білім беруге көмек» атты Пилотты жоба жүзеге асырылды, орындаушы ӘЕОБ орталығы болды. Шетел тәжірибесі, білім беру үрдісінде қоғамның дайындығы мен қажеттілігі және мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу туралы зерттеулері жүзеге асты. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Р.А.Сүлейменова мен Г.Д.Хакимжанованың «Зарубежный и отечественный опыт включения детей со специальными нуждами в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения» кітабы жарық көрді. Сонымен, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан коррекциялық көмек көрсету жүйесінің негізін салушы Р.А.Сүлейменова болып табылады. Оның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім берудің оқу үрдісіне қосу. Дегенімен, ол кезеңде де, қазіргі уақытта да жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына білім беру қажеттілігі, арнайы кадрлармен қамтамасыздандыру, түзету-педагогикалық қолдау сапасы, қалалық және аудандық мектептер салыстыру туралы мәліметтері толық зерттеліп, талданбады.

  6. 2002 жылы САТР орталығының ұсынысымен құрылған ҚР-ның «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы қабылданды. Заңда «Барлығына арналған білім беру туралы Бүкіл әлемдік декларацияда» (1990 ж.); «Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру» Саламандық Декларация (1994 ж.) және т.б. көрсетілген білім беру саласындағы қазіргі уақыттағы халықаралық талаптар мен тенденциялар ескерілген. Бұл заңның қабылдануы ҚР-ның арнайы білім беру жүйесінің дамуына негіз болып, арнайы білім беру мекемелерінің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды. Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудің арнайы жағдаяттары қарастырылған:

  • жалпы кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеріс пен кәсіби диагностика жасау, оңалтудың жеке бағдарламасын құрастыру, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсету мен кәсіби еңбекке үйрету жолдарымен туғаннан бастап кәмелет жасқа келгенше көмек көрсетіледі;

  • мүміндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен Республика бойынша балалардың даму мониторингісін құру;

  • арнайы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызмет көрсету мекемелерінің дамуы;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға кіріктіру;

  • мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

  • мекемені ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемемен, кадрлармен қамтамасыз ету.

  1. Орта Азия елдерінің (Қырғыстан) білім жөніндегі 7-форумында инклюзивті білім беру бойынша Қазақстанның тәжірибесі қаралды. Біздің республикадағы инклюзивті білім берудің даму барысы халықаралық эксперименттер тарапынан оң бағалады.

  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға интеграцияланған білім беру процесінің ауқымдылығын және маңыздылығын ескере отырып Министрлік БҰҰ Юнисеф балалар қорымен бірлесіп 2009 жылы қараша айында Астана қаласында «Инклюзивті білім беру: білім беру саясатын іске асыруды жетілдіру» атты халықаралық конференция өткізілді.

  3. 2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерулерді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында, «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», Қазақстан Республикасында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында бекітілген.

Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болып, жүйелі шараларды ұйымдастыру қажет. Ол жанұяны жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардың әлеуметтік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлатуды және мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру, оқу мекемелерінде бала мүмкіндіктеріне сәйкес жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет. Біріктіріп оқытуды тәжірибеге енгізу педагогтардың, ата-аналардың және балалардың осы оқытуға көзқарастарын зерттеуді қажет етеді.
Осыған орай, Р.А.Сүлейменова мен Г.Д.Хакимжанова түрлі типтегі инклюзивті мекемелердің жүргізілген тәжірибесін талдау негізінде жұмыстарының ортақ тенденциясы мен қағидаларын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімдердің көбі үлкен мән беретіні:

  • түзете-дамыту мен оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру мен жоспарлау кезінде зиятының даму деңгейін, қажеттіліктерін және физиологиялық функцияларын бағалауына;

  • оңалту және оқыту бағдарламасын кешенді жүзеге асыруына;

  • бірлескен және қарым-қатынас жасауда, оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналар мен қалыпты деңгейдегі баланың қатысуы;

  • отбасына психологиялық қолдау көрсету;

  • жалпы білім беру үрдісіне тиімді енгізудің мониторингісі

Демек, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті мекемелер қызметтерін талдай отырып жалпы білім беру жүйесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу үрдісін дамыту және біріктіріп оқыту барысында түзету-педагогикалық қолдау көрсету тәжірибесі жүзеге асырылғанына көз жеткізуге болады. Р.А.Сүлейменова инклюзивті білім беру арқылы баланың толық қосылуын қамтамасыз ету үшін адамдарды бөлетін тосқауылдарды жою үшін ортақ білім беру жүйесінің дамуында және мемлекеттік саясатта өзгерістер болатының болжап көрсеткен. Дейтұрғанымен, инклюзивті білім беру жүйесі тек мектептегі білім алуды ғана қамтып қана қоймай, оған қоса күрделі ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтарында болу, үйде тәрбиеленетін балаларға бару және тағы сол сияқты жұмыс формалары бар. Инклюзивті білім беру түсінігі тек білім беру жүйесіне ғана емес сонымен қатар қоғамдағы адамның алатын орының анықтауға жаңа көзқарастардың туындауына септігін тигізеді.

Отандық арнайы білім беру қазіргі уақытта барлық мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамытудағы жетекші бағыттарына лайықты даму жолында. Ең негізгі беталыстарын қарастырсақ, олар - ерте жастан түзету педагогикалық қолдау көрсету мен кемтар балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды дұрыс ұйымдастыру. Бірақ сонымен бірге арнайы білім беру жүйесі өз дәстүрлі дамуын жалғастыруда, оның көрінісі арнайы білім беру ұйымдарының кеңеюі, жаңа педагогикалық технологиялардың еңуі, кемтар балаларға арналған көмектің кешенді сипаттқа ие болуы (медициналық, әлеуметтік, психологиялық, түзеу арқылы қолдау).


«Арнайы білім беру мекемелерінің қызметін ұйымдастыру ережесінде» арнайы мектептерге кеңес беру бөлімшелерін ашуға және сәйкес қызмет көрсетуге құқық беріледі, бұл өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін қолдау сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.
Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектіктің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші беталыс болып саналады.
1997-1999 жылы респуликада ең алғаш рет ӘБЕО орталығында «Основы теории раннего вмешательства в нарушенное развитие детей» тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл зерттеу жұмысында түзету-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру, дамуында ауытқушылықты ерте жастан анықтаудың нақты әдіснамасы мен технологиялар жағдайы талданды.
Отандық (Ерсарина А.К., Жалмухамедова А.К., Сулейменова Р.А. және т.б) және (Bloom A.S.,. Goerdt A., Walton G.M., .Bannister C.M., Разенкова Ю.А., Стребелева Е.А. және т.б) шет елдердің ғылыми зерттеушілері ауытқушылықты ерте жастан анықтау және түзету жұмыстарын жүргізу екінші ауытқушылықтың пайда болудың алдын-ала ескертуге, баланың әлеуметтік жеткіліксіздік деңгейін төмендетуге, сонымен қатар қоғамдық ортаға кіріктірілуіне септігін тигізетінін дәлелдеп көрсеткен [81-86].
Түзеу педагогиканың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жасаған жылдық есебінде 2008 жылы республикамызда 56 ПМПК қызмет етуде, бірақ бұл санда әлі күнге дейін жеткіліксіз. Қазір психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері белсенді барлық аудан орталықтарында ашылып жатыр, саны 113. Оңалту орталықтары да мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсету белсенді қызметін атқаруда, олардын саны 12-ге жетті. Республикалық ПМПК-ның мәліметтері бойынша 2003 жылы 120665 мүмкіндігі шектеулі балалар анықталған, 2007 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар көрсеткіші 154926 өсті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тек 15% ғана арнайы түзете білім алумен қамтылған, бұл көрсеткіш жалпы білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі баланың жалған біріктіріп оқыту үрдісінің ілгері дамуына әсер етті. Сонымен қатар кемтар баласы бар отбасымен жұмысты дамыту мәселелерімен әлеуметтік, денсаулық сақтау және педагогикалық мекемелер айналысып жатыр. Елімізде дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған 212 әлеуметтік көмек көрсету орталықтары бар. Республикада 0-18 жастағы балалардың 1:60 мың есебінен 55 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК), 98 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), 12 оңалту орталықтары (ОО), 223 логопедиялық пункттер ашылды. Арнайы білім беру саласындағы Республикада жүргізіліп жатқан іс-шаралар білім беру үрдісіне дамуында күрделі кемістіктері бар балаларды енгізу туралы мәселелерді шешуде көмектесуде жалпы білім беретін мектептерде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға түзете қолдау көрсететін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне негізгі жүк жүктеледі .
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңына сәйкес мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға білім алуға жағдай жасайды, даму кемістігін түзетеді және әлеуметтік бейімдейді. ҚР-ның «Білім беру туралы» заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері төмендегідей:
сапалы білім алуы үшін ҚР-ның азаматтарының барлығы тең құқылы;
әр азаматтың психикалық және дене дамуының жеке ерекшеліктері, интеллектуалды дамуын ескере отырып барлық деңгейдегі азаматтарға білім берудің қолжетімділігі;
білім беру арқылы адамның еркіндігі мен құқықтарын құрметтеу;
жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылығын дамыту .
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытудың тиімді түрін қамтамасыз ететін интегралды жағдайды, мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамытуда оның барлық типологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, регламентті білім беру үдерісін, балалардың қызығушылықтарын арттыратын және жетістіктерге ынталандырушы білім беру жүйесіне ауыстыруды қамтамасыз ететін арнайы білім беру жүйесін халықаралық нормаға сәйкестендіруді қажет етеді. Бұл жағдайдан шығуға нәтижеге негізделген білім беру (ННББ) жүйесіне көшу мүмкіндік туғызады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытудың үздік дәстүрлерін және арнайы білім беру мекемелерінің торын сақтай отырып, арнайы білім беру жүйесін дамытуға ННББ моделін негіз ретінде алған дұрыс. ННББ моделі инклюзивті білім беруді де дамытуға жағдай туғызады .
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы “Баршаға арналған білім” Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан “Баршаға арналған білім” атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады. Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың тағы бір дәлелі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама жобасының мақсаты – экономикалық өсім және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз етуіне білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту. Соның бірі мүмкіндігі шектеулі балаларды қолжетімді білімен қамтамасыз ету және оған қажетті шарттарды құрастыру.
Жалпы 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылады. 2015 жылға дейін желі 380-нен 540 бірлікке дейін өседі деп жоспарланған.
2020 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылатын балалардың саны барлық мектепке дейінгі жастағы балалардың 70 %-нан 100 %-ға дейін артады. Оның ішінде 2016 ж. 79,5 %, 2017 ж. – 85 %, 2018 ж. – 90 %, 2019 ж. – 95 %, 2020 ж. – 100 %.
Бұл міндет мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесін арттыру есебінен 5,7 % – 2011 ж, 6,1 %-ға дейін – 2015 ж. және 6,5 % – 2020 ж.
Бүгін 149000 мүмкіндігі шектеулі балалардың 39218-і немесе 15,7 % – мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнаулы балабақшада және 240 арнаулы топтарда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 10 мыңға жуық бала қамтылған, ол 24,5 %-ды ғана құрайды. Арнаулы түзету мектепке дейінгі ұйымдардың желісін сақтау және оларды арттыру мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнаулы балабақшалар ашылады. Арнаулы түзету мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Балабақшалар үлесі олардың жалпы санынан кедергісіз жағдай туғыза отырып 20 %-дан 2011 ж. 30%-ға дейін 2020 ж. артатын болады.
10 оқу бағдарламасы жаңартылатын болады, 30 оқу-әдістемелік кешен әзірленеді, оның ішінде 2016 ж. – 8, 2017 ж.– 8, 2018 ж. – 8, 2019 ж. – 8 , 2020 ж.– 8 бірлік;
үй жағдайларында баланы тәрбиелеуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету жөнінде ата-аналарға арналған 340 консультативтік пункт құрылады: 2016 ж. – 48, 2017 ж. – 58, 2018 ж. – 58, 2019 ж. – 58, 2020 ж. – 118 бірлік. Мүгедек балаларға арналған 830 мектепте көтерме құрылғылар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы аспаптар, арнайы парталар, үстелдер және т.б. арнайы компенсаторлық құралдар орнату арқылы “кедергісіз аймақ” құрылады .
Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытудың (біріктіріп оқыту, білім беру) құқықты базасын (орталығын) құруға арналған іс-шаралар тізбегі жүргізілді. Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы құрастырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен (ҚР БҒМ) бекітілген бірнеше нормативті құжаттар:
оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру ережесі;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру ережесі;
логопедиялық пункттердің қызметін ұйымдастыру ережесі.
Білім және ғылым министрлігінің №02-5/1067 бұйрығы бойынша Түзеу Педагогиканың ұлттық-ғылыми практикалық орталығы Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру жүйесіне енгізілген саны, арнайы және жалпы білім беру мектептеріндегі педагогикалық кадрлардың дайындық деңгейі мен мекемелердің құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілу күйін анықтаудың қорытынды мониторингісін ұсынды. Мониторингті жүргізу келесі компоненттер арқылы жүзеге асырылды:
Мектепке дейінгі және жалпы мектеп ұйымдарына кіріктірілген мүмкіндігі шектеулі балалардың саны;
Жалпы білім беру мекемелеріне кіріктірілген мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің саны немесе мүлдем қызмет көрсетілмеуі;
Білім беру мекемелерінде арнайы ұйымдастырылған дамытушы пәндер ортасы мен дене шынықтыруға қолжетімділігі, мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне балаларды жеткізуді ұйымдастырудың саны мен жоқтығы;
Жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын педагогикалық кадрлардың дайындығы;
Мекемені басқарушы құрамымен, мұғалімдермен, ата-аналармен, қалыпты деңгейдегі балалармен ағартушылық жұмыстардың күйі;
Арнайы және жалпы мекемелердің (орталық қорының саны) өзара қызмет жасауды ұйымдастырудың күйі;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің арнайы бағдарламалар және оқулықтармен, осы категориядағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуді, дамыту мен түзету жұмыстары бойынша арнайы ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілуі.
Мониторинг нәтижесі республикадағы инклюзивті білім беруді дамытудағы көптеген тосқауылдар кездесетінін анықтады. Республиканың білім беру басқармасының мәліметті бойынша 45722 мүмкіндігі шектеулі бала жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген.
Әр облыс және Астана мен Алматы қалалары бойынша жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар саны төменгі диаграммада көрсетілген.

Сызба 1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет