Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері



бет8/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Дания мемлекетінде инклюзивті білім берудің жемісті жүзеге асыруда жалпы білім беру жүйесінің мұғалімі, арнайы педагог (мұғалім-дефектолог) және мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасайтын ассистент (көмекші) қызметкерлер өзара тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуындағы ерекше қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы мұғалімге байланысты. Ал, оқушы қосымша көмекті арнайы педагогтан (мұғалім-дефектологтан) алады. Мұғалім-дефектолог және мұғалім күніне бірнеше сағат қызмет жасауға міндетті. Мысалы, әр баланың мүмкіндігіне қарай сабақ жоспарын құру және көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау және т.б.

  1. Жартылай (қысқа мерзімді) интеграциялау кезінде өз құрдастарымен теңдей білік пен дағдыларын меңгеруге қабілетті емес арнайы топтағы мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топтарға 1–2 баладан жарты күнге (мысалы, түстен кейінгі тәулікке) немесе жекеленген сабақтарға қатысады. Мұндай интеграцияның мәні – мүмкіндігі шектеулі бала мен қалыпты деңгейде дамыған балалардың қарым–қатынас жасауын кеңейту. Міндеті – балалармен түзету жұмыстарын жүргізу, ата-аналардың балалармен қарым-қатынас жасаудың педагогикалық технологияларын, отбасы жағдайында оларды тәрбиелеу мен оқытудың амалдары мен тәсілдерін үйрету және психотерапиялық түзету көмек көрсету. Коррекциялық көмек көрсетудің негізгі формасы – міндетті түрде ата-аналарының қатысуымен жеке және шағын топтармен (мүмкіндігінше демалыс күндері) жеке сабақтар өткізу. Ата-аналардың талаптары мен өтініші бойынша таңертеңгі және түскі уақыттарда топпен жұмыс жасау қарастырылады. Мұндай топтарды құруда психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл топқа әртүрлі себептермен арнайы (түзету) мектепке дейінгі және мектеп немесе жалпы мектепке дейінгі мекемеге бармайтын дамуында ауытқуы бар туылғаннан бастап 7-8 жасқа дейін қабылданады.

  • Уақытша интеграция – арнайы топтың тәрбиленушілері даму деңгейіне қарамастан қалыпты дамыған құрдастарының ортасына кіріктіріледі. Бұл тәрбиелеу шараларын өткізу мақсатында айына 2 рет біріктіріледі. Уақытша интеграцияның мәні – қалыпты дамыған құрдастарымен бастапқы қарым–қатынас жасау дағдыларын меңгерту болып табылады.

  • аралас топтар – қалыпты деңгейде дамитын балалармен (екі, үш) бірге мүмкіндігі шектеулі балалардың (ең кемінде үштен бір бөлігі) бір уақытта тәрбиеленеді және білім алады. Бірақ топтағы балалар саны 12–15 балаға қысқартылып, ал аралас топқа міндетті түрде тәрбиеші дефектолог болуы қажет. Аралас топ – дамуында ауытқушылығы бар балалардың ерте жастан, толыққанды әлеуметтік және білім беру ортасына енгізуге арнайы жағдайлар құру. Сонымен қатар бастапқы ауытқушылығы жоқ, бірақ білім алуында күрделі қиындықтары бар балалар арнайы мұғалімдердің көмегі мен қолдау көрсетуіне жүгіне алады.

Комбинировті мектепке дейінгі және мектеп ұйымындағы жалпы топтарда жалпы білімі бар тәрбиешілер мен мұғалімдер жұмыс жасайды, ал арнайы және аралас топтарда мұғалім–дефектолог қызмет жасайды. Арнайы топтағы мұғалім - дефектолог жалпы топтағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетеді. Комбинировті мекемелер баланы арнайы көмекпен қамтамасыз етеді және дамуында ауытқушылығына қарамастан әлеуметтік ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. Комбинировті типтегі мекемеде қалыпты деңгейдегі балалар өздерінен ерекшеленетін балалармен ерте жастан біріктіріледі, біртіндеп әлемде ерекше қолдау көрсетуге мұқтаж және олардың көмегін күтетін жандар бар екенін, оларды біртұтас адамдар қоғамын құрайтын түсінеді. Толық интеграциялау модель мүмкіндігі шектеулі баланың даму деңгейі қалыпты деңгейдегі баланың жас ерекшелік нормаға сәйкес және баланың өз құрдастарымен білім алуға психологиялық дайындығы болғанда ғана тиімді болмақ. Мұндай балалар бір-екеуден тұрғылықты жеріне байланысты жалпы балабақша мен мектепке біріктіріледі. Балалар коррекциялық көмек алуы қажет, ал мұғалімдеріне арнайы мұғалім-дефектологтардан әдістемелік көмек алуға мүмкіндік беріледі. Мұндай көмек ұйымдастырылуы мүмкін:
- бала (мысалы, тіл кемістігі бар балалар- мектепке дейінгі мекемедегі логопедиялық пункт) білім алатын жалы мектепке дейінгі немесе мектептерде;
- арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде қысқа мерзімде болуы;
- әртүрлі оңалту орталықтарында (мысалы, есту қабілеті зақымдалған балалар – денсаулық сақтау жүйесіндегі сурдолог кабинеті) .
Жоғарыда аталған әрбір интеграциялық модель әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Біздің пікірімізше, дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру шартында біріктіріп оқыту моделі ең өзекті мәселе болып табылады. Бұл модельді жүзеге асыруда келесі талаптар қойылады:

  • Баланың психологиялық және дене дамуының мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламаларының, арнайы дидактикалық, түзете-дамытушылық құралдармен қамтамасыз етілуі;

  • Сабақ барысында балаға көмек көрсететін «көмекші ассистент» тағайындау. Көмекші ассистент қызметін педагогикалық университет пен колледждің студенттері атқаруға болады. Мысалы, кешенді көмек көрсетуді талап ететін арнайы білім беру бағдарламасы бар тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға ассистенттің ерекше көмегіне мұқтаж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет