Қазақ халқының баланы жас кезеңдерге бөлу мәселесі Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында кендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: әр жас кезеңде баланың өз й ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңін топтастырып кетейік.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінді:
А) бесік жасынан (туғаннан 7 айға дейін Б) еңбектеу жасында (7айдан 12 айға дейін 1-ден 3 жасқа дейінгі кезді-бөбектер жасы дейді. Бұл көп баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнайбастау мезгілі, Бөбек өте мейірімді келеді. Мысалы, малдың төлдерін осы жастағылардың ұнататыны сондай, мысалы, қозының қасына келіп , үстінен сипап, не солардың даусын салып, еліктейді. Қыздар мен ұлдардың осы жастағы ойыны алдыңғы жастарға қарағанда қарапайым келеді. Қыз көбінесе ойын үстінде шешесіне, ұлы әкесінің жұмыстарына еліктейді.
3-тен 7-ге дейін сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты:қыздар көбіне қазан аяқ ұстап шешелеріне көмектесті. Ұлдар, бұзау не қозы бағып, тезек теріп оны түйеге артып әкелетін. Шөмеле тасу үшін түйеге мініп, не биелер мен түйелерді қайырып келетін-ді.
8-ден 11 жасқа дейін періште жасы психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі ғылым тұрғысынан жыл алда келетінін, елде мәдениет таралмай тұрған кезде әбден жақсы білінді.Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдет ғұрыптарды сақтау міндеттелінді. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соның кінә екені осы жастардан соң есептелінді. Қыздар шешесіне көмек көрсетуге тиіс болды, ұл балалар үй ішінен сыртқы жұмыстарға жегілді. Демек, осы жастағылар игілікті өндіруге қатысты. Дегенмен бұл жас әлі кішкентай болып есептелінді. Мәселен, біреудің үйіне қонақтар келсе, осы жастағы балалар солармен бірге дастархан басына отырғызылмайтын, тек шешесімен бірге ғана ас ішетін.
12 жастан 15 жасқа дейін бозбала кезеңі. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың недәуір есейіп қалған кезі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін, ұлдарды үлкендермен бірге табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес, үлкендермен бірге атқа мініп саяхат жасауға қосылатын.
15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кездегі бала өзінің ісін соған түгелдей арнады деп отырған жоқпыз, осы тек шамамен айтылып отыр.