Еңбекке деген қабілеттің әлсіздігі. Қиын тапсырма , жарыстардан қашу, өзінің жетілмегендігін және өмір бойы орташа болып жүретіндігін қатты сезіну, өте жуастық.
Ролдерді шатастыру. Имандылық пен дүниетанымдық нұсқауларды шатастыру. Еңбекке белсенділігін жоғалту. Қарым- қатынастан қашу.
Адмдардан оңашалану .
Адамдардан қашу,мінездің қиындығы.
Ауытқу, оқшаулану,көңіл күйіне әсер ету.
Тоқырау.
Өзін ойлаумен өту,жұмыстағы өнімсіздік, ерте мүгедек болу,
Түңілу.
Өмірдің босқа өткенін сезіну, өз-өзіне сенімді жоғалту,өмірден алғанын азсынып бұрынғыдан көбірек алға ұмтылу. Алжу .
|
Психикалық дамудың жас ерекшелік кезеңдері және оларға сипаттама
Жоспары:
1.Психикалық дамудың жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттама
2.Балалар жасын кезеңдерге топтастыру
3.Бала дамуының психоаналитикалық тұжырымдамасы
1.Психикалық дамудың жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттама
Жас кезеңдері - әрбір адамның дамуының қажетті стадиясы. Жас кезеңдері әр түрлі жастағы адамдардың даму және жетілу ерекшеліктеріне негізделген. Сондай-ақ, ол әлеуметтік немесе танымдық тәжірибенің қызметіне байланысты өзгеріп отырады.
Өмір циклінің басқа да көптеген сатылары, стадиясы бар. Герентологияда төмендегідей көптеген белестер мен баспалдақтарға, фазаларға бөледі (Б.Г.Ананьев, 1980).
1. Жастық шақ 12-17 жас
2. Ерте есею жасы 17-25 жас
3. Есейгендік 25-29 жас
4. Кеш жетілу 50-75 жас
5. Кәрілік 75 жас
Кейбір сатылық дамуда жас фазасы жыныстық күйге байланысты. Сондай-ақ, халықаралық симпозиумда қабылданған жас кезеңі төмендегідей:
1. Нәрестелік кезең
2. Бөбектік кезең (1-3 жас),
3. Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас),
4. Балалық шақтың екінші кезеңі (8-12 жас ұл бала үшін, 6, 8-10 жас
қыз бала үшін)
5. Ересек жас (13-16 жас ұл бала үшін 9-15 жас қыз бала үшін)
6. Жастық шақ (17-21 ерлер үшін, 16-20 жас қыз балалар үшін)
7. Орта кезең
* бірінші кезеңі (22-35 жас ерлер үшін, 21-35 әйелдер үшін),
* екінші кезең (36-60 жас ерлер үшін, 36-55 әйелдер үшін),
* қарт адамдар (61-75 ерлер үшін, 55 -75 әйелдер үшін),
Кәрілік кезең 74 - 90 әйел мен ер адам үшін ұзақ өмір сүрушілер 74-90
жас.
Достарыңызбен бөлісу: |