2.Балалар жасын кезеңдерге топтастыру
Атақты балалар психологы Д.Б.Эльконин балалар жасын төменгі үлгідегідей топтастыруды ұсынған болатын:
туғаннан мектеп бітіруге дейінгі аралықты алты кезеңге бөліп, екі принципті сақтау.
Кезеңдер
|
Жас шамасы
|
Негізгі (жетекші ) іс-әрекеттің түрі
|
Жаңадан пайда болатын құрылымдар
|
Нәрестелік
|
0-1
|
эмоционалдық қарым-қатынас
|
жадырау комплексі
|
Ерте сәбилік
|
1-3
|
заттық іс-әрекет
|
«сензитивтілік (тілдің шығуы)»
|
Мектеп жасына дейінгі кезең
|
3-7
|
рөлдік ойын
|
мотивациялық қажеттілік
|
Кіші мектеп жасы
|
7-11
|
оқу
|
интеллектуалды- танымдық қажеттілік
|
Жеткіншектік
|
11-15
|
құрбы –құрдастарымен қарым –қатынас
|
«ересектік» сезім
|
Жасөспірімдік
|
15-18
|
оқу
|
дүниетанымының қалыптасуы
|
3.Бала дамуының психоаналитикалық тұжырымдамасы
XXғасыр басында психоанализ бағыты пайда болды. З.Фрейд психология пәні ретінде бейсаналылықты сананың жасырын бөлігі деп есептеді.Психоанализ әдісінің негізі ретінде еркін ассоциация, жаңылу, түс көруді талдау есептелінді. З.Фрейд бойынша адам мінез-құлқының негізінде -оның балалық шағы жатады. Адамның қалыптасуы мен даму процесіндегі негізгі рөлді инстинкттер мен құштарлықтар атқарады.
Фрейдтің шәкірті А.Адлер әрбір тұлға мінез-құлқының негізінде сексуалды құштарлық емес, балалық шағында, яғни баланың ата-аналарынан, қоршаған ортаға тәуелділігі жоғары болған уақытта пайда болған өзіне -өзі қанағаттанбаушылық сезімі жатыр деп есептеген.
К.Хорнидің неофрейдтік тұжырымдамасында ішкі тұлғалық жанжалдар негізінде байқалатын әрбір адамға тән «негізгі мазалануда» мінез-құлық анықталады. Хорни әрбір адамның қажеттіліктері мен олардың қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарға мән береді.
К.Юнг тұжырымдамасы бойынша психика тек ерте балалық шақтың шиеленістерінің әсерінен ғана қалыптаспайды, ол сонымен бірге сонау ғасырлардан келген үлгілерден мұра болып келуі мүмкін. Сондықтан да бала психикасын зерттеу кезінде «ұжымдық бейсаналылық» ұғымын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |