биогенетикалық – негізінде жетілудің биологиялық процестері жатыр, ал дамудың басқа процестері еріксіз процестер ретінде қаралады;
социогенетикалық – басты назар әлеуметтену процесі мен өмір жолында қоғам талаптарына аударылады;
психогенетикалық – негізінде психикалық процестер мен қызметтердің дамуы жатыр.
Қазіргі таңда психологияда осы көзқарастар шынайы күйде ұсталынбайды. Әдетте, баланың психикалық дамуында тұқымқуалаушылықтың пен ортаның мәні бірдей деседі. Сонымен қатар, әртүрлі теорияларда баланың психикалық дамуын анықтайтын фактордың негізгісін өз пікірлеріне қарай белгілейтін жайы бар. Сондықтан қазіргі заманда жас ерекшелік психологияға қарасты әрбір даму теориясының мазмұнын жеке қарастырғанды жөн көрдік.
1.Психикалық дамудың биогенетикалық заңдылықтары 2.Ана құрсағындағы баланың жүйке жүйесінің қалыптасуы 3.Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары
1.Психикалық дамудың биогенетикалық заңдылықтары Адам психикасының дамуын толығырақ ұғыну үшін төмендегі ұғымдарды білу қажет:
1.Филогенез - өмірдің пайда болуы, организм түрлерінің туындауы, олардың барлық биологиялық эволюциясының, яғни қарапайымдылардан бастап жалпы адамдардың дамуы.
2.Онтогенез- туғаннан басталып, өмірдің соңымен аяқталынатын адамның жеке дамуы.
Дамудың биогенетикалық теориялары баланың туа біткен қабілеттеріне бейімделген. Бұларға құлықтың қарапайым механикалық түсінік беру тенденциясы тән. Оның басты факторы – тұқымқуалаушылық деп тұжырымдайды. Дамып келе жатқан тұлғаның сапалық және сандық жақтары тұқымқуалаушылықпен түсіндіріледі, ал орта оны түзетуші болып табылады және тұқымқуалаушылықпен тығыз байланысады. Бұл ой Э.Геккель мен С.Холлдың «биогенетикалық заңында» айқын көрінеді. Бұл заңға сай онтогенез – филогенездің қысқартылған қайталауы. Филогенез дегенміз- психикалық дамудың тарихи қайталануы. Адам тұқымы құрсақта өмір сүру кезеңінде біржасушалы құбылыстан адамға дейінгі аралықтағы деңгейлердің бәрінен өтеді. Сол сияқты бала да адам тарихының негізгі деңгейлерінен өтеді: 1) жабайылық кезеңі; 2) саят кезеңі; 3) бағбаншылық кезеңі; 4) жер иеленушілік кезеңі; 5) сауда-өндірістік кезең – ақшаға, саудаға, айналымға деген қызығушылықтың оянуы.
Биогенетикалық концепцияның басқа нұсқасын неміс «конституциялық психологиясының» өкілдері жасаған. Э.Кречмер мен В.Йенш адамның физикалық типі мен оның дамуының ерекшеліктері арасында қандай да бір байланыс орнауы керек деседі. Э.Кречмердің пікірінше, егер барлық адамдарды ось бойына орналастырса, оның бір жағында циклоидті типтер (тез ашуланғыш, көңіл-күйі тұрақсыз), екінші жағында – шизоидті (басқалармен байланыс жасай алмайтын, эмоциялық тұрғыдан үнсіздікке бейім) тип тұрады. Жеткіншектік кезең циклоидті мінездің көріністерімен байланыстырылады, ал жасөспірімдік шақ өзіне-өзі талдау жасау қасиетімен «шизоидті» кезеңмен байланыстырылады. Осылайша, даму типі жас ерекшеліктік қасиеттердің тұлғаға әсер етуімен айқындалады.
Бала психикасының инстинктивті табиғаты психологияның этологиялық бағытында көрініс береді, мұнда адамның іс-қимылы туа біткен рефлекстердің тізбегі ретінде қарастырылады. Неміс ғалымы К.Лоренц адамның әрекетін жанды құбылыстардың барлығына тән әрекеттердің бір формасы ретінде қарайды. Оның пікірінше, адам өмірінің жануарлар өмірінен аса айырмашылығы жоқ және өмір құлықтың инстинктивті формаларының тізбегі болып танылады. Барлық жоғары сезімдер мен тек адамға тән құбылыстар – достық, махаббат, соғыс, көреалмаушылық, ұнату және басқаларды ол түрлердің сақталуы мен өмір сүруіне бағытталған туа біткен инстинкттердің көрінуі деп түсіндіреді. Биологиялық сипат осы теорияның басты құндылығы және түсіндірмелі принципі болып табылады.