Лабораториялық эксперимент (В.Вундт) және табиғи эксперимент (А.Ф.Лазурский). 100 жылдан астам уақыт бойында психологияда эксперименті әдісі қолданып келе жатыр. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеуші өзіне керекті психологиялық фактілерді алу мақсатында өзі белсенді түрде араласып, жасайды. Психологияда эксперимент табиғи және лабораториялық болып екіге бөлінеді.Табиғи экспериментті алғашқы ұсынған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский (1874-1917)болса, эксперименттің лабораториялық түрін ғылымға 1979 жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) енгізген болатын. Эксперимент түрлі құрал – жабдықтардың көмегімен арнайы лабораторияда өткізілуі тиіс. Эксперимент сондай-ақ констатациялық және қалыптастырушы болып бөлінеді. Зерттеудің бұл түрлері жас ерекшелігі психологияда кеңінен қолданылып келеді.
Қосалқы және қолданбалы әдістер Лонгитюдты бақылау зерттеушінің ұзақ уақыт бойында бақылауға мүмкіндік береді.
Лонгитюдты зерттеу-сол бір сыналушының дамуын ұзақ уақыт бойы зерттеу. Мысалы: психология тарихында А.Газелл 165 баланы 12 жыл бойы лонгитюдты бақылағаны туралы айтылған.
Бақылаудың өзін-өзі бақылау деп аталынатын түрі бар. Ол адамның не көретіні, нені сезетіні, қобалжуы, не істейтіндігі туралы сөздік есебі. Ол зерттеулішінің өзінің ішкі әлемін талдау, сезінулерін түсіну және өзінің іс-әрекетін бағалау үшін қолданылады.
Аталған әдістермен қатар жас ерекшелігі психологиясында егіздер әдісі, анкета, іс-әрекет нәтижелерін талдау , биографиялық әдістер елеулі орын алады.
Егіздер әдісі – адам психикасына орта мен тұқымқуалаушылық факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік беретін гомозиготты және гетерозиготты егіздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды зерттеу әдісі.
Анкеталау – зерттелінушінің биографиялық мәліметтерін, пікірін, өмірлік құндылықтарын, ұстанымдары мен жеке қасиеттерін айқындау әдісі.
Биографиялық әдіс – Жеке тұлғаның өмір жолын зерттеу, диагностикалау, коррекциялау мен болжамдау тәсілі.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында ықыласты сақтау керек.
Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды. Балалардың жазған шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, еңбек сабағында істелген заттары арқылы, зерттеу арқылы болады.
Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Жазба жауаптарға анализ жасалынады, содан соң статистикалық өңдеуден өткізіледі, одан кейін белгілі бір қорытынды жасалынады.