Жоспар: Жеке тұлғаны әлеуметтендіру



бет4/4
Дата10.05.2023
өлшемі252,79 Kb.
#91730
1   2   3   4
Байланысты:
Мадина 13 семинар

Ал студенттік жылдар – бұл келешек мамандарды кәсіби дайындау мерзімі ғана емес сондай-ақ, олардың жеке тұлға болып қалыптасу кезеңі. Жоғары оқу орындарының оқытушылары студенттер өмірінің осы кезеңінде олардың маман ретінде, азамат ретінде қалыптасуына, тәрбие алуында үлкен рөл атқаратындығын өте жауапты сезінуі қажет.

Жоғары оқу орындарындағы қазіргі әлеуметтік-мәдени орта білім беру кеңістігіндегі қатысушылардың қызметін жүзеге асыруға бейімделінген жағдайдың жиынтығы ретінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • тұлғалық мүмкіндіктердің ашылуына жағдай жасау; тұлғалық қызығушылықтарды, қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік туғызу; әлеуметтік өзгерістерге бейімделу үшін жағдай жасау;
  • мінез-құлық үлгілері мен құндылықтарды қалыптастырушы құрал ретінде болу;
  • мекеменің даму болашағын айқындау. Әрине, студентті таңдаған болашақ мамандығына икемдеу басты орында тұрғаны абзал. Ал, тәрбие мәселесі студенттің мамандығымен үйлесіп дамыса, олар тек бір-бірін толықтыра түседі. Соның негізінде «көзі ашық көкірегі ояу» азамат тәрбиелеуге ұмтылу қажет.

Әлеуметтік рөлдер жүйесі

  • Ал әлеуметтік рөлдер жүйесі шындығында жас адамдарды өмірге, қоғамға және еңбекке баулиды. Атап айтқанда бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып әсіресе маманның кәсіптік өнегелілігі, ал педагогтық өнегелілік негізгі, тұжырымдамалық ілімнің бір мәртебесіне ие болып, жоғары оқу орындарының тәрбиелік қызметінің жиынтығында өз орнын иеленуі тиіс. Педагогтық өнегелілік – рухани-құлықтық пен құндылықтар жүйесі негізінде қалыптасады.

білім беруде оқытушылардың бойында болуға тиісті келесі басты элементтерді де атап өткен жөн:

  • кәсіптік абырой мен қадір-қасиет;
  • студенттердің жеке басын қадірлеу;
  • студенттерге қатысты бірыңғай тілектестік қарым-қатынастар;
  • студенттердің іс-әрекеттеріне әділ қарау;
  • педагогтық ізеттілік;
  • кәсіптік қызметтегі қиыншылықтарды жеңуге әрқашан әзір болу.

Қорытынды

  • Қорыта айтқанда жоғары мектеп білімі ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет