Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


РНҚ-лы вирустар үлкен топтан тұратын вирустар. Оларға 12 тұқымдастық кіреді



бет3/7
Дата19.12.2023
өлшемі2,19 Mb.
#140930
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Микробиология 5

РНҚ-лы вирустар үлкен топтан тұратын вирустар. Оларға 12 тұқымдастық кіреді


Picornaviridae
Enterovirus
Calicividae
Birnaviridae
Paramyxoviridae
Orthomyxoviridae
Rhabdoviridae
Bunyaviridae
Arenaviridae
Retroviridae
Reoviridae
Coronaviridae

Picornaviridae тұқымдастығындағы вирустар пішіні куб тәрізді, қарапайым вирус, вириондарының үлкендігі 20-30 нм болатын вирустар. Вирустар цитоплазмада өсіп-жетіледі. Туыстастықтары:


Enterovirus – ішкі ас қорыту жүйесінде болатын, адам энторовирустары, полиовирустар, ЕСНО, Коксаки вирустар жатады; Cardiovirus туысына
энцефаломиокардит, Менго вирустар жатады; Rhinovirus туысына ірі қара риновирустар жатады; Aphtovirus туысына аусыл ауруының вирусы жатады.
Calicividae тұқымдасы өте қарапайым вирустар, вирион мөлшері 20-30 нм, куб тәрізді. Сыртқы жағында ойықша келген ішке кіріп тұратын жерлері бар. Togaviridae тұқымдастығына вирустар күрделі вирустар. Туыстықтары: Alphavirus, Rubivirus, Restivirus, Flavivirus.

Birnaviridae тұқымдастығына жаңадан белгілі болған РНҚ бар вирустар жатады. Вирус куб тәрізді симметриялы, капсидінде 92 капсомер бар, вирион мөлшері 50-70 нм қарапайым вирус. Coronaviridae


тұқымдастығы олардың сыртында шығып тұратын тікенекшесі болады. Вирион мөлшері 80-130 нм, спиральге ұқсас симметриядан тұрады. Адам мен жануар
вирустарын қоздырады.
Paramyxoviridae тұқымдастығы күрделі вирус, вирион мөлшері 150-300 нм, пішіні спиральді
симметриялы. Вирустардың құрамында 5-7 дейін полипептид бар. Үш туыстыққа бөлінеді: Paramyxovirus туысына Ньюкасл ауруының вирусы, паротит, парагрипп вирустары жатады; Morbillivirus ет қоректілер, ірі қара обасының вирустары жатады; Pneumovirus туысы тыныс ауруларының вирусы.
Orthomyxoviridae тұқымдасына тұмау аруының вирустары жатады. Вирустары тыныс жолдарының кілгейлі қабығында өсіп-жетіледі. Олардың пішіні сфера, сопақша, спиральді симметриялы, вирион мөлшері 50-150 нм болатын вирус. Бұл вирустар өзгеріп отыратын сол себепті тұмаумен күресу
қыйын. Rhabdoviridae тұқымдасының
вирустарының пішіні оқ тәрізді , үлкендігі 130-180
нм болатын вирустар. Бұл омыртқалы және омыртқасыз, өсімдік вирустарының үлкен тобы.
Екі туыстығ бар: Vesiculovirus, Lissavirus.
Bunyaviridae үлкен тұқымдастық оған 250 түрлі
вирус жатады. Пішіндері сфера, спиральді
симметриялы, вирион мөлшері 90-100 нм күрделі
вирустар. Вирус геномы сақиналы үзілмелі. Bunyavirus туысына 150-ге жуық вирус бар; Phlebovirus туысына шіркей безгек ауруының вирусы; Nairovirus Қырымда пайда болған безгек, Найроби ауруының вирусы; Uukuvirus туысына Укуниеми вирусы жатады.
Arenaviridae тұқымдасына жататын вирустардың ішкі жағында құм тәрізді түйіршіктер бар. Вириондардың пішіні әр түрлі, вирион мөлшері 50-60 нм. Белгілі бір аумақта ғана тарайтын аса қауіпті жұқпалы аурулар таралады. Оған хориоменингит вирусы, безгек
ауруының, Ласса, Парана, Пичинде вирустары жатады.
Retroviridae тұқымдасына жататын вирустар сфера
пішінді, спираль тәрізді симметрия, үлкендігі 80-100 нм. Вирустардың көбеюі генетикалық хабар РНҚ-тан ДНҚ- ға қарай жүреді.
Reoviridae тұқымдастығына вирион мөлшері 70 нм,
спиральді симметриялы. Реовирустар геномының
ерекшелігі РНҚ-лы екі жіптен және 10-12 бөліктен,
геномы теріс жіпті РНҚ-нан тұрады.
Реовирусттардың туыстастығы: Reovirus туысына
адам, маймыл, ит, құыс реовирустар жатады; Orbivirus туысына омыртқалылар вирустары жатады; Rotavirus туысына жаңа туған бала мен мал диарея вирустары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет