Pithovirus sibericum деп аталатын вирустың пайда
болуы шамамен 30 мың жылға жуықтайды. Вирустың
ұзындығы 1,5, ал ені 0,5 микрометрге дейін жеткен.
Жаңадан табылған питровирустың тағы бір
ерекшелігі оның бойында генетикалық
материалдардың көптігінде, яғни 500-ге жуық геннің бары екені анықталып отыр. Pithovirus sibericum вирусының адам үшін де, жануарлар үшін де қауіпті емес. Ол вирус тек тірі амеба клеткаларына ғана жұғады.
Нуклеин қышқылының түріне
Вирионның мөлшеріне, құрылысының типіне, капсомер санына
Суперкапсидтің болуына
Нуклеин қышқылының құрылысына және
геном стратегиясына
Патогенділік және берілу, экология
Нуклиен қышқылының түріне қарай екіге жіктеледі:
ДНҚ
(дезоксорибонуклеин қышқылы)
РНҚ (рибонуклеин қышқылы)
Құрамында ДНҚ кіретін вирустардың генетикалық материалы ретінде ДНҚ
қызмет етеді. Вирустардың барлық белоктары туралы ақпарат ДНҚ-да кодталған.
Құрамында РНҚ болатын вирустарда ДНҚ жоқ.
Бұлардың генетикалық
ақпараты РНҚ-да сақталады.
Бір жіпшелі РНҚ-сы бар вирустар 2 топқа
жіктеледі. Бірінші топқа РНҚ-сы информациялық функциясын атқаратын вирустар жатады.
Д.Балтимор 1971 жылы мұндай РНҚ-ны + таңбамен белгілеуді ұсынған. Мұндай вирустарды плюс жіпшелі немесе позитивті геномды вирустар деп атайтын болды. Екінші топқа минус жіпшелі
немесе негативті геномды вирустар жатады.
Мұндай вирустардың РНҚ-сы информациялық функциясын атқармайды. Бірақ мұндай вирустарда транскриптаза ферменті болады, оның көмегімен и- РНҚ клетка иесінде синтезделеді. Минус жіпшелі РНҚ плюс жіпшелі РНҚ-дан айырмашылығы оның инфекциялық қасиеті жоқ. Плюс жіпшелі РНҚ-ның шетінде ерекше құрылымы бар.