Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы,
желтоқсан айының ортасында
орталық Қытайда орналасқан Хубэй
провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз пневмонияға шалдыққаны анықталған кезден басталды.
Осыдан кейін Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады — SARS-CoV-2. Оның генетикалық құрылымы ауыр жіті респираторлы синдромды (атипті пневмония деген атаумен танымал)
қоздыратын SARS-CoV вирусына 70% ұқсайтыны белгілі болды. Осылайша олар карта құрып, жаңа вирустың генетикалық құрылымын анықтады.
Клиникалық белгілері COVID-19-дың ең жиі тараған
белгілеріне дене қызуының жоғарылауы, құрғақ
жөтел және шаршағыштық жатады. Сирек белгілеріне
буын мен бұлшықеттердегі ауру сезімі, мұрынның бітуі, бас ауруы, конъюнктивит, тамақтың ауруы,
диарея, иіс және дәм сезудің жоғалуы, саусақтар мен бармақтар терісінің түсінің өзгеруі мен бөртпелерді жатқызуға болады. Бұл белгілер біртіндеп дамиды және айқын болмайды. Кейбір инфицирленген
адамдарда ауру жеңіл клиникалық белгілермен өтеді.
2015 жылы француз ғалымдары Жан-Мишел Клаври мен Шанталь Абергель Сібір мұздығынан тапқан жаңа вирус тапқан. Бұл вирустың өмір сүргеніне отыз мың жылдан асқан. Зертханаға алып келіп зерттеу жасаған ғалымдар аталған вирустың адам
ағзасына аса қауіпті екенін анықтаған. Тоқсаныншы жылдары орыстың солтүстік өңіріне жүргізілген зерттеу нәтижесінде ғана ғасыр бойы тығылып
жатқан Mimivirus пайда болғаны жарияланды.
Мимивирустардың қарапайым бактерия мен
виурстан айырмашылығын ғалымдар былай түсіндіреді: ең жұқпалы әрі ем жоқ дерт ЖИТС-тің
вирусы 9 гендік клеткадан тұратын болса, мимивирус 1200 геннен тұрады. Бұл тіпті емі түгілі, ол аурудың қандай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты екенін айтады.
Франция мен ресей ғалымдары Чукоткадағы Колыма өзенінің табанынан көне вирусты тапты. 30 метр тереңдіктен табылған алып вирус өзен табанындағы мәңгілік мұздықта сақталған. Ғалымдардың сөзіне
қарағанда, жаңадан табылған бұл вирус жер бетінде
табылған ең алып вирус болып табылады екен.