Қазіргі таңда құс еті мен жұмыртқа өнімдеріне деген сұраныс едәуір артып отыр. Осыған орай құс шаруашылығы фермасын қалай ашу жөнінде ұсыныс қарастырмақпын.
Ел нарығында шетелдік құс өнімдерінің басымдығы бірте-бірте бәсеңдеп барады. Уақыт өткен сайын сатып алушылар көбінесе отандық өнімдерді сатып алғанды жөн деп санайды. Сондықтан, нарыққа өз өнімдеріңізді шығару арқылы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға баса көңіл бөлген жөн.
Өзіңіздің құс фермаңызды ашу үшін бірқатар шарттарды орындау қажет болады. Осы ұсыныста шаруашылықты ашудың әрбір қадамы баяндалады, аталмыш жоспар барлық стандарттар мен нормаларға жауап береді. Сол себепті, осы ұсынысты басшылыққа алсаңыз болады, ал ондағы барлық нюанстарды ұстанып отыруды өзіңіз айқындап алуыңыз қажет.
Жер учаскесі. Мұнда өзіңіз өндіретін өнімнің түрін айқындап алу қажет. Мәселен, тауарлы өндірісті қалаға жақын жерден ашқан жөн, ал асыл тұқымды шаруашылықты қаладан шалғай жерден ашу қажет. Тауарлы өндірістің жақындығы тауарды жеткізуге кететін шығыстарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Қажетті аумақтың мөлшері де өсіру технологиясына, яғни құстарды табиғи ортада бағуға немесе құрама жеммен өсіруге байланысты болады. Алғашқы жағдайда қажетті аумақтың мөлшері былай есептеледі: бір қазға 10 шаршы метр қажет болады.
Құрылыс. Қаз, үйрек және күркетауық аса күй талғамайтын құстар. Оларды ұстауға аз ғана шығын жұмсалатын үй-жай тұрғызуға болады. Ең бастысы, үй-жай жел соқпайтын әрі жылытылмайтын болуға тиіс. Қаз -10 С суыққа дейін оңай төзе алады. Ал балапандарды өсіру үшін құс қораның жылы болғаны шарт. Құс қораның көлемі құстардың санына да байланысты болады. Құс қораның 1 шаршы метрінде төрт қазға дейін, үш үйрекке дейін немесе екі күркетауыққа дейін өсіруге болады.
Құстарға арналған дайын астауларды, науаларды, ұяларды сатып алуға немесе жасап алуға болады. Ең бастысы, құстарға жем берген кезде олардың барлығы бір мезгілде келіп қоректене алатын болуы қажет.
Азық. Жаз – күз мезгілінде қаздарды жайылымда ұстап, тек кешке қарай оларға шамалы жем беріп отырса болады. Үйректер қорек талғамайды, Егер тоған болса тіптен жақсы, олар шөппен де, фитопланктондармен де қоректене береді. Бөденелерді тәулігіне 3 рет қоректендірсе жетіп жатыр. Бір бөденеге күніне 30 грамм құрама жем кетеді. Сондай-ақ ас үйдің қалдықтарымен: бидаймен, сүзбемен, көкшөппен де қоректендірсе болады. Құстарға міндетті түрде су беріп отыру қажет.
Қалдықсыз өндіріс. Егер сіз құстан алынатын бүкіл өнімді түгелдей өңдей алатын болсаңыз ғана, оларды өсіру сізге пайдалы болады. Құстардың еті мен жұмыртқасынан басқа, олардың мамығы, қауырсыны, саңғырығы болады. Қандай да бір тігін өндірісімен айналысатындармен құстардың мамығын өткізу жөнінде қарым-қатынас орнатқан жөн. Олардың саңғырығын кәдеге асырса, олар да кірістің бір көзі болмақ. Бір жылда бір қаз 5 000 теңгенің саңғырығын береді.
Құс жүнін жұлуға арналған жабдық. Шағын фермалар өндірісінің дамуы құс жүнін қолмен жұлу мәселесі шыққан кезде айтарлықтай тежеліп қалады. Әр құстың жүнін жұлуға 2-3-сағат уақыт кетеді. Сондықтан, құс жүнін қолмен жұлуға кететін уақыт шығыны құс өндірісінің табысын едәуір төмендетеді. Ал арнайы жабдықтар тек ірі құс фабрикаларында ғана кездеседі. Сол себепті, облыста бір тәулікте 500құстың жүнін жұлып, өңдей алатын желі құру қажет. Ал шағын фермер қожалықтары осындай желінің қызметін пайдалана алатындай болуға тиіс. [10]