Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет6/35
Дата05.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар

Жоспар:


1. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
2. Педагогиканың шығуы және дамуы.
3. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
4. Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.


1. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүрішу, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, «Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «пайс» - балалар және «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика – бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде. Сондықтан «педагогика – бала тәрбиесі жайындағы ғылым», - деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика – жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процессі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға «болмыс», «материя», «қозғалыс»; саяси экономияда – «қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада – «тәрбие», «білім беру», «оқыту» жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие.
Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процессі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. «Тәрбие» терминін тар мағынада «Тәрбиеші тәрбиеледі», кең мағында «Өмір тәрбиеледі» деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды аңықтауда зор мәні бар.
Тәрбие – тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетиқалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамнын алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие – педагогиқалық кең мағынада қоғамнынң арнайы бөлінген адамдары – мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әдіс-тәсідерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келкді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогиқалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігімен ойланып, белсенді іс-әректе жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру – табиғат пен қоғам жайнда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш өнгізген И. Песталоцци.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Ал адамның білім алуы көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның «жетілуі», «даму», «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процессі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат кездеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінезқұлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәулді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
2. Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасыр) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына «о дүниелік өмірге» дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт «гуманизм» деп атылды (Ф. Рабле, Т. Мор, Т. Кампанелла). Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.
Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) «Ұлы дидактика» еңбегімен беки түсті.
Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) «Тәрбие туралы ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы «таза тақтаға» теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (1712-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И. Песталоцци «Линград и Гертруда» деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.
Ресейде революциялық-демократияшыл ойдың негізін салушылар:
А.Н. Радищев, В.Г. Белинский, А.Н. Герцен; XIX ғасырдың 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов; XIX ғасырдың екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н.И. Пирогов, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, т.б. болды.
Н.К. Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н.К. Крупскаяның айрықша көңіл бөлген мәселеленің бірі – оқыту теориясы. Сонымен қатар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.
Көрнекті кеңес педагогі Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері», «педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар». Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады.
Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа қабілеттерінің «Павлыш орта мектебі», «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлыма хат», т.б. құнды еңбектері арқылы В.А. Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді ұуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. «Тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді»,-деді Шоқан.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу қуралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси-әулеметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады.
Ы. Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.
Торғайда – қолөнер, Қостанайда – ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда – қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра қалдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
А. Байтұрсынов «Қазақ» газетіндегі (1914ж) «Мектеп керектері»,-деген мақаласында: «Ең әуел мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс – ол я артық, я кем шықпақшы» - деп оқытудың дидактикалық принцептерін тұрғыда белгілеп берді.
А. Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастаушы болды.
Міржақып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А. Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдармалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуіне ерекше мән берген педагогтардың бірі.
М. Дулатовтың «Есеп құралын» (1912 ж) қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, негізін қалауға қатысқан педагог – Нәзипа Құлжанова (1887-1934). Оның «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу» атты педагогикалық жинақ-нұсқау кітабы 1924 жылы жарық көрді.
Раиса Григорьевна Лемберг (1888-1975) педагог, ғалым. Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор, ленинград университетін бітірген. «Политехникалық оқу мәселелері» деген т.б. еңбектер жазды. 1938 жылдан бастап Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына жұмыс істеді. Осы кезден бастап дидактикамен жете шұғылданды. Осыған байланытсы «Сабақ құрылысының мәселелері» (1941), «Сабақта оқушылардың білімі мен іскерлігін жетілдіру» (1942), т.б. ірі еңбектері жарияланды. Лемберг мектептегі тәрбие мәселелеріне арналған бірнеше ғылыми еңбектер жазды.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. «Тәрбиеге жетекші», атты еңбегінде (1924 ж) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына терең үңілгендердің бірі – Мағжан Жұмабаев (1893-1938). Оның «Педагогика» атты еңбегі сол кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.
Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық көрді. Ол «Ес және есте сақтау мәселелері», «Ой мәселелері», «Дағдылану мәселелері» атты еңбегінде (1936 ж) шәкірт психологиясының жас және дара ерешеліктері жайлы сөз қозғайды, сол салада жүргізілген сараптамалық зерттеулердің нәтижесін оқырман назарына ұсынады.
Қазақтың белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтің (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. «Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы» (1962 ж) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы деректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді.
Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика мәселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі. Өзінің «педагогика мәселелері» (1940ж), - деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдері, баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қалыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады.
Қартбай Бержанов (1924-1976) – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогтка ғылымы XX ғасырдың екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.
3. Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика,т.б.
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика отбасы, балалар бақшасындағы, демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқуытуыдың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айқындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:
1. Педагогиканың жалпы негіздері.
2. Тәрбие теориясы.
3. Дидактика.
4. Мектептану (басқару теориясы).
Дидактика – педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері: оқыту процессінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайыдалу мәселелерін зерттеп, шешу.
Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын зерттейді.
Дефектология – педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология 4 салаға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау, мылқау және керең балаларға, тифлопедагогика – көру қабілеті нашар балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.
Пәндерді оқытудың әдістемесі оқыту және білім беру теориясы – жалпы дидактикаға сүйенеді.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланысты.





Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы





Философия – табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары, өмірді танып – білу жөніндегі көзқарас жүйесі.

Тәрбие адамды қалыптастырудағы тұқым қуалаушылық, орта, тәрбиенің рөлін зерттейді.



Психология – адам мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерді зерттейді




Физиология – бала ағзасының жоғары жүйке қызметі, қаң, тыныс алу, жүрек, тамыр жүйесінің физиологиясын білуі керек.

Жас ағзаның даму процессіндегі анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерді зерттейді.



Социология - әлеуметтік ортаның адамға ықпалы, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады.

жылу, жарық, ауа режимдері, мектеп оқу құралдарына талаптарды зерттейді.

Мектеп гигиенасы -



Этнография, археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, салтын зерттейді.



Кибернетика – бағдарлап оқыту теориясына сүйеніп, мектеп жұмысында оқыту мен бақылау машиналарын техникалық құралдарды пайдаланады.

құралдары пайданалады.


Философия – табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.


Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару заңының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің онын жаңа басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен акуысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудың негізінде жануарлар мен есімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселелерін тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалашылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас организмнің дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың деңсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың кезіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдинетін, тұрмысын зерттейді.
Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдаланады бастады.
Кибернетика – (грек сөзі) – басқару өнері. Кибернетика – жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика – күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зертеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
4. Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері. Педагогика – ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық оқиғаларды жалпылама түрде ғана «көшіре» салмайды, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.
Педагогика диалектикалық материалзмнің оқиғалармен өзара жалпы байланысы жөніндегі қағидасын қоғам өмірінің басқа да оқиғаларымен органикалық байланыста қарастырады.
Педагогика ғылымы – қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейді. Педагогика ізгілікті демократиялық тәрбиенің мәнін ашып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан-жақты жарасымды жетілген еңбекке негіздеуді, зерртеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылған.
Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Методология – дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы – ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында турған міндеттерге байланысты.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз – кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып өзіне тән әдістерін қолданады. «Даму» сөзі – философиянікі. Сондықтан, педагогикалық процестегі даму туралы айтқанда, осы процестің стратегиялық бағыты, қозғаушы күші қарама-қайшылықтар дейміз. Тәрбиедегі қарама-қайшылықтың негізі мазмұны – жеке тұлғаның тілегі, қажеттілгі мен оны жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Осы қарама-қайшылықты шешу жеке тұлғадағы сапалық өзгерістерге әкеледі. Қарама-қайшылық – дау-жанжал негізі. «Не нәрсеге үйрету керек?», «Қалай болу керек?» - деген сұраққа жауап береді.
Оқу-тәрбие процесінің қозғаушы күші – талап (қоғам, мұғалім, әкімшілік) пен оны тәрбиеленушінің орындау мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін алуан түрлі жағдайлар жасау педагогикалық процестің өзін жетілдіреді.
Дидактикада білімді меңгеру процесі танымның материалистік процесі негізінде құрылады. Материалистік философия ьаным түйсіктен басталады дейді. Таным заңы – нақты бақылаудан абстрактылық ойға, одан мәселеге өту. Жалпыға ортақ методология оқыту процесінің негізгі кезеңдері – қабылдау – ұғыну – бекітуді анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымының табысты түрде дамуы оның методологиясының дамуына тікелей тәуелді.
Теория түрінде дамитын педогогика ғылымы тәжірибеге қызмет етеді. Ғылыми ақпараттарды жинақтап, талдап, қорытындылап, нәтижелерін педагогикалық тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырады. Педагогикалық идеяларды тәжірибеге енгізудегі басты міндет – мектептің ғылыми білімдерді керек етуін, оған сұранысын қалыптастыру.
«Енгізу» - ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізу. Пеагогикалық идеялардың тәжірибеге тиімді ықпал ететінін көрсету:

  • Озат педагогикалық тәжірибені (Л.В. Занковтың бастауыш мектептегі дамыта оқыту тәжірибесін);

  • Оқыту әдістерін – шет тілін жеделдете оқыту тәжірибесін;

  • Ш.Х. Құрманалинаның ақпараттық қатынас технологиясын, т.б.;

  • Тәрбие жүйесін (А. Ысқақов, Қ. Нұрғалиев, Г. Кубраков тәрбие жүйелерін);

  • Оқыту және тәрбие технологияларын (И.П. Ивановтың ұжымдық шығармашылық ісі, П. Эрдниевтің модультық оқыту технологиясы, Н. Щуркованың тәрбиенің жаңа технологиялары);

  • Ішінара енгізу – П.И. Пидкасисытйдың өздік жұмыс түрлері туралы зерттеулері;

  • Оқыту түрлері – бағдарламалық оқыту, компьютерлік оқыту, мәселелі оқыту, ішінара ізденіс, алгоритм, т.б.

Педагогика – үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістеренің жүйесі қолданылады.



Бақылау әдісі

Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары

Зерттеу әдістері




Педагогикалық процестерді моделдеу


Ғылыми танымдық процесс бір-бірімен байланысты таным объектісі, сбъекті немесе педагог зерттеуші деген екі бөліктен турады.
Ғылым өз пәнін үнемі зерртеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтреді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістер (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
Педагогикалық бақылау.
Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді.
Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық – педагогикалық біліктіліктің көрсеткіш.
Л.Н. Толстой «Мұғалім баланы үнеми бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек», - деген.
Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.
Күрделі бақылау – зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.
Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.
Бақылау – еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі – зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. «Нақты пайымдау» ой елегінен өткізумен құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.
Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.
Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.
Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерртеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.
Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі – зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі – оқушылардың, үшіншісі – жекелеген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.
Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғиғылына байланысты.
Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.
Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.
Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.
Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар оқушыларды зерттеу. Объектілері – оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.
Педагогикалық құбылысты бөліп алып бақылау ғылыми жұмыстың міндетіне байланысты.
1. Алдымен бақылау объектілері бөлініп, бақылау арқылы түскен мәліметтерді хаттамаға жазуға болады. Күнделік, алдын-ала әзірленген кестелер қолданылады, оларға оқушылардың іс-қимылдары, т.б. жазылады. Бақылау материалдарын дәл жазылуы керек.
Ал педагогикалық процесс мүшелерінің іс-қимылдары туралы объективтік деректер беретін оларды үнтаспаға жасырын түрде жазу, фотоға түсіру, киноға түсіру. Арнайы дайындықты талап ететіні – киноға түсіру. Материалдарды бірнеше рет еске түсіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдар. Жасырын жазба кезінде зерттеуші әдеп сақтау керек. Сондықтан алыстан басқарылатын магнитофон қолданған жақсы. Бірақ қандай жағдайда да бақылау әдісі шектеулі мәлімет береді, сондықтан оны басқа әдістермен ұшастырған жақсы.
Оқушыларды мектеп бітірген соң бақылау, мұғалімдердің жұмысының сапасы туралы ақпарат береді.
Бақылауға болатындар:

Бақылау көмегімен іс-әрікет мотивтерімен, мәнді байланыстырады, ал ақыл-ой шамасын, сезім түрлерін білуге болмайды.
Көп уақытты, талдау жұмысын талап ететін ізденіс-бақылауы.
Сонымен, бақылау жұмысы зерттеу жұмысының тақырыбына сай жүргізіледі. Оның бағдарламасына объект, мақсаты, жоспары жазылады. Нәтижелері белгіленеді. Қорытынды пікірлердің дұрыстығына жету үшін басқа әдістерді де қолдану керек.
Эмоциялық алғырлығы, қайырымдылығы, тапқырлығы белгілі бір іске қабілеттілігі сияқты жеке қасиеттерімен көзге түскен оқушыларға бақылау жасау да мұғалімнің тәрбиелік ісіне қызықты материалдар береді.
Әрбір балаға мұқият назар аударып, бақылап отыру керектігін мұғалім естен шығармауы тиіс.
Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-аналарының мамандағы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізеді. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтын кезінде барлығын түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған жөн.
Жазуда байқалған оқиғаның іс жүзіндегі жақтары көрсетілуі қажет. Әрбір жазуда мына жайлар болуы тиіс: бала өзін көрсеткен кездегі жағдай тәрбиешінің және баланың іс-әрекетін сипаттау; баланың жасаған ісіне көзқарасы, айтқан сөздері немесе қимылдары.
Бақылаудың осы айтылған жақтары ешбір алдан ала белгіленген ережесіз, сол күйінде, оқиғаның болған кезіне қарай, жоғарыдағы екінші жазуда айтылғандай жазылуы тиіс. Күнделік дәптерге әрбір оқушы туралы жүйелі түрде жазып отыру керек.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін ескерулі керек етеді. Себебі, кейібр оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме бақылау және экспериментпен ұщтасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент – педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент – оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті – педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арамында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой – гипотеза деп аталады.
Кәлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэкспериметтерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алтын жаста бастап білім алуға көшті.
Ойдағы эксперимент – іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай – бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.
Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалрдың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампаз эксперимент дейді.
Мақсатына қарай эксперимент анықтаушы, тексеруші, нақтыландырушы деп бөлінеді. Озат және көпшілік тәжірибені зерттеу процесінде жасалған гипотеза тексеріледі. Жасампаз, өзгертуші эксперимент арқылы жақсы жағдайлар жасады. Зертханалық эксперимент жүргізу үшін бір немесе бірнеше оқушыны ұжымнан бөліп алу керек.
Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу-тәрбие, басқару жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді. Зертханалық экспериментарқылы зерттеуші өзінің гипотезасын алдын ала тексеру үшін жасанды жағдайлар жасайды. Ол рөлдік ойынға ұқсас, себебі тәжірибедегі керек модель тексеріліп, табиғи экспериментке енгізу үшін әзірленеді. Нәтижесінде эксперимент бағдарламасы жан-жақты түзетіліп, табиғи экспериментте қолдануға әзірленеді. Табиғи педагогикалық процестің нақты жағдайында жаңа үлгі бойынша тәрбие, білім беріледі.
Педагогикалық эксперименттің ережелері: оқушылардың денсаулығы мен дамуына оңтайлы ықпал етіп, олардың жан дүниесіне, өміріне зиянып тигізбеу.
Соңғы уақытта эксперимент ашық түрде өтіп, оқушылар, студенттер ізденіске қатысуда. Олардың пікірлері, ақыл-ойлары, сезімі эксперимент арқылы әдіс-тәсілдің сапасы, тиімділігі туралы құнды мәліметтер береді.
Экспериментті өткізу техникасы бойынша сыналушылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі – эксперимент тобы, екіншісі – бақылау тобы. Біріншісінде сыналушылар инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы тәрбиеленеді. Екіншісінде – дәстүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылады. Ғалымдар екі нәтижені қатар қойып, гипотезаны дәлелдеуге не жоққа шығаруға мүмкіндік алады. Мысалы, оқушылардың математиканы бағдарлама бойынша және ірілендірілген дидактикалық бірліктер арқылы меңгеруі салыстырылып, дәстүрліден артықшылығы анықталады.
Эксперименттен ажыратылмайтын бөлік – алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша оқушыларды бақылау. Соңғы уақытта бақылау үшін техникалық құралдар, атап айтсақ: дыбысты жазатын құралдар, киноға, фотоға түсіретін аппараттар, теледидардың жабық камералары, видеожазбалар жиі қолданылуда.
Зерттеу жұмысындағы өте маңызды, жауапты кезең жиналған мәліметтерді ғылыми тұрғыдан талдау, қорытындылау, мәндіні мәнсізден, заңдылықты кездейсоқтықтан ажырата білу, зерттеушінің ой-қорытындыларының объективтілігі. Азғантай мәліметтермен қорытындыны көп жасауға болмайды. Ол үшін эксперимент көптеген білім мекемелерінде жүру керек.
Эксперимент кезінде бақылау, әңгімелесу, сұхбат алу, сауалнама, бақылау жұмыстары жүргізіліп, тәрбие беретін жағдайлар жасалады. Эксперименттің тиімді өтуіне әсер ететін маңызды жағдайлар:

  • құбылыстың теориясын және тарихын мұқият талдау, тәжірибені зерттеп, ол өтетін жерді азайтып, міндеттерін белгілеу;

  • гипотезаны нақтылау, ондағы жаңалықты айту, өзгешелігін эксперимент арқылы дәлелдеу керек екенін айту;

  • эксперимент міндеттерін анық қою, өлшемдерін белгілеу;

  • эксперимент өтетін жерлерді белгілеу, дәлелсіз ұсыныстар тәжірибеге зиян.

Құбылыс жобаланып, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдіс, тәсілдері, мазмұны жасалады.
Мәселені шешуде тәжірибе жұмыстарының үлкен маңызы бар. Ол экспериментке қарағанда қатаң түрде жоспарланбайды және одан бұрын өткізіледі. Тәжірибе жұмысы кезінде оқу тәжірибесіндегі жаңа бағаттын әрбір қадамы тәжірибенің жетістіктерімен тексеріліп, осы процесті өзгерту туралы қорытындылар жасалады.
Эксперимент нәтижелерін көпшіліктің тәжірибесіне енгізу үшін оны басқа зерттеу әдістері көмегімен түзету керек.


Педагогиқалық эксперименттің жалпы логикасы:
1. Автор жаңа педагогиқалық жоба (әдіс, құрал, жүйе, үлгі, жағдай т.б.) жасайды.
2. Оңы тексеріп, тиімділігін аңықтау үшін бағдарлама жасайды.
3. Жаңа жобаның тиімділігін бағалайтын өлшемдер жасайды.
4. Тексерілетін уақытты белгілейді.
5. Эксперіментке керек базалар әзірлейді.
6. Тәжірбие жасауға керекті жағдайларды аңықтайды.
7. Белгіленген жоспарды жүзеге асырып, қорытындыларын дәлелдеу үшін тнрлі өлшемдер қолданылады.
Эксперимент арқылы дәлелденген іс-әрекет тәсілінің жақсы жақтары туралы дұрыс қорытынды жасау үшін қайтадан эксперимент өтеді. Қате ұсыныстары анықталады. Эксперимент бұл да бақылау, бірақ эксперимент жүргізуші өзі ұйымдастырып өзткізетін процесті бақылайды, оған араласады, дұрыс өтуіне жағдай жасайды. Эксперименталдық зерттулер тәжірибе жасауды талап етеді. Тәжірибе арқылы педагогикалық процеске әсер ететін жағдайлар жүйелі түоде өзгертіледі.
Педагогикалық эксперимнт оқыту, білім, тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын анықтауға көмектеседі.
Эксперимнт педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі. Осындай ғылымға сүйеніп жасалған, алдын ала айтылған ой – гипотеза деп аталады.
Эксперименттің ажырамайтын бөлігі – алдын ала жасалған бағдарлама бойынша бақылау. Соңғы уақытта бақылау үшін техникалық құралдар, дыбысты жасатын құралдар, киноға, фотоға түсіретін аппаратар, теледидардың жабық камералар, видеожазбалар жиі қолданылуда.
Зерттеу жұмысындағы өте маңызды, жауапты кезең – жиналған мәліметтерді ғылыми тұрғыдан талдау, қорытындылау. Мәндіні – мәнсізден, заңдылықты кездейсоқтықтан ажырыта білу керек. Зерттеушінің ой-қорытындылары объективтік болып, жиналған мәліметтерге сәйкес келу керек. Азғантай мәліметтерден көп қорытындыны жасауға болмайды. Ол үшін эксперимент бір неше білім мекемелерінде жүру керек.
Эксперимент кезінде бақылау, әңгімелесеу, сұхбат алу, сауалнама, бақылау жұмыстары жүргізіліп, тәрбие беретін жағдаяттар жасалады.
Эксперименттің кезеңдері:
I кезеңде зерттеуші өз пәні бойынша бұрын жазылған әдебиеттерге шолу жасап, қай тақырып бойынша озат тәжірибеден алынған оқу тәрбие үлгілері бар екенін анықтап, оларды қолданады, егер білім сапасы көтерілмесе, ондаоқушының қандай жеке тұлғалық сапаларын өзгерту керектігін анықтап, іс-шаралардың жоспарын жасайды.
II кезең Экспериментке дайындық
Бұл кезеңдегі зерттеушінің міндеттері:
1) Экспериментке қатысатын оқушылардың санын анықтау.
2) Эксперимент өтетін мектепті, сыныпты таңдап алу.
3) Эксперименттің кезеңдерін бегілеу.
4) Оқушылармен әңгімелесеу.
5) Сынып туралы пән мұғалімдерінің пікірін білу.
6) Жаңа әдістеменің жарамдылығын білу үшін зертханалық эксперимент өткізу.
7) Оқушылардың үлгерімінде және тәртібінде болған оң өзгерістерді айтуға негіз болатын өлшемдерді белгілеу.
III кезең Экспериментті өткізу
Эксперимент өтетін сынып оқушыларының бастапқы деңгейін білу үшін пән мұғалімінің сабағын бақылау, оқушылардың іс-әрекетін, реакцияларын күнделікке жазу, кемшіліктерін анықтау, өз қорытындыларының шындыққа сәйкестігі білу үшін мұғаліммен әңгімелесеу, мқғалімнен балалар туралы ақпарат алу, т.б. жұмыстар жүреді. Оқушылардың белгілі бір сапасын: зейінділігін, есте сақтау қабілетін: тәртібін, т.б. қалыптастыру үшін шаралар жүйесін жоспарлап, мұғалімдер семинарына қатысу, жаңа технологиялар бойынша сабақ беру, не тәрбиелік іс шара өткізу, оқушылардың білім деңгейлерін, тәртібін, сабаққа қатысын, т.б. бақылау өткізу.
IV кезең. Эксперименттің нәтижелері мен гипотезасын салыстыру.
Эксперимент оның нәтижелерін талдаумен аяқталады. Талдау кезінде гипотезаның дұрыс және қате жерлері айтылады. Ол үшін зерттеуші өзінің жетістігін эксперименттің басындағы оқушылардың деңгеймен салыстырады. Егер нәтиже бұрындығыдан да төмендесе, онда эксперименттің пайдасының жоқ болғаны. Ал оқушылардың 80-90 пайызының деңгейі жоғары болса, онда эксперименттің пайдасы бар.
Оқушылардың кемшілігінің 10-20 пайызын жеке жұмыстар арқылы жоюға болады.
Экспериментке кеткен уақыт рұқсат етілген нормаларға сәйкес болса, онда эксперимент дұрыс. Нәтижелерді талдаудың маңызды элементі – ғылымға, тәжірибеге кеңес беріп, қорытындыларды қай жерлерде қолдануға болатындығын айту.
Әрбір эксперименттің мақсаты – зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі – мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми-зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді. Бірақ, эксперименттің барысында ғылыми материалдары толықтырып жинақтау үшін бақылау, әңгіме, құжаттармен танысу сияқты зерттеу әдістері де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық құралдардың да кеңінен пайдаланылған жөн.
Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Архив мәліметтері, сынып журналдары, оқушыны күнделіктері, сыныптық оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамлар мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері мен кемшіліктеріп ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысы зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әртүрлі тақырыптарға жазылған баяндалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Кибернетикалық және математикалық әдістері педагогикалық зерттеулерге енгізу. Бұл әдістер әр түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл үшін әр түрлі көрсеткіштерді, мысалы, оқушының сабаққа қатысуын, алған бағаларын, мектепке таза, жинақты жүруін, т.б. белгілі уақыт ішінде қалай өзгеруін тіркеу, тәртіпке келтіру немесе реттендіру, яғни, бөліп отыру жүйелі жүргізіледі.
Педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу жасау үшін қажет.
Педагогикалық процестерді үлгілеу. Үлгілеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірбиені қорытуға, қарапайым жинап сипаттауға және аоғаш рет өңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зерттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары – педагогикалық зерттеудің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы. Үздіксіз, бір ізді, мақсатты түрде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықтар, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы әдістемелік құралдар, оқулықтар жасау арқылы, арнайы әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстар арқылы мектептің озат тәжірбиесімен дәлелденіп, тиімділігі жан-жақты айқындалған зерттеулердің кепілі болуы керек.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін білу әрбір шығармашылық жұмыс істейтін мұғалімге қажет. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірбиені, ғылыми теориялық тұжырымдамаларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы байқаудан өткізіп, тексеріп, оның нәтижелерін шығару тиімділігін көрсету, педагогикалық ынтыматастық идеясын жүзеге асыру – қазіргі мектептің, педагогика ғылымының, әрбір мұғалімнің міндеті.
Педагогика міндеттері. Педагогиканың алдында тұрған міндеттерінің күрделілігі біздің қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан өзгеріс процесінен туындайды. Қоғамды түбегейлі қайта құру, экономика мен саяси жүйедегі жаңаша ойлау, хаклықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты шешіледі. Негізгі міндеттері:
1. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, рөлін көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
- Халық педагогикасы мұраларын зерттеу.
- Ұлттық тәлім-тәрбиенің өз ерекшеліктерін ескеру.
2. Оқыту мен тәлім-тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін дұрыс қолдана білу.
3. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оңтайландыру тиімді әдістерін ашу, ғылыми тәжірибелік мәнін көрсету.
4. педагогика ғылымындағы негізгі бағыттар, білім беру жүйесін, мектептегі оқу-тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивизуациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерін ашу.
5. Балалармен қарым-қатынас жасау мәдениетіне үйрену, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларып жете түсіну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет