5.Жаңа және басқа отбасы түрлері: •оралмандар отбасы;
•әскери отбасы;
•«жаңа қазақ» отбасы т.б.
6.Отбасындағы педагогикалық психологиялық ахуалға қарай: •жақсы отбасы;
•жағдайсыз отбасылар;
7. Отбасы әлеуметтік ортасына сай бірнеше түрге бөлінеді: •ауыл қазақтарының отбасы;
•қала қазақтарының отбасы.
жұмысшы отбасы;
•зиялы отбасы;
•космополит (шала қазақ) отбасылары.
Әр елдің отбасы түрлері туралы көрсеткіші 1. Нуклеарлы отбасы 2. Толық емес отбасы 3. Күрделі отбасы 4. Тұрмыс құрмаған бойдақтар (тұрмыс құру жасынан асып кеткендер) 5. Гомогамия (2010 жылғы статистика бойынша)
В.Сатир қазіргі кезде әлемде отбасының екі түрі бар деп есептейді.
Проблемалы отбасы
Жетілген отбасы
Жетілген отбасы: (В.Сатирк) қайталанбас өмір сарынымен тіршілік етеді. Жетілген отбасы сыйластық пен махаббат бірінші орында. Мұндай отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін тыңдауға, қуаныш пен реніштерін қол ұшын беруге дайын.
Проблемалы отбасы: (В.Сатирк) атмосфера ұрыс-керіс, қобалжу, мұңаю төңірегінде құрылады. Мұндай отбасы мүшелері тікелей кездесу мен қарым-қатынастардан қашып, жұмысқа терең беріледі.
Жағдайы жақсы отбасыларға: (Ю.П.Азаров) - балаларды тәрбиелеуге дайын (педагогикалық білімді) отбасы;
- позитивті отбасы, демек ата - анасы өз балаларын дұрыс тәрбиелеп, оларды толыққанды азамат етуге тырысқан отбасы;
Ю.П.Азаров жалпы отбасыларды екіге бөлді:
Жағдайы жақсы отбасы
Жағдайы жоқ отбасы
Жағдайсыз отбасыларға: (Ю.П.Азаров) - конфликті отбасы. Бұл отбасында ата -аналар арасында, ата - аналар мен балаларының арасында жиі дау - дамайлар туындап тұрады;
- педагогикалық дайын емес отбасы. Бұл отбасындағы ата - аналардың балаларды тәрбиелеуге педагогикалық дайындықтары жеткіліксіз;
- аморальды отбасы. Мұндай отбасылар аморальдық бағытта өмір сүріп, .балаларын да соған итермелейді және педагогикалық - психологиялық ықпал етуде "шектен шығуға" жол берілді.
Ғылыми әдебиеттер "жағдайсыз отбасы"деген түсінікке нақты анықтама бере алмайды, өйткені оның пайда болу мен даму формалары түрліше. Оның мазмұнына түрлі түсініктер енеді және олардың аталуы да түрліше: "сәтсіз", "жағдайы ауыр", "деструктивті", "дисфункционалды" және т.б.