Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады
Майда өрнекті айқаспа:
Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады
Күрделі айқаспа:
Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады.
Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін.
ІРІ ӨРНЕКТІ АЙҚАСПА
Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады.
Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станоктарында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.