Жоспары: Жақпа майлардың классификациясы



бет4/5
Дата03.07.2023
өлшемі44,63 Kb.
#104024
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-27861

Мазьдардың реологиялық қасиеттері туралы түсінік. Мазьдарды өндіру процесінде және қолдануда олардың консистенциясы маңызды рөл атқарады, ол массаның ағу сипаттына, мазьді араластыру кезде қарсыласуына, теріге айғыздау қабілеттілігіне, дәрілік заттарды босатылуына әсер етеді.
Консистенция – бұл реологиялық қасиеттердің комплексі: жылжу қуаты, тұтқырлығы, тиксотропия.
Реология – заттардың ақыштығы туралы ғылым. Ол оңай деформацияланатын материалдырдың деформация және ағу сұрақтарын қарастырады.
Жылжудың шектелген қуаты деп минималдық күші, ол мазьдің қайтымсыз деформациясын тудырады, содан кейін ол тұрақты тұтқырлыққа ие болады және аға бастайды. Жылжудың шектелген қуатын дин/см2 (Па) түрінде болатын күш және араластыру жазықтығына тангенциалды бағытталған күш анықтайды. Бұл өлшемнің шамасы көп болған сайын, мазьді жағу қиын болады. Бұл мазьдің және мазьді негіздердің маңызды сипаттамасы, себебі ол мазьдің қолдану қолайлығын анықтайды. Жылжу қуаттылығы мазьдің жағылу кезінде қарсыласу көрсетуге қабілетті, тубадан, дозатордан сығылуға қабілетті және т.б.
Тұтқырлық. Тұтқырлық немесе ішкі үйкелесу деп сыртқы күштер әсерінен сұйықтықтың бір қабаттан екінші қабатқа жылжуға кедергі келтіру процесі.
Реологияда ньютондық деп аталатын, көптеген сұйықтықтар (спирт, су, өсімдік және минерал майлары, төменмолекулалық ПЭО, твиндер) үшін температураға және қысымға тәуелді болатын тұтқырлық константалы болып табылады. Мұндай тұтқырлық динамикалық деп аталады.
Тұтқырлық режимдердің деформациясына (жылдамдық және жылжу қуаты) тәуелді болатын жүйелерді аномальді-тұтқыр немесе ньютондық емес деп атайды (мазьдар, линиментер, пасталар). Бұл жағдайда тұтқырлықты эффективті деп атайды. Мазьдардың сипаттамалық белгісі құрылысы болып табылады. Тұтқырлық көп болса, онда қуатты күшейту қажет (деформациялайтын күш), бұл жүйенің ішкі қарсыласуына әсер етеді, ішкі құрылысын бұзады. Дәрілік заттардың жылдамдығы және сіңу тереңдігі, тұтқырлыққа тәуелді болады. Сондықтан бұл өлшемді өлшеу керек. Температураны жоғарлату кезінде, мазьдің және негіздің тұтқырлық қасиетті және беріктілігі күрт кемейді, ал төмен температураларда – жоғарылайды. Температура режимін өзгерту арқылы мазьдарды формалау процесін реттеуге, сақтаудың қолайлы жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тиксотропия – бұл зольдің гельге қайтымды изотермиялық айналуы және керісінше, бұл механикалық әсерлесумен түсіндіріледі, мысалы, араластыру кезінде болады. Бұл әсерді жою үшін жүйе өз құрылысын қалпына келтіруге ұмтылады. Жүйенің қисық ағуы (жылжу жылдамдығы – жылжу қуаты координаталары) гистерезис тұзағын береді – «ерекше конфигурацияның қисығы»; графикті тұрғызу үшін құрылғының берілгендерін (вискозиметрлер, МФ ХІ, Т1) және арнайы есептеулерді қажет етеді.
Барлық гидрофильді негіздер айқын тиксотропиялық қасиеттерге ие, ол араластыру кезінде құрылысының бұзылуынан және тұрақты температурада консистенциясының өзгеруінен көрінеді, ол сұйыққа айналады. Егер механикалық әсерді алып тастаса, онда құрылыстың беріктілігі қалпына келеді (15-20 тәулік), бірақ бастапқы күйге ешқашан айналмайды.
7. Мазьдардан дәрілік заттарды босату жылдамдығына және толықтығына келесі факторлар әсер етеді: дәрілік заттардың физико-химиялық күйі, олардың концентрациясы, негіздің табиғаты, мазьді дайындаудың технологиялық процесі.
Мазьдардан дәрілік заттарды босату жылдамдығы “in vitro” және “in vivo” әдістерімен зерттеледі.
“in vitro” модельдік әдісі, мазьдан босатылатын заттардың қандай да бір ортада диффузиялық әрекетіне негізделген. Диффузия тура немесе жартылай өткізгіш қабықша арқылы жүруі мүмкін. Тура диффузия кезінде орта ретінде агрегаттық немесе желатин гельі болуы мүмкін, оларға диффузияланған дәрілік затпен өзара әрекеттесетін реактивтерді қосады және олардың диффузиялық мөлшерін анықтайды. Мысалы, антибиотиктердің антимикробты активтілігін, агарға тест-микробтардың өсу аймақтарының өлшемдерін салыстыру арқылы, диффузия әдісімен жүргізеді. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялауда тері тәріздес жануар, өсімдік текті немесе синтетикалық қабықшаларын; диализ ортасы ретінде – суды, физиологиялық ерітіндіні, қан плазмасын қолданады. Қабықшаға мазьді орналастырады және уақыттың белгілі аралықтары арасында дәрілік заттың сұйықтыққа диффузияланған құрамдық мөлшерін анықтайды.
Биологиялық қолжетімділікті анықтау. “in vivo” мазьдардың биологиялық қолжетімділігін анықтауын, жануарларда әр түрлі әдістер арқылы жүргізеді:

  • организмнің биосұйықтықтарында (зәр, қан, сілекей және т.б.) дәрілік заттарды немесе олардың метаболиттерін анықтау;

  • тері арқылы енгізілетін дәрілік заттарға организмнің реакциясын тіркеуге негізделген әдістер (тыныс алудың өзгеруі, ұйқы фазасының басталуы, рефлекторлы реакциялар);

  • мазь аппликациясы құрамындағы дәрілік заттың мөлшерінің құрамын зерттеуге негізделген әдістер.

“in vivo” мазьдан босатылатын дәрілік заттарды зерттеу нәтижелерін “in vitro” мазьдарын зерттеуде қолданылуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет