Жүрек ырғағының бұзылыстары


ҚАРЫНШАЛЫҚ ЭКСТРАСИСТОЛИЯ



бет3/6
Дата20.12.2023
өлшемі3,12 Mb.
#141615
1   2   3   4   5   6
ҚАРЫНШАЛЫҚ ЭКСТРАСИСТОЛИЯ
ЭКГ белгілері:
-уақытынан бұрын пайда болуы
-QRS комплексі алдында Р тісшесі болмауы
-қарыншалық комплекстің 0,12 с аса кеңеюі
-ST сегменті және Т тісшесі дискордантты
-қарыншалық экстрасистоладан кейін толық компенсаторлық үзіліс болады
  • Экстрасистоланың алдындағы R-R аралық қысқа, артындағысы ұзындау /толық емес компенсациялық пауза/
  • Экстрасистоланың Р тісшесі деформацияланған /жалпақтау, биіктеу, төмендеу, қос қркешті немесе ұшты/; жүрекшелердің төменгі аймақтарынан шыққан Р тісшесі әрдайым теріс
  • QRST комплексі қалыпты, эктопиялық ошақ АВ түйіннен неғұрлым қашық орналасса, PQ соғұрлым ұзақ.

ЖҮРЕКШЕЛІК ЭКСТРАСИСТОЛИЯ
Пароксизмальды (ұстамалы) тахикардия (ПТ) – көбіне жүйелі ырғақ сақталған күйде кенеттен жүректің жиырылу жиілігінің минутына 140-250-ге дейін жиілеп, кейін кенеттен бұрынғы қалпына оралуы.
Негізгі механизмі – жүрекшелер мен атриовентрикулярлық құрамаларда орналасқан эктопиялық орталықтардың клеткаларының автоматизмінің күшеюі мен қайта енетін импульстің айналма қозғалысының күшеюі.
Эктопиялық активтіліктің күшеюі жүрекшелік ПТ-ң, қозудың қайта енуінің механизмі атриовентрикулярлық тахикардияның және қарыншалардың мезгілінен бұрын қозуы синдромында болатын суправентрикулярлық тахикардияның пайда болуының негізін құрайды.
Жүрекшелік ПТ-ң ЭКГ-белгілері:
1. Жүрек ырғағы бұзылмаған күйде жүректің жиырылу жиілігінің кенеттен 1 минутта 140-250-ге жетуі және оның кенеттен сиреп, бұрынғы қалпына оралуы.
2. Әр қарыншалық QRS комплексінің алдында аласарған, деформацияланған, қос фазалы немесе теріс мәнді Р тісшесінің болуы.
3. Ұстама басталғанға дейін болған қалыпты өзгермеген QRS комплексіне ұқсас QRS комплексінің сақталуы.
4. Кейбір жағдайда АВ-өткізгіштігінің бұзылып, АВ-блокаданың І немесе ІІ дәрежесінің бой көрсетуі, сол себепті мезгіл-мезгіл кейбір QRS комплексінің түсіп қалуы (тұрақсыз белгі).
Суправентрикулярлық пароксизмальды тахикардияны жыбыр аритмиясының тахисистолалық түрінен ажырата білу қажет. Жыбыр аритмиясының ең басты айырықша белгісі – ЭКГ-дағы қарыншалар комплексінің дұрыс емес, реті жоқ, жүйесіз ырғағы.
Жүрекшелік ПТ-ны синустік тахикардиядан айыра білу де қажет. Синустық тахикардияда ырғақ жиілігінің өте күшті ауытқуы болмайды және ЭКГ-да түрі өзгермеген Р тісшесі тіркеледі.

Белгі

Суправентрикулярлық ПТ

Қарыншалық ПТ

Жасы

Жастық жас басым

Көбіне егде ж/е қарттық жас 

Жынысы

Екі жыныс өкілінде бірдей

Негізінен еркектерде

Басталуы мен соңы

Кенеттен болатын басы мен соңын науқас айқын ажыратады

Көбіне науқас байқамайды 

Ырғақтылық

Әдетте 160/мин. жоғары

Әдетте 160/мин. жоғары емес

Жүрек тондары

Екеуі де күшейген, кейде біреуі жарықшақтанған

Мезгіл-мезгіл І «зеңбірек» дыбысты тон

Мойын веналарының пульсациясы

Жиі артериялық пульспен синхронды

Сирек биік толқындар байқалады

Ұстаманың даму барысы

Көбіне жеңіл

Көбіне ауыр 

Верапамилдың ұстаманы тоқтату әсері

Ырғақты сиретеді, не ұстаманы тоқтатады

Болмайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет