Жүрек ырғағының бұзылыстары


Көкірек қуысындағы ауырсыну



бет5/6
Дата20.12.2023
өлшемі3,12 Mb.
#141615
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604

4. Көкірек қуысындағы ауырсыну
Кеудедегі ауыру сезімі миокард ишемиясы əсерінен дамыған аритмия, əсіресе тахиаритмия бар екенін білдіреді. Бұл кезде науқас жүрек ырғағын жиілегеніне кейде шағым жасауы да, жасамауы да мүмкін.
Тахикардия
Диагностика алгоритмі ЭКГ көрсеткіштеріне негізделеді (QRS комплексінің ені мен реттілігі).
Барлық тахикардияны емдеу бір алгоритмге біріктірілген. Науқаста тахикардия жəне тұрақсыз жағдай анықталғанда ( қауіпті белгілері болғанда, систолалық АҚ 90 мм сынап. бағанасынан аз, қарыншалардың жиырылу жиілігі минутына 150-ден жоғары, жүректік жеткіліксізікпен шоктың басқа белгілері) тез арада кардиоверсия жасау ұсынылады.
Егерде науқастың жағдайы бірқалыпты болса, онда ЭКГ 12- жалғама мəліметі бойынша əкетуде (немесе біреуінде) тахикардияны екі вариантқа бөлуге болады: кең жəне тар комплексті QRS. Ары қарай екі варианттың əрқайсысы ретті жəне ретсіз ырғақты тахикардия деп бөлінеді.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Тахикардия.
2. ЭКГ - мониторинг.
3. ЭКГ - диагностика.

ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ


Жалпы шаралар:
1. 1мин.4-5 л. оттек.
2. Көк тамыр арқылы дəрі құю.
3. ЭКГ- монитор.
4. Науқас жағдайының ауырлығын бағалау.
5. Электролитті баланстың кез келген бұзылысын түзеу.
Арнайы шаралар
1. Науқастың жағдайы тұрақсыз:
Қатерлі белгілердің болуы:
- ақыл-есі ауытқыған;
- кеудедегі ауыру сезімі;
- систолалық АҚ 90 мм Hg төмен болуы;
- жүректік жеткіліксізік;
- қарынша ырғағы 1 мин 150 реттен артық.
Электроимпульсті терапияның əдістемесі
- премедикация жасау (оксигенотерапия, фентанил 0, 05 мг немесе промедол 10 мг венаға);
- медикаментоздық ұйқыға енгізу (диазепам 5мг венаға, 2мг əрбір 1-2 мин сайын ұйықтап кеткенге дейін);
- жүрек ырғағын бақылау;
- ұсынылған мөлшерде ЭИТ жүргізу;
- əсері жоқ болса - ЭИТ – ны қайталап, энергия разрядын екі еселеу;
- əсері жоқ болса – көрсетілген аритмияға қарсы антиаритмиялық препарат енгізу;
- əсері жоқ болса – максимальды разрядпен ЭИТ-ны қайталау. Кең комплексті QRS немесе жүрекше фибрилляциясы кезінде 200 дж. Монофазалық шоктан баста немесе 120-150 дж. Бифазалы шоктан баста.
Жүрекше тыпыры мен ретті тар QRS комплексті тахикардия кезінде кардиоверсияны монофазалы 100 дж немесе 70-120 дж бифазалы шоктан басқа.
Интубация аппараттары қосымша электро-сорғыш науқастың жанында дайын тұруы қажет.
1. 200, 300, 360 дж разрядты кардиоверсия.
2. Амиодарон 300мг венаға 10-20 мин ішінде.
3. 360 дж разрядтан бастап шокты қайталау.
4. 24 сағ ішінде 900 мг амиодаронды венаға тамшылатып енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет