ЖҮРЕКШЕЛЕРДІҢ ДІРІЛІ МЕН ЖЫБЫРЫ Жүрекшелер дірілі – өткізу жүйесі автоматизмінің күшеюінен немесе re-entry механизміне байланысты жүрекшелердің минутына 250-400 жиілікпен жиырылуы.
QRS комплекстері ырғақты түрінде бірдей, ал ырғақсыз түрінде әртүрлі;
R-R бірдей;
II, III, aVF, V1, V2.
ЖҮРЕКШЕЛЕР ЖЫБЫРЫ Жүрекшелер жыбыры немесе жыбыр аритмия – эктопиялық ошақтардың көптігінен жүрекшелік бұлшықет талшықтарының әр тобы өз бетінше хаосты қозып жиырылуы, яғни жүрекшелердің бір уақытта тұтас қозуы мен жиырылуы болмайды (жиырылудың орнына жүрекшелердің беті жыбырлап тұрады).
ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ДІРІЛІ МЕН ЖЫБЫРЫ Қарыншалар дірілі- ретсіз (жүрек циклінің ұзақтығының айырмашылығы - 30 мс) мономорфты қарыншалық тахиаритмия ЖСЖ шамамен 300 минутына (цикл ұзактығы - 200 мс) QRS комплекстер арасында изоэлектрлік интервалсыз.
Қарыншалар жыбыры- ЭКГ QRS комплекстерінің және Т тісшесінің болмауы, олардың орнына электрокардиографиялық қисықтың амплитуда өзгерісімен және кезенділігімен (хаосты ритм) тербелуі .
ДИАГНОСТИКА
Аритмиясы бар науқастың жағдайы құбылмалы екендігін келесі симптомдар арқылы аңғаруға болады:
1. Жүрек лықсытуы (шығарылымы) төмендеуінің клиникалық симптоматикасы Симпато-адреналдық жүйенің белсенділену белгілері: - тері жабындыларының бозаруы; - тершеңдік, аяқ-қолдың ылғалдануы жəне мұздауы; - ми қанайналымының нашарлауынан есі ауытқу белгілерінің үдей түсуі; - Морганьи-Адамс-Стокс синдромы; - артериалдық гипотония (систолалық қысым 90 мм Hg төмен). 2. Күрт дамитын тахикардия Шамадан тыс жүрек ырғағының жиілеуі коронарлық қанайналымды азайтып, миокард ишемиясын туындатуы мүмкін. 3. Жүректік жеткіліксізік Солқарыншалық жеткіліксізік дамығанын өкпе ісінуі, ал жарма веналар қысымы жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы оңқарыншалық жеткіліксізік дамығанын көрсетеді.