Тақырыбы: Халықтың бастауы бірлікте Мақсаты:Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
(Ән ұран орындалады.)
1-Жүргізуші Әдемі: Абдурахман 1 мамыр туралы не білесің?
2-Жүргізуші Абдурахман: «Бірлік, татулық күні» ғой
1-Жүргізуші Әдемі: Ия біздің елімізде басқа ұлт өкілдері көп. Олар: орыс, қазақ, өзбек, қырғыз,түрік, татар,т.б.
2-Жүргізуші Абдурахман: Ия Әдемі, осы бірлік күні туралы достарымыз не біледі?
1-Жүргізуші Әдемі: Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарқыраған жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!- дей келе, Қазақстан Республика халқының бірлік күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2-Жүргізуші Абдурахман: Қазақ жері-қонақтай төрдің жері,
Қазақ елі-Қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Кезекті балалардың тақпағына береміз.
Асылы: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Дарын:Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Санжар: Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Айша: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Аяулым:Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Алихан:Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
Әмина: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Бекнұр: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
1-Жүргізуші Әдемі: Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана,
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!
2-Жүргізуші Абдурахман: Жер ана бәрімізге ортақ. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Осынау кең қазақ даласындағы көптеген ұлт өкілдері тату тәтті, ынтымақтастықта өмір сүруде.
Ендеше, балалар біздің мемелекетімізде әр түрлі ұлт өкілдері бар екен. Ал, ендігі кезекті «Бір шаңырақ астында»сурет байқауына берсек.
-Мақтау қағаздары арқылы марапатталады.
Би: «Достық биі» Тақпақтарға кезек берейік: Әбілмансұр: Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!...
Әділет: Теңсіздік терең көмілді,
Шаттықтан шалқып өнді үнім,
Баршасы мұнда көңілді
Ақ, қара, сары өңдінің...
Айеділ: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Дәулет: Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Айсұлтан: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Шахнұр: Қуаныштан желкілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бар тамырмен байлап қойған кіндігін.
Зере: Күндерден ортақ сыбаға,
Күресте дайым біргеміз.
Арада жол жоқ сынаға,
Мәрмәрдай тұтас іргеміз.
Ясин: Ақ, қара деп алдымен
Елім бөлмес адамды
Дәстүр, өнер салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Ән : «Жемістер»
1-Жүргізуші Әдемі: Мақсат ортақ бейбітшілік ұран боп,
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашаққа ел ертеңін.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ақпыз,қара,сарымыз» әні. Орындайтын
1 «Ә» сынып оқуышылары
2-Жүргізуші Абдурахман: Бір ата бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тілік бар бар деген ата-бабам
Бірлік деп, бірге соқсын жүрегіміз.
Ән :«Гүлмін » ,Орындайтын: Айша
1-Жүргізуші Әдемі: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!- деп, 1 - мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Елімізде тыныштық болып, бірлігі жарасқан ел болайық, әркез ынтымақта, достықта болайық.