жшс «Рамазан» астық өнімдер комбинатында өндірілетін өнім ассортименттері


-кезең. Сақтау және сатуға дайындау



бет6/6
Дата22.09.2022
өлшемі35,75 Kb.
#39872
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Практика Арайлым 4курссс

7-кезең. Сақтау және сатуға дайындау. Нанды салқындату үшін біраз уақытқа қойып қояды, содан кейін арнайы әдістермен қаптайды. Дайын өнімді пештен шыққаннан кейін сауда үйлеріне сатар алдында нанды сақтау нан өндірудің соңғы кезеңі болып табылады.
Нанды сақтау - пештен шыққан нанның температурасы жоғары болғандықтан, оны алдымен суытуы қажет. Суытуы 15-20 температура аралығында жылдам жүреді (1-4сағат). Нан суыған кезде кебе бастауы мүмкін. Нан салқындаған кезде ыстық жұмсағынан ылғал салқын қыртысқа қарай жылжиды. Соның әсерінен сыртқы қыртыс ылғалдана бастайды. Бұдан соң нан қыртысындағы ылғал мен қоршаған орта ауасындағы ылғалдың арасында тепе-теңдік пайда болғанша кебу процесі өтеді.
Нанды тасымалдау және сақтау. Нан өнімдерін сөрелермен, контейнерлермен жабдықталған арнайы көлікпен тасымалдайды. Сауда желілерінде нан өнімдерінің кебуі, қатуы және микробиологиялық бұзылу мүмкіндігінен қысқа уақыт сақтайды. Қарабидай нанын – 36сағат, бидай және қарабидай-бидай нанын 24 сағат, майда дара бұйымдарды 16 сағат сақтайды. Нан сақтауға арналған бөлме таза, құрғақ, желдетілетін болған
12
жөн. Нанды 18-20 температурада (6-тан төмен болмауы керек), 75% аспайтын салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау кезінде нан кебеді, қатады, онда зең мен бактериялар дамуы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау



Жабдықтың атауы

Қолдану әдісі

1

ФТЛ 2-66 пеші.
Арналық жылытқышы мен кірпіш қаптамасы бар тұйықталған люлбкалы-подиналық пеш.

Пеш әмбебап, кең ассортиментті нан өнімдерін, пішінді нандарды, пеш табанында пісетін нандарды, батон мен ұсақ даналы өнімдерді пісіруге арналған.

2

Силос ХЕ-160А

Нан пісіру өнеркәсібі кәсіпорындарында ұнды қабылдау мен қапсыз сақтау үшін арналған.

3

Елеуіш П2-П

Ұнды елеу, борпылдату мен аэрациялау, сондай-ақ құрамынан ферромагниттік қоспаларды алып тастау үшін арналған.

4

Қамыр илеуіш машина А2-ХТ2Б

Шалаөнімдер мен пеш табанында пісірілетін нанды өндіру барысында қамыр дайындамаларды дөңгелетуге арналған.

5

Т1-ХТ2Д маркалы жылжымалы қамыр кеспек

Ұнның барлық түрлерінен жасалған қамыр ашытпаны илеу мен ашыту үшін арналған.

6

Ұн дәлмөлшерлегіш МД-100

Ұнды кезендік тәсілмен дәлмөлшерлеу үшін арналған.

7

Екі станокты контейнер ХКЛ-18

Дайын нандарға арналған контейнер

8

Балғалық шағын диірмен 8М

Құмшекерді ұнтау жолымен қант ұнтағын алу үшін арналған.

9

Қамыр илеу машинасы ТММ-120

Қантты печеньені илеуге арналған

10

Қалыптау машинасы ФАК-1

Қантты печеньені қалыптауға арналған

11

Г4-ПХ3С-25

Торлы пеші Г4-ПХ3С-25 бар туннельді пеші ошақ нандарын, ұзын нандарды, ұсақ кесектер мен қой етінен жасалған өнімдерді пісіруге арналған.

12

ХЩП-2

Қабылдау машинасы

13

А2-ХТН

Қамыр бөлгіш

14

Т1-ХТН

Қамыр домалақтағыш

13
Өндірісте ұнды қапсыз сақтайды. Тиеу және түсіру операциялары механикаландырылған, сондықтан жұмысшы саны азайып, ұнның шашылып төгілуі төмендеп, қапқа кететін шығынды азайтады, өндірістің санитарлық жағдайын жақсартады. Ұнды өндірістік силостарда сақтаудың технологиялық ерекшелігі: ұнды бір силостан екінші силосқа араластыру тез жүреді, елеу, сорттау, ыстық ауа ағынын қолдану арқылы жылдам жылытылады.


Ұн сақтауға арналған өндірісінде А2-X2E-160 маркалы бункер металдан жасалған конусты және цилиндрлі бөліктерден тұрады. Конустың қыры горизонталь жазықтарына 600 бұрыш жасайды. Силос: қакпақ, қысқыш, люк, корпус, ұн деңгейін көрсету құралы, сүзгі жалғайтын орын, швеллерлі белдеу, тірек бағаналары, конусты негіз, түтік, коллектор, жалғау құрылымынан тұрады.
Шығарылатын нан өнімдері өндірісте кең тараған 2 фазалы ашытпада қамыр дайындау тәсілдері қолданылған. Нан өнімдерінің ассортиментінің қамыр дайындамасын пісіруде Г4-ПХ3С-25 маркалы пеш және ұлттық Брувера - Салихова пештері пайдаланылған.
Жобада өндірісте кең қолданатын ашытпалы технология мен жабдықтар қолданған. Барлық пісірілген өнімдер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-75%, температурасы 18-200 бөлмелерде сақталады. Нанды ХКЛ - 18 маркалы 18 астауы бар қозғалмалы контейнерлерде сақтайды. Астаушаның өлшемі 740-450 мм , бұл жерде өнімдер ауаның белгілі бір параметрлеріне байланысты 30-350 дейін суыйды, бұл кұрғақтануды төмендетеді, ескіруді тежейді, нан сапасының сақталуына оң әсер етеді.
Өндірістік үдерістердің қауіпсіздік төмендегідей жолдармен қамтамасыз етілуі тиіс:

  • Өндірістің озат технологиясын пайдалану арқылы және өндіріс жабдықтарының күтімін тәртіпке сәйкес сапалы жүргізу арқылы;

  • Салынатын құрылыстарды, мал қораларын мемлекеттің стандарттың нормалары мен талаптарына сай етіп салу арқылы;

  • Мал азығын дайындау мен өңдеу әдістерін дұрыс таңдау арқылы;

  • Жұмыс орындарын дұрыс жабдықтап, жұмысшыларды денсаулығына, біліміне, қабілетіне қарай іріктеу арқылы;

  • Арнайы киімдер мен жеке қорғану құралдарын пайдалану арқылы;

14

  • Қауіпсіздік талаптарын үнемі бақылауға алып отыру арқылы.

Осылардың іске асырылуына бас мамандар мен бөлімше басшылары жауапты болып саналады.
Шаруашылық жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру барысында еңбек қауіпсіздігіне байланысты төмендегідей шаралар ескерілуі керек:

  • Жұмысты механикаландыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;

  • Жабдықтарды дер кезінде жөндеп реттеу;

  • Қауіпті немесе зиянды операцияларды алмастыру, дер кезінде алдын алу.

15
Қорытынды


Қорытындылайтын болсақ, мен Ақтөбе қаласында орналасқан ЖШС «Рамазан» кәсіпорнында жазғы өндірістік практикада болдым. Практиканың ұзақтығы 2022 жылдың дейін болды.
осы практика кезеңінде нан және нан өнімдерінің технологиясы бойынша бар теориялық білімімді практикалық дағдылармен бекіттім. Тәжірибеде болған алғашқы күні маған қауіпсіздік техникасы мен ішкі еңбек тәртібі туралы нұсқау берілді. Бакалавриат тәжірибемде нан өңдірудің технологиялық процесімен, яғни, нан және нан өнімдерін өңдіруге арналған жабдық, оның құрылғысы және жұмыс істеу принциптері туралы таныстым. Практика кезінде, нан жасау процесіне, дайын өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыруды, сонымен қатар көптеген бағалау жүргіздім, есеп жазуға қажетті материалдар жинақтадым. Мен кәсіпорында өз міндеттерін адал атқаратын, кәсіпорынның шаруашылық қызметін қадағалайтын, өндіріс тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды енгізетін жоғары білікті тәжірибелі мамандар жұмыс істейтінін анықтадым. Қазіргі уақытта, нан- адамзаттың данышпандық табысы.
Тәжірибе барысында мен жаңа қызықты деректермен таныстым. Теориялық білімімді іс жүзінде бекітті, мамандығымды жетік меңгеруге үлесін қосты.

16
Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Заядан Б.Қ., Өнерхан Г. Тағам биотехнологиясы: оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.

  2. Назаров Н. И. «Общая технология пищевых производств» - М.: «Легкая и пищевая промышленность», 1981.

  3. З.Жумабеков, Б.Отыншиев «Макарон өнімдерінің технологиясы», Алматы, 1997ж.


17

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет