IV. Аудирование. Мәтінді тыңдап, мазмұнын айтып беріңіз.
Балалар аудиожазбаны тыңдайды (мүмкіндік болмаса,
мәтінмен жұмыс істейді).
Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел – оның серігі,
көмекшісі. Сондықтан да үйдегі бар істі ер адам басқарып
отыруға тиіс. Әйел адамның жұмысы- бала тәрбиелеу, отбасын
тамақтандыру, үйді таза ұстау. Балалар да жас кезінен отбасы
жұмыстарына қатысу керек. Отбасын қаржымен қамтамасыз
ету – ер адамның міндеті. Әйел адамның жұмыс істемегені
дұрыс, себебі бала тәрбиесіне көп уақыт қажет болады.
Отбасының бірлігі әйелге де, ер адамға да байланысты. Балалар
жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте
сақтап, орындап отыруға тиіс.
V. Жаттақтыру жаттығулары. Жұптық жұмыс.
1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
Сөйлеу үлгілері: Мәтінде... туралы айтылады. Үйде ер
адам... . Әйел адам ... . Татулық ... байланысты дейді.
Проблемалық жағдаятты туғызу. Топтық жұмыс.
2-тапсырма. Қазіргі заманда, XXI ғасырда, осындай
пікірмен келісесіңдер ме?
Үйде кім не жұмыспен айналысуға тиіс деп ойлайсыз?
Сөйлеу үлгілері: 1) Бұл негізінен дұрыс, себебі ... .
2) Бұл дұрыс емес, себебі ... . 3) ... деген пікірге қосыламын
/қосылмаймын, өйткені ... . 4) Меніңше, ... деп ойлаймын.
5) Ер адам ... керек. Әйел адам ... керек.
Топтық жұмыс. 3-тапсырма. Отбасы мүшелері үйде
қандай міндеттер атқаруы тиіс екені туралы басқа топтың
оқушыларының пікірін сұраңыз. Олармен пікірталас
ұйымдастырыңыз.
Сөйлеу үлгілері: 1) ... білейін деп едім, ...? 2) ... сен қалай
ойлайсың, ...? 3) Пікірің дұрыс, ... 4) Бұған қосылмаймын, ... .
5) Бұған қосыламын, ... .
Жұптық жұмыс. 4-тапсырма. Отбасында ер адам қандай
болуы керек? Әйел адам туралы не айтар едіңіз? Өз ойыңызды
айтыңыз.
Сөйлеу үлгілері: Ер адам – отбасында басты тұлға, сондық-
тан да ... Әйел адам ... болуы керек. Сіздікі дұрыс, себебі ...
(Жоқ, олай емес, ... басты міндеті ...)
VI. Қорытынды. Нені білдік? Нені үйрендік?
Оқушыларды бағалау, жұмыстарына қысқаша анализ жасау.
VII. Үй тапсырмасы. Үйленетін досыңызға хат жазу.
Досыңызға оның отбасы және оның әйелі қандай болу керек
деген тұрғыда кеңес беріңіз.
Сөйлеу үлгілері: Саған айтарым ... . Сен ер жігітсің,
сондықтан ... . Болашақ әйелің ... болғаны дұрыс. Тату-тәтті
болу ... байланысты.
118
119
Үміткүл СЕРДЕНБАЕВА,
Қостанай қаласындағы
№7 орта мектептің мұғалімі.
МЕНІң ОЙЫНШЫҚТАРЫМ
Сабақтың мақсаты: сабақты жоспарлай отырып, мұғалім
мынандай мақсатты көздейді: білімділік – ойыншықтардың
атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше және көпше
атауларын білу; дамытушылық – балаларды сөзді анық айтып,
дұрыс сөйлей білуге баулу, білімдерін тереңдету, сауатты жазуға,
шапшаңдыққа, тез ойлауға машықтандыру. Өз ойын жинақтап,
қорыта білуге, жаңа сөздермен сөйлем құрастыра білуге
баулу, сөздік қорларын дамыту; тәрбиелік – ойыншықтармен
қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық
талғамдарын кеңейтуге, талдауға, әдемілікке тәрбиелеу. Түрі:
аралас сабақ. Әдіс-тәсілдер: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен
жұмыс, аударма, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын,
іздену, шығармашылық жұмыс. Көрнекiлiктер, техникалық
құралдар: интерактивтік тақта, ойыншықтар, суреттер,
кеспелер. Пәнаралық байланыс: ана тілімен байланыс (өлең
жаттау), бейнелеу (сурет салу, тірек), еңбек (еңбек тәрбиесі).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. Ұйымдастыру кезеңінің мақсаты:
сұрақ-жауап, ойландыру әдістері арқылы балалардың қазақша
сөйлеу тілін дамыту.
- Сабақты бастамас бұрын оқушылармен сәлемдесу;
- Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу;
- Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау;
- Оқушылардың сабаққа қатынасын, оқу құралдарын
тексеру, зейінін тиянақтап, назарларын сабаққа аудару.
- Оқушыларға сұрақ қою арқылы дұрыс жауап алу.
- Сұхбат жүргізу:
Мысалы:
Қазір қандай жыл мезгілі? / Күз/. Күз айлары қандай?
/Қыркүйек, қазан, қараша/. Қазір қай ай? /Қараша/. Бүгін
қарашаның нешесі? /Қарашаның 14/. Аптаның қай күні?
/Бейсенбі/. Қазір қандай сабақ? /Қазақ тілі/. Қазақ тілі сабағында
не істейміз? /Қазақша сөйлейміз, жазамыз, оқимыз, аударамыз/.
Көңіл – күйлерің қандай? / Жақсы/.
І. фонетикалық жаттығу жүргізу.
- Енді, балалар, қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсірейік.
Оқушылар қазақ әліпбиінде неше дыбыстар бар екенін және
олардың айтылуы мен жазылуына сипаттама береді. Мысалы
«Кітап» сөзін алып, онда қандай тән дыбыстар бар екенін, сөзде
неше және қандай дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, қолмен
шапалақтау арқылы неше буын бар екенін айтып, ауызша
дыбыстық талдау жасайды.
II.Үй жұмысын тексеру бөлімі. Үй жұмысын тексеру
кезеңінің мақсаты: оқушылардың өткен сабақтан алған
білімдерін тексеру, бір-бірімен пікір таластырып, өз ойларын
нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақта оқушылардың жоғары белсенділігін дамыту әдісін
пайдалануда төмендегідей шарттар орындалды:
- Ең алдымен сабақтың мақсатын айқындау.
- Мұғалім оқушыларға орындалатын жұмыстардың
мақсатын, ережесін түсіндіреді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру. Кезеңнің мақсаты:
оқушылардың білімін кеңейту, өз ойын жеткізу қасиеттерін
дамыту. Оқушыға жақсы көңіл-күй тудыру үшін сабақты
музыка тыңдаудан бастаған абзал.
«Ойыншықтар»
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар «тыңдайды»,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ. Н.Әлімқұлов.
- Бүгін, балалар, біз сендермен сүйікті ойыншықтарың
туралы айтамыз, жаңа сөздерді меңгереміз, мәтінмен жұмыс
жасаймыз.
120
121
IV. Сөздік жұмысы. Кезеңнің мақсаты: жаңа сөздермен
танысып, дұрыс айтылуы мен жазылуын қадағалау және
оқушылардың сөздік қорын байыту.Жаңа сөздерді тексеруде
аудару, сұрақ-жауап әдісі қолданылды. Жаңа сөздерді тексере
отырып, қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс аудармасын таба білу.
Ойыншық – игрушка;
Текше – кубик;
Секіртпе – скакалка.
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды,
оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
Сонымен қатар төменгі сынып оқушыларының сөздік қорын
жетілдіру мақсатында сөздік ойындарын жүргізген абзал.
V. Тапсырмалармен жұмыс. Тапсырмалардың мақсаты:
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып,
білімдерін тереңдету.
1-тапсырма. Өлеңді тыңдау. Мұғалім бір рет оқып шығады,
содан соң оқушылар хормен қайталайды. Кейін жеке-жеке
оқушылар оқып шығады. Сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау.
Доп.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
Мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінмен жұмыс жасау мақсаты:
жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту, іздену жұмысын
ұйымдастыру.
2-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс жүргізу. Мұғалім
оқиды, оқушылар әр сөйлемді оқып шығып, аударады. Мұғалім
сұрақ қояды, оқушылар оған жауап қайтару керек. Тақырып
бойынша берілген мәтіндегі сөйлесім әрекетінің барлық
түрлерін қолданып жүргізу.
3-тапсырма. Оқып, есте сақтап қалу. Ойыншықтардың
түрлерін атап, олардың қандай заттан жасалғаны жөнінде
әңгімелеу.
- Балалар, қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар
өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар.
- Балалар, мынау қандай ойыншық? Доп
- Доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Қане, бәріміз допша секірейікші?
- Кім доп туралы тақпақ біледі?
Доп.
Доп, доп, Топ, топ,
Теуіп қалдым допты,
Доп жоғалды, доп жоқ,
Қап, қап, тап, тап.
- Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
- Ал, мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр.
- Балалар, қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
- Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай
жүреді? Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
Ай, ай, бөпем
Ай бөпем.
- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Машинамен ойнайды.
- Ал машинаның түсі қандай? Кім машина туралы тақпақ
біледі?
Машина.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
- Жарайсыңдар, балалар!
122
123
Ауызша ойналатын ойындардың түрлері өте көп. Бұл
ойындар оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында,
ой-өрісін дамыту мақсатында көбірек пайдаланылады.
Оқушылардың білімі шыңдалып, пәнге деген қызығушылығы
арта түседі. Мысалы: мына ойын түрін ойнату.
Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан
жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық
дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? (Балалардың
жауабы Ойыншықтар).
- Балалар, біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап,
сипау арқылы олардың қандай екенін білеміз. Балалар, қане
есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады.
Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жұмсақ, қатты, резеңке.
Әр бала үйлерінен әкелінген ойыншықтарының қай қатарға
жататынын білу мақсатында оларды мына үш түрлі жәшікке
салулары керек.
- Балалар, сендер тапқыр, білімді екенсіңдер, мен сендерге
ойын алып келдім. Қазір біз сендермен «Ғажайып қоржын»
атты ойын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша көздеріңді
жұмып, қоржыннан кез келген ойыншықты аласыңдар. Алған
ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты,
жұмсақ екенін айтып, жақсы тілек білдіресіңдер. Мысалы,
мен ойыншықты сындырмай таза ұстаймын. Ол менің сүйікті
ойыншығым болады.
- Балалар, «ойыншық» деген сөз қандай әріптен басталады.
- «О» әрпінен басталады.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ал қуыршақ ше?- «Қ» әрпінен басталады.
- Доп деген сөз «Д» әрпінен басталады.
- Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар, енді сергіту
жаттығуларын жасаймыз.Сергіту сәтіне берілген өлеңмен
жұмыс ұйымдастыру.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Басты оңға бұрамыз,
Басты солға бұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып аламыз.
4-тапсырма. Тақырып бойынша берілген диалог бойынша
жұмыс жасау. Әр оқушыға көмек беру. Жаңа сөздермен жұмыс
ұйымдастыру.
5-тапсырма. Өткен тақырып бойынша берілген сөзжұмбақ
шешу сұрағына қисынды ойлау қабілетін жандандыра отырып
жеке жұмыс жасату. Бұл ойынды барлық сыныптарда ойнатуға
болады. Тақтаға үлкен қағазға кесте ілінеді. Қағаздағы
нысандарды дұрыс жауабымен сәйкестендіру керек.
VI. Сабақты бекіту.
VII. Сабақты қорытындылау. Кезеңнің мақсаты:
оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін
қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай әсер
алдыңдар? Сонымен, бүгін сабақта не жөнінде айттық, не
білдік, не үйрендік?
VIII. Үй тапсырмасын беру. Кезеңнің мақсаты: жаңа
тақырып бойынша білімдерін тереңдету, толықтыру. Ойыншық
атауларын біліп келу.
IX. Оқушылардың білімін бағалау. Сабақ соңында мұғалім
бүгінгі сабақта жақсы көрінген оқушылардың әрқайсысының
қалай жұмыс істегендері туралы айтып, жеке-жеке мадақтап,
оқушылардың дұрыс жауаптарына алған жұлдызшаларына
байланысты білімдерін бағалайды.
X. Қоштасу. Мұғалім балаларға өз алғысын айтып,
қоштасады.
124
125
Забира ДАУРЕНБЕКОВА,
Алматы қаласындағы №94 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
КӨНЕ ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
(11-сынып)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері жөнінде мәлімет беру. Міндеттері: білімділік
– құрмалас сөйлемдерді талдауды меңгерту; дамытушылық
– өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерін дамыту, тақырып бойынша тіл дамыту; тәрбиелік
– елжандылыққа, отаншылдық, адамгершілікке, тілімізді
құрмет-теуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер,
сөзтізбек, буклеттер, оқушылардың жазған рефераттары.
Сабақтың барысы.
Үй тапсырмасын сұрау: 1. Көне ескерткіштер жайлы
мәліметтер жинау және сабақта әңгімелеп айтып беру.
2. Салалас сабақтас құрмалас сөйлемдердің қай түріне
жататынын анықтау: 1. Бүгін демалыс күні болғандықтан,
біз Медеу мұз айдынына барамыз. 2. Сапалы білім алу үшін,
сабақтан себепсіз қалуға болмайды. 3. Күзде біресе жаңбыр
жауады, біресе қар жауады. 4. Егер Бурабайға келсең, ғажайып
табиғатты тамашалайсың. 5. Оқушылар Республика алаңына
барып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. 6.
Қонақтар жазда Алматыда болғанмен, Медеу мұз айдынын
көре алмады. 7. Мұғалімнің сұрағына жауап бергім келіп,
қолымды көтердім. 8. Қонақтарды шығарып салуға не мен
барайын, немесе сен бар. 9. Жазда Бурабайда демалғанда,
достарыммен Оқжетпес тауына шықтым. 10. Мен Ұлттық
бірыңғай тестілеуді жақсы тапсыру үшін, күнде дайындық
сабақтарына барып жүрмін. 11. Биыл жазда жайлауда болдым
және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. 12. Аспанда бұлт
сиреп, жұлдыздар көріне бастады. 13. Биыл шөп қалың шықты,
өйткені жаңбыр көп жауды. 14. Адамды екі нәрсе қартайт-
пайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Қазір Күлтегін жазба
ескерткіштерінің макеті Астанамыздағы Еуразия универ-
ситетінде тұр. Елбасымыздың басшылығымен 2006-2007
жылдар «Мәдени мұра» жылы болып, оның бағдарламасы
жасалды. Онда тарихи ескерткіштерді қорғау және т.б.
мәселелер қаралған. Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк
ескерткіштері – ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем
шығармалардың үлгісі болуымен бірге, ол қазақ әдебиетіміздің
де асыл қазынасына енетін асыл мұра.
Мәтінмен жұмыс:
КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІ – ТҮРКІ ТЕКТЕС
ХАЛЫҚТАРДЫҢ БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҒЫ
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени
мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Ескерткiш бiр
заманда түркiлер мекендеген Енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi
Моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батор-
дың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойын-
дағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып,
ғылым әлемiне мәлiмдеушi-орыс ғалымы Н.М.Ядринцев. 1958
жылы монгол-чехославак бiрiккен ғылыми экспедициясы
Күлтегiн ескерткiшiнiң орнына қазба жұмыстарын жүргiздi.
Бұған басшылық еткен чех археологы Л.Иисль. Қазба
жұмыстары үстiнде қорған астынан екi кiсiнiң тасқа әдемi
ойылып жасалған бас мүсiнiн кездестiрдi. Оның бiрi –
Күлтегiннiң, екiншi – әйелiнiң мүсiнi екені анықталды.
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi
– 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр.
Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында
айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген.
Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – бiрiншi
тамыз, 732 жыл деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40
жол жазу бар. Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар.
126
127
Оның бағыты оңнан солға қарай оқылады. Күлтегін жыры –
патриоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі
ұлтының тек тарихы ғана емес, Күлтегіннің батырлығы мен
ерлігін бейнелейді.
Бұл құнды дүниеге әлем ғалымдары да назарын аударуда.
Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі
талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз.
Мәтіннің мазмұны бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар
қойып, жауаптарын тыңдайды.
1. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің табылған
жерлері. 2. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер,
шығармаларды ата. 3. Көне түркі әдебиеті неше әріптен тұрады?
4. Оларды ашқан кісілер кімдер? 5. Орхон жырларының негізгі
ойы. 7. Күлтегін жырының батырлар жырына ұқсастығы.
8. Ескерткіштерде суреттелетін, баяндалатын оқиғалар не
туралы? а) Бұл ескерткіштер Орхон – Енисей өздерінің (қазіргі
Моңғол жері) бойынан табылған. Қазақстан жерінен табылған
ескерткіштердің ең көлемдісі – Талас ескерткіштері. б) Оларды
алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы
Н.М.Ядринцев. (XVIII-XIXғ.ғ.). в) Ежелгі дәуір әдебиетіне
жататын ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың
алғашқыларының негізгілері деп түркі ру-тайпаларына ортақ
Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), «Қорқыт ата кітабынан» (VIIІ
ғ.) және Оғыз-наманы (ІХ ғ.) атаймыз. г) Көне түркі әліпбиі
35 әріптен тұрады, ол оңнан солға қарай оқылады. д) Орхон
жырларының негізгі ойы-елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін
сақтау.
Сөзтізбек
«Қазақстан»
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1. Көне заманнан келе жатқан музыкалық аспап. 2. Отырар
қаласының ежелгі аты. 3. Ұлы билердің бірі. 4. Қазақ халқының
салт-дәстүрі. 5. Ұлттық сусын. 6. Қазақстандағы қала.
7. Ұлттық тағам. 8. Қазақстандағы көл. 9. Қазақтың Батыр
қызы.
Күлтегін – түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының
жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында түркілерге тән ержүрек,
өршіл, қайсар, қайтпас мінез бар. Үйге тапсырма:
«Ер есімі – ел есінде» тақырыбына әңгіме жазу.
Гүлзағира ДҮЙСЕНОВА,
Алматы қаласындағы
Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы
№75 жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕАРНАЛАРЫ
(9-сынып)
Жалпы
мақсаты:
Білімділік: оқушыларды осы тақырып туралы білуге,
сөйлеуге жетелеу, өз ойларын айта отырып пікір таластыру,
жұптық қатынасқа түсу.
Дамытушылық: сұрақтарға жауап беру арқылы
оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;
сыни тұрғыдан ойлай білуге жетелеу. Топта жұмыс істей
білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық көзқарасын дамыту.
Түрі:
қорытынды сабақ.
Көрнекі
құралдар:
Компьютер, үлестірмелі қағаздар, стикер, слайд, фломастер,
флипчарт.
Мұғалімдер
үшін оқу
нәтижелері:
Оқушылардың сөйлеуі, өздерінің ой-пікірлерін айтуы,
өздерінің бойындағы өнерге деген құмарлықты ояту.
128
129
Сабақта
туындаған
негізгі
идеялар:
Оқушылардың өз ойларын ортаға салып айта білуі, сөйлей
білуі.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? (3 мин).- Бүгінгі көңіл
күйлерің қандай? Телеарналардың аттары бойынша құрылған 4 топ бойынша
жұмыс істейміз. Олар: 1-топ – «Қазақстан» телеарнасы. 2-топ – «31 арна».
3-топ – «НТК». 4-топ – «КТК».
Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыру мақсатында, әр топ келесі топқа
тілектерін білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1-әрекет (10 мин) (1, 2, 3, 4, 6, 7-модульдер). 1.
Әр топ өздерінің телеарналары туралы мәлімет жинап, айтады. 2. 167-беттегі
4-тапсырманы жазады.
ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру. 1. Сен телевизор
көруді ұнатасың ба? 2. Қандай телебағдарламаны көресің? 3. Қандай
бағдарламаларды көруді ұнатасың?
ІV. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі: 10 мин. 2-әрекет. Ой толғаныс.
10 мин (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-модульдер).
1-топқа: 162-беттегі 1-тапсырма. Ласкер Сейітовтың диктор мен
коментаторлар қандай болу керектігі туралы айтқан сөзін оқыңдар, 1 оқушы
оны айтады, 1 оқушы соңғы сөйлемді сөз құрамына ауызша талдайды.
2-топқа:163-беттегі 2-тапсырма. Зейнолла Қабдоловтың сөзін оқып, не
туралы екенін 1 оқушы айтады, 1 оқушы бірінші сөйлемді сөз құрамына
ауызша талдайды, 1 оқушы тәуелдік жалғауы бар сөздерді айтып шығады.
3-топқа: 163-беттегі 3-тапсырма. В.Сухомлинскийдің сөзін оқып, 1 оқушы
оны айтады, 1 оқушы қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау
жасайды, 1 оқушы өздік етісті табады. 4-топқа:165-беттегі 3-тапсырма.
Дулат Исабековтың сөзін оқып, 1 оқушы оны айтады, 1 оқушы бірінші
сөйлемді сөз құрамына ауызша талдайды, ал бір оқушы мәтін кімге арналып
айтылғанын айтады.
3-әрекет. Ой толғаныс. 7мин (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-модульдер). Әр топ
алдындағы қағазға теледидарды көруге байланысты ережелер құрады, оны 1
оқушы қорғайды.
V. Жаңа сабақты қорытындылау. 4-әрекет. Миға шабуыл. 7мин (1, 2,
3, 4, 6, 7-модульдер). Блиц-турнир: 1.«Қазақстан» телеарнасы эфирге қай
жылы шықты? (1958 жылы 8 наурыз). 2. Бүкіл дүниежүзілік теледидар
күні қай күн? (21 қараша). 3. 1967 жылы Алматыда қандай станса іске
қосылды? (Орбита). 4. Алматыдағы телевизия мұнарасы қайда орналасқан?
(Көктөбеде). 5. «КТК» телеарнасы қай жылдан бастап жұмыс істейді?
(1991 ж.) 6. «З1 арна» қай жылы қосылды? (1998 ж. 12 сәуір). 7. «Хабар»
арнасы қай жылдан бастап жұмыс істейді? (1995 ж.). 8. 1946 жылы қай
елде теледидар хабарларын тарату басталды? (Англия). 9. «Бетпе-бет»
бағдарламасы қай арнада көрсетіледі? («Хабар» арнасы)
VІ. Үй тапсырмасы: 1) 4 топ өздерінің алған мәтіндерін көшіріп жазып,
оларға синтаксистік талдау жасайды; 2) 164-беттегі 1-тапсырма бойынша
таблицаны толтырып келеді.
VІІ. Сабақтың бағалау кезеңі: (Өзін-өзі бағалау, 3,7-модуль). Бағалау
компьютер бойынша жүргізіледі. (2 мин)
Оқушының
аты-жөні
1-әрекет
(үй жұмысы)
5 ұпай
2-әрекет
5 ұпай
3-әрекет
5 ұпай
4-әрекет
5 ұпай
Қоры-
тынды
«5» - 18-20, «4» - 15-17, «3» - 11-14, «2» - 1-10.
VІІІ. Рефлексия кезеңі: (1, 2, 6-модульдер) Компьютерде толтырылады.
(2 мин). 1. Сабақ не туралы болды? 2. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? 3. Бұл
сабақ қаншалықты қиын болды? 4. Бүгінгі сабақтан не үйрендің?
Гүлмира ГАБДУЛЛИНА,
Қостанай облысының
Қостанай қаласындағы
№19 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
СӨЗЖАСАМ
Сабақтың мақсаты: сөзжасам туралы мағлұмат беру.
Міндеттері: білімділік – сөзжасамның жасалу жолдарынан
алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей
білуге үйрету; дамытушылық – алған білімдерін кеңейтіп,
жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше сөзжасамның
жасалу жолдарын ажырата білуге дағдыландыру; тәрбиелік
– оқушыларды тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу. Типі:
жаңа білімді меңгеру, игерілген білімді пысықтау. Түрі:
түрлендірілген аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,
түсіндіру, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
(семантикалық карта, Инсерт кестесі). Пәнаралық байланыс:
информатика. Көрнекіліктер: слайд, сызбалар.
130
131
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сынып кезекшісімен жұмыс,
өтілетін сабақ тақырыбы, мақсат-міндеттерімен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын пысықтау. 1-слайд. «Ой шақыру
стратегиясына» ілінген шеңбер
Қималар бойынша сұрақтарға жауап береді. Шеңбердегі
сұрақтар: 1. Екпін дегеніміз не? 2. Екпін нешеге бөлінеді?
3. Сөз екпіні дегеніміз не? 4. Ой екпіні дегеніміз не? 5. Тіркес
екпіні дегеніміз не? 6. Тіл туралы үш мақал.
ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгін сабақта біз сөзжасам және оның
жасалу жолдарымен танысамыз.
Лексикалық
жолмен
жасалған
туынды сөздер
Жұрнақ
арқылы
жасалған
туынды
сөздер
Екі сөзді
біріктіру
арқылы
жасалған
туынды
сөздер
Екі сөздің
қосарлануы
арқылы
жасалған
туынды сөздер
Екі сөзді
тіркестіру
арқылы жасалған
туынды сөздер
Тұтқа: 1) Есіктің
тұтқасы;
2) Өмірдің
тұтқасы.
Құлақ: 1) Адам-
ның құлағы;
2) Қазанның
құлағы.
Қара: 1) қара
шаш – заттың
түсін білдіріп
тұр; 2) тақтаға
қара қимыл-
әрекетті білдіріп
тұр
Түбір+ сөз
тудырушы
жұрнақтар
мек
Жүр ме
ген
іс
Мысалы:
Көктөбе
(Көк+ төбе)
Екібастұз
(Екі+бас+тұз)
Қызылорда
(Қызыл+орда)
Итмұрын
(Ит+мұрын)
Көлбақа
(Көл+бақа)
Мысалы:
Ауыл-
аймақ,
кәрі-жас,
сөйлей-
сөйлей,
ақ-қара,
азды-
көпті,
үгіт-
насихат,
оқу-
әдісте-
мелік
Маңғыстау
облысы
Он жеті
Мың тоғыз
жүз жиырма
бес
Сөз таптары
Қара-торы,
мал шаруа-
шылығы
ІV. Оқулықпен жұмыс: 355-жаттығу. Мына сөздердің
қайсысы түбір,қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз
1
2
3 4
5 6
Сөзжасам
Жаңа сөздің жасалуы
екенін айтыңдар. Жер, жер серігі, бұлт, кемпірқосақ, күн, күн
сәулесі, аспан, көкжиек, жұмыс, жұмысшы, жұрт, ағайын-жұрт,
жер-көк, тау-тас.
V. Жаңа сабақты меңгеру. 3-слайд.
1-семантикалық карта.
Мысал-
дар
Жұрнақ
арқылы
жасалған
туынды
сөз
Екі сөзді
біріктіру
арқылы
жасалған
туынды
сөз
Екі сөздің
қосарла-
нуы
арқылы
жасалған
туынды
сөз
Екі сөзді
тіркестіру
арқылы
жасалған
туынды
сөз
Лексикалық
жолмен
жасалған
туынды сөз
Бүркітші
Бүгін
Арам шөп,
арам тамақ
Үлкен үй
Білім
Баспасөз
Жүзбе-жүз
Жер серігі
+
+
+
+
+
+
+
+
2-семантикалық карта.
Мысалдар
Жұрнақ
арқылы
жасалған
туынды
сөз
Екі сөзді
біріктіру
арқылы
жасалған
туынды
сөз
Екі сөздің
қосарлануы
арқылы
жасалған
туынды сөз
Екі сөзді
тіркестіру
арқылы
жасалған
туынды
сөз
Лекси-
калық
жолмен
жасалған
туынды
сөз
Түсім
Еңбеккүн
Қарама-
қарсы
Суық су,
суық хабар
Ұшқыш
Күн
сәулесі
Қолбасшы
Көзбе-көз
+
+
+
+
+
+
+
+
VІ. Бекіту: Суретпен жұмыс (4-слайд). 1. Суретші,
биші, күйші (жұрнақ арқылы). 2. Атжарыс (екі сөзді біріктіру
арқылы). 3. Ыдыс-аяқ (Қосарлану арқылы). 4. Күн сәулесі
132
133
(тіркесу арқылы). 5. 1) Жаз мезгілінің суреті; 2) Жазу жазып
отырған баланың суреті (лексикалық жолмен жасалған).
VІІ. Бекіту: Қорытынды: 5-слайд. Сабағымызда
қолданатын келесі әдіс – ИНСЕРТ, яғни, түртіп алу стратегиясы
арқылы бүгінгі сабақта не білдік және бұл сабаққа дейін не
білгенмін деген сұрақтарға жауап бере отырып сабағымызды
қорытындылаймыз.
Инсерт кестесі
Білетінім
Мен үшін жаңалық
Мені таң қалдырады «?»
VІІІ. Үй тапсырмасы: 6-слайд.
1. Өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.
2. 359-жаттығу.
Айгүл СҰРАҒАНҚЫЗЫ,
Солтүстік Қазақстан облысының
Петропавл қаласындағы
Бірінші қалалық жалпы
білім беретін лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылар Қазақстан
қалалары туралы білім алады, сыни тұрғыдан ойлау арқылы
логикалық ойлаулары дамиды; дамытушылық – оқушылардың
ой-өрісі, сөздік қорлары, ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды;
тәрбиелік – туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктері
артады. Түрі: жаңа сабақ. Әдіс-тәсілдер: СТО, сұрақ-жауап,
тыңдалым, айтылым, жазылым, сұхбат, «Инсерт» стратегиясы.
Көрнекілігі: теледидар, слайдтар, бағалау парақшасы, оқулық,
рефлексия, кәртішке.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сабақтың
психологиялық ахуалын қалыптастыру.
- Сәлеметсіздер ме, бүгінгі сабағымызға қонақтар келді.
- Бүгінгі сабағымызды тренингтен бастайық. Бір-біріңе
қарап, күлкі сыйлап, жылы, әдемі сөздер айтыңыздаршы.
- Міне, бір-бірлеріңе жақсы, жағымды сөздер тіледіңдер,
ал мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік және сабақтың
әр кезеңінде жұмыс істеу арқылы көбірек баға алуларыңа
тілектеспін! Сендердің формативтік бағаларың мына кестеде
белгіленеді.
№
Оқушының
аты-жөні
Конверт
сұрақ
Тест
Мәтін-
мен
жұмыс
1-тап.
2-тап.
Жал-
пы
баға
1
Галкина Ю.
2
Гарматюк К.
3
Ерохина М.
ІІ. «Миға шабуыл» әдісі.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
«Конверт сұрақ» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.
Оқушыларға конверттер таратылады, ішіндегі сұрақтарды
оқып, жауап береді. Дұрыс жауапқа бір ұпайдан алады. Жай
сөйлемді бекіту мақсатында мына тест сұрақтарына жауап
берейік (оқушылар жауап береді, бір-бірін тексеріп бағалайды).
ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау. Бүгінгі сабағымыздың
тақырыбын білу үшін мына диалогке назар аударыңдар.
Слайд (екі оқушының диалогі тыңдалады)
- Диалогтен не түсіндіңдер? (оқушылар диалогтен не
түсінгендері туралы айтады)
- Жақсы, ал осы Богдан мен Владты қалай бағалайсың-
дар? (Богдан мен Владқа формативтік баға береді)
- Жақсы, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы қандай?
Сабағымыздың мақсатын сабақтың соңында өздерің алып
шығасыңдар. Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, сабақтың
тақырыбын жазамыз. А) Оқулықта берілген жаңа сөздермен
танысамыз, оқимыз,сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер
құрастырамыз. Ә) Мәтінмен жұмыс. 110-беттегі «Қазақстан
134
135
қалалары» мәтінін алма-кезек әдісі бойынша оқимыз. «Инсерт»
стратегиясы бойынша талдаймыз. 1. «V» білемін. 2. «-» -
басқаша ойлағанмын. 3.«+» - мен үшін жаңа білім. 4. «?» - мені
таңқалдырды.
Б) Топпен жұмыс. 1-қатар мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.
2-қатар мәтін бойынша диалог құрастырады. 3-қатар мәтінге
жоспар құрастырады. Оқушыларға уақыт беріледі, уақыт
аяқталғаннан кейін әр қатардың жауаптары тыңдалып,
оқушылар бір-біріне формативтік баға береді.
В) Картамен жұмыс. Бір оқушы тақтаға шығып,
Қазақстанның қалаларын картадан көрсетіп әңгімелейді.
Сергіту сәті. (Менің қолымда үш сурет бар, бір оқушы
шығып сурет таңдайды және таңдаған суреті бойынша 7 сұрақ
қояды, қалған оқушылар жауап береді).
IV. Тапсырмалар орындау. 1-тапсырма (мәтіннен әр қатар
бір жай сөйлем таңдап алып синтаксистік талдау жасайды, бір
оқушы тақтада орындайды). 2-тапсырма (әр оқушыға кәртішке
беріледі, кәртішкедегі сөздерді құрамына қарай талдайды)
Сабақтың мақсатын шығару. - Бүгінгі сабақта біз не
істедік? Бір-бірлеріне сұрақтар қою арқылы жауап береді.
V. Сабақты бекіту. Кесте толтырады, бір-екі оқушының
жауаптары тыңдалады:
Білемін
Білдім
Білгім келеді
VI. Үйге тапсырма: Сабақта құрастырылған жоспарды
пайдаланып, мәтінді мазмұндайсыңдар.
VII. Бағалау. Кестеге назар аударамыз, сабақтың
кезеңдерінде алған формативтік бағаларыңды мен суммативтік
бағаға айналдырамын.
VIIІ. Рефлексия. Оқушыларға стикерлер беріледі, сабақтың
соңындағы әсерлерін стикерге жазып плакатқа жабыстырады.
Және қонақтарға да стикерлер беріледі, сабақ туралы ойлары
мен тілектерін стикерге жазып, есіктегі алма ағашына
жабыстырады.
Нұргүл ҚАЙДАРОВА,
№1 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Риддер қаласы.
АСХАНА
(5-сынып)
Жұмыс
құралдары :
Түрлі-түсті шарлар, бауырсақ, түрлі суреттер, презентация,
әуендер, плакаттар, маркерлер, қайшы, желім.
Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті
Оқушы
әрекеті
Түрткі
тапсыр-
ма
Талап-
тары
Ұ.
фор-
масы
Күті-
летін
нәтиже
Баға-
лау
Ұйымдас-
тыру
кезеңі
А) Жайлы психологиялық
орта қалыптастырады
(оқушыларға сары,
қызыл, жасыл шарлар
таратады)
- Балалар, Сіздерді
келе жатқан Наурыз
мейрамымен құттықтай
отырып, сіздерге шарлар
сыйлағым келеді.
Мына шарларды алып,
түсіне қарай үстелдерге
орналасыңыздар.
Ә) Оқушыларға өзара
рөлдерді бөліп алуды
ұсынады.
Қалаған
шарын
алады.
Шар түсіне
қарай
топ-топқа
бөлініп
отырады.
Оқушылар
өзара
көшбас-
шыны,
таймерді,
суретшіні,
спикерді
белгілейді.
Сабақтың
тақырыбы
мен
мақсатын
хабарлау.
А) Мұғалім оқушылардың
назарына бауырсақты
ұсынады.
-Балалар, мына
табақтарға назар
аударыңыздар! Нені көріп
отырсыздар?
- Сіздер тамақтардан нені
жақсы көресіздер?
- Тамақты қайда
дайындайды?
- Сонымен бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы
... Б) Иә, бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы
«Мектеп асханасы», біз
бұл тақырып бойынша
нені білеміз, нені білуіміз
Оқушылар
мұғалімнің
сұрақта-
рына жауап
береді.
«Мектеп
асханасы».
Оқушылар
сабақтың
мақсат-
міндеттерін
анықтайды.
Бауыр-
сақ,
жете-
леу
сұрақ-
тары.
Сұрақ-
тарға
жауап
беру
арқы-
лы
сабақ-
тың
тақы-
рыбы
мен
мақ-
сат-
тарын
анық-
тау.
Жеке
Оқу-
шылар
мұға-
лімнің
сұрақ-
тарына
жауап
береді.
Сабақ
тақы-
рыбы
мен
мақ-
сатын
анық-
тайды.
Өзін-
өзі
баға-
лау.
136
137
керек соны анықтап
алайық. Мұғалім
сабақтың мақ-
сат-міндеттерін анық-
тайды.
Білу
Суреттерді
топтас-
тыру
арқылы
сөздердің
қазақша
баламасын
естеріне
түсіру.
Бірлесіп
жұмыс
жасау
дағды-
ларын
қалыптас-
тыру.
Мұғалім түрткі тапсырма
береді
- Мен әр топқа сурет-
тер таратамын, сіздер
бұл суреттерді топтас-
тырыңыздар, бірінші
топ орыс тағамдарын
топтастырады, екінші
топ қазақ тағамдарын топ-
тастырады, үшінші топ
өзбек халқының та-
ғамдарын топтастыра-
ды. Мерекелік тағам-
дарды да атап кету
қажет. Мұғалім бақы-
лайды, түрткі береді,
оқушылардың жауап-
тарын тыңдайды.
- Таға қандай ұлттық
тағамдарды атай ала-
сыздар?
Суреттерді
қалыптас-
тырады.
Ортаға
шығып өз
пікірлерін
дәлелдейді.
Қазақ,
орыс,
өзбек
халық-
тары
тағам-
дары-
ның
сурет-
терін
топ-
тас-
тыру,
дәлел-
деу.
5
минут
ішінде
сурет-
терді
топ-
тас-
тыру,
өз ой-
ларын
ортаға
салу.
топ-
тық
Оқу-
шылар
ұлттық
тағам-
дар та-
қыры-
бы тө-
ңірегін-
де ой-
ланып,
өз ойла-
рын
білдіре-
ді, сөз-
дердің
қазақ-
ша ба-
лама-
сын ес-
ке түсі-
реді.
Өзін-
өзі
баға-
лау
Түсіну
Ұлттық
тағамдар
жайлы
білімдерін
толықтыру
арқылы
аударып,
түсіну
дағды-
ларын
қалыптас-
тыру.
Мұғалім алдын ала
тапсырма берген
оқушыны ортаға
шақырады.
-Ал Ярославна қазақ
халқының тағамдары
тарихынан біраз ақпарат
дайындап келді, мұқият
тыңдап алайық.
-Такой большой материал
Ярославна попробовала
перевести в нескольких
предложениях.
-Мәтінде білмейтін сөздер
бар ма?
Сөздікпен жұмыс жасату.
-Ярославна дайындаған
материал пайдалы болды
ма?
Ярославна
ортаға
шығып
«Қазақ
халқының
ұлттық
тағамдары
тарихы-
нан»
орысша
мәлімет
береді.
Аударған 5
-6 сөйлемін
оқиды.
Білмейтін
сөздерін
аударып,
сөздікке
жазады.
Үздік
оқитын
оқушы-
ға
алдын
ала
беріл-
ген
тапсыр-
ма.
Орыс-
ша қа-
зақ
хал-
қының
ұлттық
тағам-
дары
тари-
хы-
нан
мәлі-
мет бе-
ру. 5-6
сөйлем
қазақ-
шаға
ауда-
рып,
жаңа
сөз-
дер-
мен
таныс-
тыру.
жеке
Оқу-
шылар
қазақ
халқы-
ның
тағам-
дары-
ның
тарихы-
мен
таны-
сады,
сөздік
қоры
молая
түседі.
Бірін-
бірі
баға-
лау
Сергіту
сәті
- Балалар, шаршаған
боларсыздар. Олай болса,
барлығымыз орнымыздан
тұрып, сергіту сәтін
жасайық.
Теледи-
дарға қа-
рап,
балалар-
дың
қимыл-
дарын
қайта-
лайды.
«Қы-
зыл
өрік»
Қолдану
Зерттеу-
шілік
- Балалар, енді асханада
не жайлы сөйлесетінімізді
есімізге түсіріп, сұхбат
Оқушылар
шағын
топтарда
«Асха-
нада»
тақы-
7-8
сөй-
лем-
жұп-
пен
Өз бет-
терін-
ше
Бірін-
бірі
баға-
әңгіме
арқылы
ауызекі
сөйлеу
дағды-
ларын
дамыту.
құрып жіберейік. Қазір
жұппен жұмыс жасайтын
боламыз, осы тірек сөздерді
пайдаланып диалог құрып
жіберіңіздер.
- Асханада диалог кімдер
арасында болуы мүмкін? -
Иә, дұрыс, аспаз бен оқушы
арасында, оқушы мен
оқушы арасындағы әңгімені
сахналандырыңыздар. 10
минут уақыт беремін.
жұмыс
жасайды.
«Асханада»
сұхбатын
құрып,
сахна-
ланды-
рады.
рыбы-
на
диалог
құру.
нен
тұра-
тын
сұхбат
құру,
сахна-
ланды-
ру.
ізденеді,
сөздік-
пен
пайда-
ланады,
ортаға
шығып
ауда-
рады.
лай-
ды.
Талдау.
Оқушылар-
дың қызы-
ғушылық-
тарын арт-
тыру, білім-
дерін то-
лықтыру,
зерделеу
және талқы-
лау мақса-
тында басқа
оқушылар-
дың жұмыс-
тарын
бағалау.
- Қазір бір-біріміздің
жұмыстарымызды
бағалаймыз. Сіздерге
сыныптастарыңыздың
сахналық көріністері ұнаған
болса, қызыл жұлдызша,
ұсыныстарыңыз бен
тілектеріңіз болса, көк
жұлдызша беру арқылы
бағалаңыздар.
Сыныптас-
тарының
диалог-
тарын
талдайды,
пікір
білдіреді
Сах-
налық
көрі-
ністі
талдау
арқылы
бірін-
бірі
бағалау.
Сы-
нып-
тасы-
ның
жұмы-
сы
бойын-
ша ой-
пікір-
лерін
біл-
діру.
топ-
тық
Сынып-
тарына
талап
қою
арқылы
өздігі-
нен ізде-
нуді,
қалай
оқуды
үйре-
неді.
Түзе-
ту-
лер-
ді
орын-
дау.
Жинақ-
тау.
Түрткі
тапсырма
арқылы
ойларын
жинақ-
тату,
ауызекі
сөйлеу тілін
дамыту.
Түрткі тапсырма береді.
Балалар, енді «Мектеп
асханасы» тақырыбына
топпен кластер жасап
жіберіңіздер. 10 минут
уақыт беремін.
Оқушыларды , топтарды
бақылайды, жетелеу
сұрақтарын қояды.
Бөлінген
рөлдері
бойынша
топпен
бірлесіп,
кластер
жасайды,
оны тақтаға
шығып
қорғайды.
«Мек-
теп
асха-
насы»
клас-
тер
жасау.
10
минут
ішін-
де «Ас-
хана»
тақы-
ры-
бына
кластер
жасау,
қор-
ғау.
топ-
тық
Өз бет-
терінше
іздене-
ді, сөз-
дікті
пайда-
ланып,
сөйлем-
дер құ-
райды,
кластер
жасай-
ды, өз
ойларын
ортаға
салады.
Бірін-
бірі
баға-
лау.
Бағалау
Өзін-өзі
және
әріптесін
бағалай
білуге
баулу.
Мұғалім өзін-өзі бағалау
парағын таратады:
-Мен сіздерге өзін-өзі
бағалау парағын
беремін, соны толтырып
жіберіңіздер.
Өзін-өзі
бағалау
парағын
толтырады.
Өзін-өзі
бағалау
парағы.
Түсін-
генде-
рін, ұқ-
қанда-
рын,
ұсы-
ныста-
рын
жазады,
сабақ-
қа қа-
тысты
өз ойла-
рын біл-
діреді.
жеке
Кері
бай-
ланыс
жаса-
лады.
Өзін-
өзі
баға-
лау.
- Көктем белгісі не?
- Мына далада көктем болу
үшін не жетіспейді?
- Иә, қызғалдақтар жетіспейді.
- Ендеше, балалар, әдемі гүл
ғана емес, әдемі тілектерімізді
айтып, әдемі дала жасайық!
- Алдарыңызда жатқан қыз-
ғалдақтарға не ұнады, нені
білгендеріңіз жөнінде жа-
зып, Көктемді гүлге
толтырайық.
Оқушылар
сабаққа
қатысты
өздерінің
ой-пікір-
лерін
жазады,
оқиды.
Көктем
пейзажын
гүлге
толтырады.
«Екі
жұлдыз,
бір
тілек»
138
139
Әдеби кеш
Жарқынай ЕРМАХАНОВА,
Алматы сервистік қызмет
көрсету колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы.
МӘңГІЛІК САҒЫНЫШ
(Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-лирикалық кеш)
Мақсаты: Мұқағали жырларын оқырман қауымға кеңінен
насихаттау. Міндеттері: білімділік – студенттерді ақиық
ақын Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен
таныстыра отырып, поэзия нәрімен сусындату; дамытушылық
– өлең-жырларды нақышына келтіріп жатқа оқу, өлеңді өміріне
серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол
ашу, рухани танымын кеңейту; тәрбиелік – Отанды, туған жерді
сүюге, поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға,
адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре
білуге тәрбиелеу.
Оқытушы: - Құрметті кеш қонақтары! Бүгінгі кешімізді
поэзияның жарық жұлдыздарының бірі – Мұқағали Мақатаевқа
арнаймыз. Оның өлеңдері оқырманның жүрегіне жол салып,
жанды баурап әкететін нәзіктігімен құнды.Әрбір жүректің
лүпілін, әрбір жүректің дүрсілін жырға қосқан Мұқағали
поэзиясына мәңгі ғашықпыз. Оның жырларына кәрі мен жас
та, мұғалім мен оқушы да ынтық. Барша қазақ Мұқағалиын
аңсайды, Мұқағалиын сағынады. Олай болса, сағынған
жүректер ақын жырларын тыңдап, бір серпіліп қалсын.
(Мұқағалидың өлеңі оқылады. Сахнаға Мұқағали
жырларына ғашық ару жүгіріп шығып, Мұқағалиды
іздейді де сахнадан шығып кетеді.)
1-жүргізуші: - Армысыздар, ағайын! Құрметті қонақтар
мен жыр сүйер қауым!«Мәңгілік сағыныш» атты әдеби-лири-
калық кешімізге қош келдіңіздер!
Мұқағали өр ақын, қыран ақын,
Артында қалдырған көп ұлағатын.
Хан тәңірдің ерке өскен мұзбалағы,
Өшпек емес өмірден бірақ атың.
Бүгінгі кешіміз қазақтың қара өлеңін кие тұтып, жауһар
жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген
М.Мақатаевқа арналады.
2-жүгізуші: - Жүрек лүпілі мен сезім құдіретінен нәр алған
өлеңдеріне барша қазақ ғашық. Олай болса, сөзді ақынның сан
қырлы поэзиясына ғашық студенттерге берейік.
«Арыз жазып кетейін». Асанбаев Мұңалбек.
«Автограф». Кабибала Мәди.
«Саржайлау» әні. Мұрат ағай.
2-жүргізуші: - Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында
ақ жаулығы бар, Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған
күліп келе жатыр. Ояна келсем түсім екен. Анам бақытты болады
екен деп, ұзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген
өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың». Майлыбаева Жанар.
«Ұлыма». Ділдагүл Манаповна.
1-жүргізуші: - Мұқағали өлеңдерін сөзбен емес, жүрекпен
жазған. Ең бастысы оның шығармаларын оқып отырып
армандайсың, ақын сөзі өз сөзің, өз сезімің сияқты болады.
«Моцарт. Жан азасы». Ермаханова Жарқынай.
«Ей, өмір». Ануарбек Дәурен.
2-жүргізуші: - Қара саздың қыран ұлы, жыр дүлділі Мұқағали
ақынның өлеңдері ән әлемінде қалықтағалы қашан. Ендігі
кезекті сол әсем әндерге берсек. Дәурен мен Бексұлтанның
орындауында «Сенің көзің» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: - Мұқағали – махаббат жыршысы.
Мұқағалидың махаббат тақырыбына молынан қалам тартқаны
белгілі. Ол ғашықтықты асқақтата, қиялдата жырлайды.
140
141
2- жүргізуші: - Махаббат демекші, Диас, сен ғашық болып
көргенсің бе?
1-жүргізуші: - Иә,ол сезім менің де басымнан өткен. Әттең,
бірақ, жауапсыз махаббат...
«Шәмілге жазған хаттардан». Бұрханов Мадияр.
«Махаббат диалогы». Диас, Гауһар.
1-жүргізуші: - «Ақын болу-міндет емес, азамат болу
парызың» - деген ғой ұлылар. Мұқағали ақын болумен қатар
азамат бола білді. Туған елге, туған жерге, халқына, Отанына
деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы
болды.
«Қазақстан». Айдана. «Түнгі Алматы». Сыдықова Майгүл.
1-жүргізуші:
- Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным,алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа,- деп дарынды ақынымыз
жырлағандай өлеңдері көркем қуатымен, еркелігімен халқының
жүрегіне жол тауып жатты.
«Соқ, жүрек». Ұзақбаева Ақжарқын. «Арулар». Ғазиз Аңсар.
«Шыда, шыда». Қабылқанова Гүлім. «Есіңе мені алғайсың» әні.
Шамсурина Р.А.
(Сахнаға Мұқағалиды іздеген ару шығады).
Ару: - Білем саған жете алман, ғарыштасың,
Белгілі мәңгілікке табыспасым.
Дерт те емес, күйік те емес, жар да емессің,
Сен маған сағыныш боп жабысқансың.
«Күрең күз» әні. Еркебұлан.
Оқытушы: - Жылдар өтер... Әлі небір ақындар дүниеге
келер. «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда
өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей Мұқағали поэзиясы
мәңгілік жасай бермек. Жүрегі бар адамның сезімін селт
еткізетін жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі
сақталады.Осымен ақын рухына арналған шығармашылық
кешіміз аяқталды.
Білім сынағында
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,
№1 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы,
Щучинск қаласы.
ДЕңГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
(8-сынып)
Түсінік хат
Қазіргі таңда оқушылардың сабаққа деген қызығушы-
лығын арттырып, сыныптағы дарынды және талантты
оқушыларға білім беруде деңгейлік тапсырмаларды сабаққа
пайдалануға болады. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілінен білім
берудің негізгі мақсаты – қазақ тілін түсініп, оқып және өз
ойын жеткізе білу, сондықтан оқушыларға жас ерекшеліктеріне
байланысты, қабілетіне байланысты деңгейлік тапсырмалар
құрастырдым.
Жеке тұлғаның өздігінен жетілуі, оқушылардың
білім стандартын меңгеруі, есте сақтау дағдыларын
қалыптастыруы, сөйтіп жеке іскерлігін дамыту үшін,
профессор Ж.А.Қараевтың «Педагогикалық оқыту
технологиясы» еңбегін пайдаланып, 8-сынып оқушыларына
әр деңгейдегі модульдік тапсырмаларды ұсынып отырмын.
Әр деңгейдегі модульдік тапсырмалар оқушылардың
өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергенін тексеру
мақсатында пайдаланылады. Бұл оқушылардың сапалы білім
алып, меңгерген білімін, дағдыларын іс жүзінде пайдалана
білуге, жүктемені өздігінен орындап, қорытынды жасауға
дағдыландырады.
142
143
Әр деңгейлі тапсырмаларды іріктеу кезінде оқушылар-
дың білім деңгейі ескеріледі. Оқушыларды сабаққа
қызықтыру үшін, тапсырмаларды мүмкіндігінше түрлендіріп,
«Төменнен жоғары қарай» қағидасы бойынша 4 деңгейге
бөліп беріп отырмын. Тапсырмалар 15-20 минут аралығында
орындалуы тиіс.
I. Отбасы сыйластығы
1-деңгей. «Ата-әке-бала» мәтінін мәнерлеп оқу, аудару,
сұхбат құрастыру.
2-деңгей. 1. Мәтіннен тірек сөздерді табу.
2. Мына сөздерді сөз құрамына талда: ұрпақтан,
отбасының, немерелеріне, мүшелерінің, әкеге, балаларын.
2. Тест сынақ.
1. Қазақ отбасы неден тұрады?
а) құрметті адамдардан; ә) ата, әже, әке, ана, бала;
б) туыстардан;
2. Отбасының ең құрметті адамдары:
а) ана,әке; ә) ата, әже; б) аға, тәте;
3. Отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы кім?
а) ана; ә) әже, ата; б) әке;
4. Отбасының беріктігін сақтаушы кім?
а) аға, тәте; ә) ата; б) ана;
5. Отбасының ең үлкен байлығы не?
а) алтын; ә) бала; б) ата-ана;
3-деңгей:
1. Берілген мәтіннің мазмұнын айт.
2. Мына сөздермен құрмалас сөйлем құрастыр: ұрпақ,
мәртебе, ақылшысы, ағайын;
4-деңгей:
1. Отбасы – сыйластық ортасы. Шығарма жазу.
II. Отан туралы
I деңгей. 1. «Отан – сенің ата-анаң» атты өлеңді мәнерлеп
оқу, төл дыбыстарды орфоэпияға сай айту. 2. Мына сөздерді
сөз құрамына талда: досың, бауырың, халқың, елің;
II деңгей. 1. «Отан – сенің ата-анаң» өлеңі бойынша сұхбат
құрастыру. 2. Төмендегі фразеологизмдерді қолданып, сөйлем
құрап жазыңдар.
Қас-қаққанша –
Қоян жүрек –
Жүрек жұтқан –
Бетінен оты шығу –
III деңгей. Тест тапсырмасы.
1. Құрмалас сөйлем.
1. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен қандай ерекшелік-
тері бар? Атап беріңдер.
а) ....; ә) ...; б) ....;
2. Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?
а) ...; ә) ...; б) ....;
3. Берілген сөйлемнен құрмалас сөйлемді белгілеңдер.
А) Күн шықты, мал өріске кетті.
Ә) Күн шыққан соң, мал өріске кетті.
Б) Үскірік. Аяз, айнала тып-тыныш.
4. Берілген құрмалас сөйлемдерден тыныс белгісі дұрыс
қойылғанын көрсетіңдер.
а) Жаңбыр да, жауды, жер де көгерді.
ә) Қайсар, қалаға барып, көп өзгеріп келді.
б) Бізге дұрыс бағыт беріп, жол көрсетіп отырса болды.
5. Себеп- салдар салаласты белгілеңдер.
а) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.
ә) Мен оны қарсы алып, айтқан жеріне шығарып салдым.
б) Мен білгенім жоқ, сондықтан қателескен екенмін.
2. Берілген сөздердің мағынасын басқа сөздермен
түсіндіріңдер.
Жоғарғы қасиет, өскен жерін, туған ұлтын, отаншыл.
IV деңгей.
1. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына шығарма
жазу.
(Жалғасы бар).
144
Бас редакторы – Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе” –
ай сайын шығатын республикалық
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы:
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-
дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 06.03.2015 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68.
Таралымы – 905. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Қарасай батыр қиылысы.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және
бөлімдер.........................268-32-48.
Факс................................243-15-53.
Электрондық пошта: Kazulagat@mail.ru
Жұрнал сайты: www.kazhu.kz
Басылатын жері – ЖК Асубаев С.Ш.
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУчНО-ПЕДАГОГИчЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИчЕННОЙ
ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
№3, 2015 ж., 144 бет, Алматы.
Document Outline - _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
- _GoBack
Достарыңызбен бөлісу: |