Жүсіп баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата06.04.2017
өлшемі1,48 Mb.
#11181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мәншүк АХМЕТОВА,

№26 орта мектептің қазақ тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Өскемен қаласы.

ЕРТЕГІЛЕР  ӘЛЕМІНДЕ

(4-сынып)

Мақсаты:  білімділік  –  ертегілер  туралы  түсініктерін 

қалыптастыру,  дүниетанымын  кеңейту.  Ертегілер  туралы 

білімдерін  жетілдіру;  дамытушылық  –  оқушылардың 

ауызекі  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру,  шығармашылық 

шеберліктерін  арттыру.  Ертегілер  арқылы  сөздік  қорларын 

молайту,  тіл  байлығын,ойлау,есте  сақтау    қабілетін,  қиялдау 

қабілетін  дамыту;  тәрбиелік  –  оқушылардың  эстетикалық 

сезімдерін  ояту.  Ертегі  арқылы  оқушылардың  өмірге  деген 

дұрыс  көзқарасын  қалыптастыру.  Ертегі  мазмұны  арқылы 

оқушыларды 

адамгершілікке, 

достыққа, 

жақсылыққа, 

жамандықтан алыс жүруге тәрбиелеу. Типі: дәстүрлі емес. Түрі: 

нәтиже  сабақ.  Технологиялар:  ақпаратты-құзіреттілік,  сын 

тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту. Әдіс-тәсілдері:  түсіндіру, 

сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, сахналық көрініс. Көрнекілігі: 

интерактивті  тақта,  суреттер,  компьютер,  кәртішкелер,  ертегі 

кейіпкерлерінің  бетперделері,  ертегіге  қатысты  заттар  (сүт, 

жапырақ,  мейіз...).  Пәнаралық  байланыс:  орыс  тілі,  қазақ 

әдебиеті, дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 

Амансыз ба, алтын күн    Амансыз ба, достарым,

Амансыз ба, ұстаздар!      Қош келдіңіздер!

2. Психологиялық сәт.

Арайлап таң атты,            

Арайлап күн шықты,

- Қайырлы күн, балалар,

Бүгінгі күндерің  сәттілікке толсын,

Бір-бірімізге жүрек жылуын сыйлайық. 

Алақандарын ашып бір-біріне «жүрек» сыйлайды. 

3. Сөзжұмбақ  шешу. Мына тақтадағы сөзжұмбақты шешсек, 

сабақтың  тақырыбы  шығады.  Бүгінгі  сабағымыздың  қандай 

тақырыпта өтетінін сөзжұмбақты  шешу арқылы табайық. Оны 

шешу үшін берілген сөздерді қазақшаға аударамыз.



-  Қандай  сөз  шықты?    «Ертегі»  деген  сөз  шықты  (труд, 

мечта, родина, страна, рассказ,  младший брат сөздері).

- Олай болса, балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін не туралы 

айтамыз?


- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз ертегілер туралы айтамыз.

4.  Сабақтың  тақырыбы:  «Ертегілер  әлемінде»  деп 

аталады.


5. Сабақтың мақсаты: Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз:

- Балалар, біз бүгін ертегілер туралы білімізді толықтырамыз, 

пысықтаймыз,  бекітеміз.  Сабақтың  мақсатына  жету  үшін 

әр  түрлі  тапсырмалар  орындаймыз,  ауызша  сөйлесіп,  тіл 

байлығымызды дамытамыз.

Сабағымыз  4  кезеңнен  тұрады.  Сабақ  барысында 

тапқырлығымызды, білімімізді, алғырлығымызды көрсетеміз.

1-кезең.  Еске  түсіру  кезеңі.  А)  Ассоциациялық  сызба- 

«Ертегі». «Ертегі» дегенде қандай сөздер көз алдымызға келеді? 



96

97

(көркем,  халық  ауыз  әдебиеті,  ауызша  тараған,  жануарлар, 



тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, жақсы өмір, арман) 

Б) Сызба бойынша сөз тіркесі, сөйлемдер құрау. Осы сызбаға 

қарап сөз тіркесі немесе сөйлем құрап жіберейік. 

В) Ал енді біреуің шағын әңгіме құрап жіберіңдерші.



2-кезең.  Жұмбақ шешу. Менің қолымда ғажайып себет.

«Ғажайып  себет»    ойыны.  Ойынның  мақсаты:  Мына 

ғажайып  себетте  алмалар,  саңырауқұлақтар    бар.  Артында 

жұмбақ  жасырылған.  Ойынның  шарты:  Егер  осы    жұмбақты 

шешсеңдер жауабы мен суреті шығады. Оқушылар бір-бірден 

шығып  себеттен  қағазға  жазылған  жұмбақты    алады.  Оқиды, 

шешуін айтады.

1. Өзі жап-жас, мұрты бар,

    Ет пен сүтке ұмтылар.

    Тастамайды жылы үйді,

    Түкті тонын шұп-шұбар.  (Мысық)

2. Қиқу салып бақырып,

    Айқайлауды тауыпты.

    Қыт-қыт дейтін шақырып,

    Кім біледі...?                         (Тауық)

3. Өзі қу, жүрген жері айқай-шу.   (түлкі)

4. Далада жүр шапқылап, керемет тым саққұлақ,

    Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ.   (қоян)

5. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.   (аю)

6. Өзі қып-қызыл болып піседі

    Күнге ұқсас келеді.                  (бауырсақ)

 7. Итке өзі ұқсаған,  Айтыңдаршы, ол қай аң?  (қасқыр)

Тақтада  жұмбақтар  жазылып  тұрады.  Жауабы  суретімен 

шығып  тұрады.  Мысық,  тауық,  түлкі,  қоян,  аю,  бауырсақ, 

қасқыр суреттері.



6.  «Кім  жылдам?»  ойыны.  Мақсаты:  Мұнда  ертегіден 

үзінді  ретінде  сурет  қойылады,  ал  сендер  ол  ертегінің  атын, 

кейіпкерлерін табасыңдар.

7. Бейнекөрініс. «Мақта қыз бен мысық» ертегісіМақсаты:  

бейнекөріністі көру, ұнаған үзіндіден  сурет салу және салған 

суретті  қорғау.  Кім  салған  суретін  қорғағысы  келеді?  Сен 

қандай сурет салдың?

-  Маған  бұл  ертегіден  сиыр  ұнады.  Мен  сиырдың  суретін 

салдым. Өйткені сиыр өте пайдалы жануар. Ол бізге сүт береді, 

май береді. Біз оның сүтін ішеміз.

-  Ал  маған  ағаш  ұнады.  Мен  ағаштың  суретін  салдым. 

Ағашсыз  өмір  жоқ.  Ағаштан  қағаз  жасайды.  Отын  болады. 

Ағаш  –  өсімдік.  Өсімдік  оттегі  бөледі.  Ал  біз  оттегімен  дем 

аламыз.

- Ал мен мысықтың суретін салдым. Мысық 



 өте сүйкімді 

жануар. Маған мысық өте ұнайды.

-  Ал  мен  тауықтың  суретін  салдым.  Маған  тауық  ұнайды. 

Тауық жұмыртқа береді.

8.  Сергіту  сәті.  Қызыл  өрік.  Ал,  балалар,  енді,  демалып 

алайық.


9. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен сахналық көрініс.

10. Тест. Тест сұрақтарына жауап беру. Шешіп болған соң, 

жауап-кілт бойынша бір-біріңді тексересіңдер.



11. Өзара тексеру. Жұптық жұмыс.

12. Сұрақтар. Бекіту сұрақтары.

13. Сергіту ойыны.

 (

Әрі оқу, әрі ойын...). 

Ойынның шарты: 

Мұғалім  орыс  тіліндегі  сөздерді  оқиды,  оқушылар  қазақ 

тіліндегі аудармасын тез табулары  керек.

Ойынның  мақсаты:    Екі  тілді  қатар  үйренейік. 

1.  Смех  – 

күлкі.   Лиса – ... . 2. Орнамент – ою.  Медведь – ... . 3. Язык – тіл.  

Слон – ... . 4. Старый – ескі.  Коза – ... . 5. Шустрый – пысық. 

Кошка – ... . 6. Мечта – арман.  Лес – ... . 7. Проснись – оян.  

Заяц – ... . 8. В этом году – биыл. Корова – ... . 9. Находчивый 

– тапқыр. Волк – ... . 10. Старый – ескі.  Коза – ... . 11. Копейка- 

тиын. Белка- ... . 12. Жди - күт.  Молоко- ... . 14. Небо – аспан. 

Лев – ... . 15. Баба-яга –мыстан. Мышка - ... .



14. Үй тапсырмасын беру. 

15. Қорытындылау.

16. Бағалау.

98

99

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі



Рысты БАЙНАЗАРОВА,

Алматы қаласындағы

№5 мектеп-гимназияның 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС

Мақсаттары:  білімділік  –  оқушының  сөздік 

қорын молайтып, тақырып бойынша берілетін жаңа 

сөздерді  тілдік  қатынаста  орынды  қолдана  білуге 

машықтандыру,  олардың  сауаттылығын  арттырып, 

өз  ойларын  еркін  жеткізе  білуге  дағдыландыру; 

дамытушылық  –  оқушылардың  ойлау,  тыңдап, 

түсіну, сауатты жазу      қабілеттерін дамытып, жаңа 

білім алуға қызығушылықтарын арттыру; тәрбиелік 

  оқушыларды  тәрбиелі,  ақылды,  әдепті  болуға, 

бірлікке,  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.  Түрі:  жаңа 

білім  беру.  Көрнекіліктері:  суреттер,  магнитофон, 

тірек сызбалар. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық 

жұмыс, ойын, 5 жол, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:



І.  Ұйымдастыру  кезеңі:  Сәлемдесу,  кезекшімен 

сұхбаттасу,  оқушыларды  түгелдеу,  оқу  құралдарын 

тексеру, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

1.  Қайталау.  Фонетика.  Оқушыларды  тірек 

сызбалар бойынша сөйлету.

         а) буын                 б) Дауыссыз дыбыстар

 

 

в) сөз құрамы



Құрамы мына тірек сызбаға сәйкес сөз құрастыру. 

Мысалы: оқушылармен, жаңалықтарын.



ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

-  Балалар,  бүгінгі  сабақта  біз  жыл  мезгілі  –  қыс 

туралы,  сендерді  қысқы  демалыстарың  туралы 

әңгімелесеміз. Грамматикалық ережелерді еске түсіре 

отырып,  қазақ  тілінде  дұрыс  жазуға,  бір-біріңмен 

еркін  пікір  алмасуға  үйренеміз.  Өйткені  қазақ  тілі 

қандай тіл? 

–  Мемлекеттік  тіл.  Олай  болса,  мемлекеттік 

тілді  жақсы  меңгеру  үшін  бәріміз  сабаққа  белсенді 

қатысайық. 

1. Қазір жылдың қай мезгілі? Айларын да атаңдар.

2.  Мына  жұмбақтарды  шешіп,  олардың  қай  жыл 

мезгілімен байланысты екенін айтыңдар. 

Қыста ғана болады,                   Тісі жоқ, тістеп алады,

Ұстасаң, қолың тоңады.            Қолы жоқ, сурет салады.

                               (Қар)                                            (Аяз)

Суға батпайды, отқа жанбайды. (Мұз)

3.  Суретпен  жұмыс.  Тақтаға  ілінген  қыс  туралы 

суреттермен екі-үш сөйлем құрау.

ІІІ. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.

1. Жаңа сөздермен жұмыс.                        

Отшашу – фейерверк;

Таң қалу – удивляться;

Сезер емес –не чувствовать;

Ұлпа қар – пушистый снег.

 

....? 



АВ 

 



Бітеу  

...? 


 

Қатаң 


...? 

 

.. 



...?    

Р, л, м, 

н, ң, й, у 

 

...? 



 

100

101


2. Үнтаспадан мәтінді тыңдап, түсіну.

Мәтін.  Кеше  ғана  Жаңа  Жылды  қарсы  алдық. 

Мектептегі  Жаңа  Жыл  кеші  де  көңілді  өтті.  Жасыл 

шыршаны  айналып  бәріміз  ән  салдық,  би  биледік, 

ойнадық.  Түрлі-түсті  от  шашулар  бәрімізді  үлкен 

қуанышқа  бөледі.  Тура  ертегіден  келгендей  болған 

Аяз  Ата    мен  Ақшақар  да  бәрімізді  таң  қалдырды. 

Жаңа Жыл кеші өте көңілді болды. 

Бүгін  міне  далада  ойнап  жүрміз.  Түні  бойы  қар 

жауды. Бірақ бүгін күн жылы, айнала аппақ. Балалар 

қармен  ойнап,  шана  теуіп,  мәз-мейрам.  Қысқы 

демалыс ерекше көңілді.    

IV.  Жаңа  материалды  меңгеру  дәрежесін  тексеру 

кезеңі.


Мәтінмен жұмыс. «Дұрыс – бұрыс»

Жаңа Жыл кеші көңілсіз болды. – Жоқ,...

Аяз Ата мен Ақшақар келген жоқ. – (бұрыс) 

Балалар қыста үйден шықпайды. – Жоқ,...

Қысқы демалыс ерекше көңілді! – Иә!...

Қалай ойлайсындар, бұл мәтінді қандай бөліктерге 

бөлуге болады?

-  Бірінші  бөлігін  қалай  атайсыңдар?  (Жаңа  жыл 

кеші )

-  Екінші  бөлігін  қалай  атауға  болады?  (Демалыс 



күні )

V. Жаңа материалды бекіту кезеңі.

Топтық жұмыс.

(Әр  топқа  жеке  мәтін  беріледі.  Қарсы  топ  келесі 

топқа мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды).

I топ. Қысқы көрініс.

Қыс түсті. Демалыс күні орманға бардық. Биыл қар 

қалың. Орман іші тып-тыныш. Қарағай мен қайың ақ 

киім  киіп  алғандай.  Шырша  да  басына  аппақ  бөрік 

киіп алыпты. Байқамай ағашқа тиіп кетсең, басыңа ақ 

ұлпа қар төгіліп түседі. Мұндай ғажап көрініс қыста 

тек орманда ғана болады.

ІІ топ. Демалыс күндері.

Біздің  ауыл  таудың  етегінде.  Демалыс  күндері 

ауыл  балалары  аяғына  шаңғы  байлап,  таудан 

сырғанақ  тебуге  барады.  Кішкентайлар  шаналарын                 

сүйреп, дөңнен төмен қарай сырғанайды. 

Бүгін  күн  аяз.  Балалардың  беті-қолдары  қып-

қызыл. Бірақ олар аязды сезер емес. Үйлеріне қайтуға 

асықпайды.  Олардың  әр  демалыс  күндері  осылай 

өтеді. 

1)  Әр  топтан  бір  оқушы  мәтінді  дауыстап  оқып 



береді. Қарсы топ келесі топқа сұрақтар қояды.

1. Демалыс күні ауыл балалары   1. Демалыс күні олар 

қайда барады?                                 қайда барды? 

2. Олардың беті-қолдары неге     2. Орманда ағаштар қандай

қып- қызыл?                                   болып тұр?

3. Балалар үйлеріне қайтуға         3. Мұндай ғажап көрініс

неге асықпайды?                            неліктен?

 

2) Интеллектуалдық тапсырмалар. 



(Топтағы 

оқушыларға 

жеке 

тапсырмалар 



беріледі. Әр топтан бір оқушы тапсырмасын тақтада 

орындайды.)

«Есіңе түсір» 

              «Ойлан, тап»

1. Соңғы сөйлемдегі жуан,       1. Мәтіннен көпше түрінде

жіңішке сөздерді анықта.          тұрған 5 зат есім жаз.           

 


102

103


2. Синоним, антонимдер жаз.   2.  Демалыс – буын түрлерін 

                                                     ажырат.              

Ғажап – (керемет, тамаша)          3. Шаналарын – сөз құрамына 

биыл – (былтыр)                       талда.

3. Орман – дыбыстық талдау.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі.

(Тапсырмалар  А4  қағазбен  беріледі.  Әр  топтан 

бір оқушы оны тақтаға іліп, мәтін құрап, әңгімелеп 

береді.)


I топ                                       ІІ топ

«Алма жинау» ойыны.   

       5 жол.

(берілген сөздермен мәтін            1. Қыс

құрап, ат қою.) 

                    2. Суық, аязды, боранды 

              демалады 

                    3. Суытады, ұзарады, 

 

                                                қысқарады



  шана                      ойнайды             4. Қаңтар айының бірінші

                                                              күні - Жаңа Жыл мерекесі.

  шаңғы                    тебеді 

       5. Жыл мезгілі.

  коньки 

  сырғанайды          

     көңілді          далада

     қызықты 

дөңнен

VII. Үй тапсырмасы. - Балалар, қысқы демалыс 

күндерің  туралы  «Досыма  хат»  түрінде  жазып 

келесіңдер.  Мысалы:  Сәлеметсің  бе,  досым  Еркін! 

Мен саған қысқы демалыс күндерімнің қалай өткені 

туралы жазғым келеді...

VIII.  Бағалау  кезеңі.  Оқушылардың  берген 

жауаптарына  қарай  олардың  жаңа  сабақты  меңгеру 

дәрежесін  анықтап,  тұжырымдау.  Оқушылардың 

біліктілігін бағалап, ынталандыру.



IX.  Рефлексия.  Оқушылардың  көңіл-күйінің, 

сабақтағы  іс-әрекетінің,  белсенділіктерінің  нәти-

жесін бақылау. 

 



Майра ЕЛІКБАЕВА,

Алматы қаласындағы

№118 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

МЕНІң ДОСЫМ

Мақсаты:  оқушыларға  дос  туралы  мағлұмат  беру. 

Міндеттері:  білімділік  –  грамматика  арқылы  білімдерін 

кеңейту,  ағылшын,  орыс,  қазақ  тілдерінде  амандасу,  танысу, 

қоштасу,  санату,  қабілеттерін  сұрақ-жауап  арқылы  арттыру, 

берілген сұраққа дұрыс жауап беруді үйрету; дамытушылық 



  оқушылардың  сөйлеу  тілдерін,  сөздік  қорларын  байыту, 

ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын 

арттыру;  тәрбиелік  –  досқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыру, 

адамгершілікке,  достыққа,  адалдыққа,  сауатты  жазуға 

тәрбиелеу.  Түрі:  жаңа-саяхат  сабақ,  топпен  жұмыс.  Әдісі: 

іздену, түсіндіру, фонетикалық ойын, ойландыру. Пәнаралық 



байланыс:  ағылшын,  орыс  тілі.  Көрнекілігі:  сөзжұмбақ 

плакаты,  суреттер,  грамматика,  таблицалар,  зымырандар, 

эмблемалар,  жұлдызшалар,  фонетикаға  байланысты  әріптер, 

«Дос» туралы қанатты сөздер.



Сабақтың  барысы.  I.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Сәлемдесу. 

Мемлекеттік әнұран.Оқушылар назарын сабаққа аудару.



II.  Үй  тапсырмасын  тексеру,  бағалау.  Сөздерді  жатқа  

айту, төл дыбыстарды талдау.



III. Өткенді сұрақ-жауап арқылы қайталау.

- Сенің ағаң қандай? Менің ағам күшті.

- Сенің әжең қандай? Менің әжем әдемі.

- Сенің досың қандай? Менің досым ақылды.

- Дос дегеніміз кім? Дос дегеніміз ең жақын, жақсы адам.

- Досың бар ма? Әрине.

- Досыңның аты кім? Досымның аты – Асқар.


104

105


Енді, «Дос» туралы сөзжұмбақ шешейік.

1. честный; 2. друг; 3. хороший; 4. умный; 5. добрый.

IV. Дос туралы кім қандай мақал-мәтел біледі?

1. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.

2. Досына балдай тәтті бол, Жауына тастай қатты бол.

3. Күлме досқа, келер басқа.

4. Жаман жолдастан мықты таяқ артық.

5. Жан ауыртқан дос емес. Дос жылатып айтар,

Дұшпан күлдіріп айтар.

V. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Менің досым» деп 

аталады.  Достар,  бүгін  біз  саяхатқа  шығып,  «Күннің»  түрлі 

тапсырмаларын  орындаймыз,  топпен  жұмыс  жасаймыз,  үш 

топқа бөлінеміз, «Марс», «Сатурн», «Юпитер» түстері – Қызыл 

зымыран – 1-топ, 2-топ – Жасыл зымыран, 3-топ – Көк зымыран. 

Қай топ фишкаларды көп жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

- Сергіту сәті; - Бір, екі, үш – ал, қанеки, ұш.

  Төрт, бес, алты, жеті – мынау – ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он – ал, қанеки, қон.

VI. Жаңа сабақ.

1. Грамматиканы түсіндіру.

Мен футбол ойнаймын.   Сен футбол ойнайсың.

Сіз футбол ойнайсыз.      Ол футбол ойнайды.

- Ал, енді, суретке қарайық, суретте кімдерді көріп тұрмыз?

- Балалар ойнап жүр.

- Балалар асық, қуаласпақ, жасырынбақ, теннис ойнап жүр.

   

  д     



  о   

      с   

    ы       

м                 

 

VII. Оқулықпен жұмыс. 16-б. 1-т. 



- Бұл кім? 

- Бұл – Әлібек.

- Әлібек не істеп отыр? 

- Әлібек кітап оқып отыр.

- Қандай кітап оқып отыр?

- Ертегі.

VIII.  –  Ал,  енді,  балалар,  «Күннің»  тапсырмаларын 

орындайық.

Алдарыңда  кәртішкелер  жатыр,  сұрақтарды  оқып,  жауап 

беріңдер. Әр топ берілген тапсырмаларға жауап береді. 

IX. Тақтамен жұмыс; Фонетикалық ойын.

Ұ                        Ү

Кәртішкеге  жазылған  «ұ»  «ү»  әрпі  бар  сөздерді  дұрыс 

орналастыру керек. Құс, ұя, ұлу, жұлдыз, үй, күн, үстел.

Мәтінмен  жұмыс:  1-топ  мәнерлеп  оқып,  аударады.  2-топ 

Мәтіндегі сөздерді ағылшын тіліне аудару. 3-топ. Мәтін арқылы 

сұрақтар құрастыру.

Дәптермен жұмыс; Каллиграфиямен жұмыс.

- Балалар, үш тілде сөйлесейік.

Енді үш топты  үш тілде санату.

X. “Күннің» келесі тапсырмасы: «Дос» туралы қандай өлең 

білесіңдер?

Оқушылар дос туралы өлеңдер оқиды.

«Күннің» тапсырмасы. Ойын ойнату.

-  Балалар,  қандай  ойындарды  білесіңдер?  Футбол,  асық, 

жасырынбақ, қуаласпақ.

- Қане, қандай ойын көрсетесіңдер? Асық.

XI.Қорыту:  -  Жақсы  дос  қандай  болады?  Адал,  еңбекқор, 

жанашыр болады.

- Жаман дос қандай болады? Еріншек, арам, мақтаншақ.

XII. Үйге: 11-беттегі ережені жаттау, «Екі дос» туралы ертегі 

оқу.


XXI.  Фишка  арқылы  бағалау.  1-топ  жеңімпаз  атанды. 

Сыйлыққа «Доп» берілді.



106

107


Айсұлу НАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облысының

Орал қаласындағы

А.С.Макаренко атындағы 

№6 жалпы орта білім 

беретін мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

ҚАЗАҚСТАННЫң АСТАНАЛАРЫ

(6-сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға ҚР астаналары туралы мағлұмат 

беру, грамматикалық тақырыпты қайталау.

Дамытушылық:

Жаңа сөздер арқылы оқушылардың сөздік 

қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ойлау 

қабілеттерін, сауатты жазу дағдыларын 

дамыту.


Тәрбиелік:

Оқушыларды туған жерінің тарихын білуге,өз 

Отанын сүюге, халқын, елін құрметтеуге 

тәрбиелеу.

Түрі:

Аралас сабақ.



Әдісі:

Баяндау, ауызекі сөйлесу, мәтінмен жұмыс, 

сұрақ-жауап...

Пәнаралық 

байланыс:

Тарих, орыс тілі.

Көрнекілігі:

Алматы, Қызылорда, Астана қалаларының 

суреттері, хронологиялық кесте, интерактивті 

тақта.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру 

кезеңі:

1. Амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындық-



тарын тексеру.

2. Сурет бойынша әңгімелеу.

- Мына суреттерде қай қала бейнеленген?

- Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?

- Осы суреттен тағы не көріп тұрсыңдар?

ІІ. Үй тапсырмасын 

тексеру:


1. Жаңа сөздерді жатқа сұрау,қазақшасын 

тақтаға жаздыру.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу (бір шумақтан).

3. Өлеңді жатқа айту.

Үй тапсырмасын 

бекіту:


- Бұл өлеңнің авторы кім? 

- Тұманбай Молдағалиев кім

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Астана қандай қала?

- Ақын Астананы немен салыстырады?

Астанадан басқа Қазақстанның қай қалаларын 

білесіңдер?

ІІ. Жаңа сабақ:

Сөздік жұмысы:

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (жаңа сабақтың 

мақсатын хабарлау, тақырыпқа байланысты 

сұрақ қою)

2. Алматы, Қызылорда қалалары туралы 

бейнеролик.

Тұңғыш – первый; құрамында – в составе; 

жарияланды – провозглашен, объявлен; 

көшті –переехал; жарлық – указ; қол қойды 

подписал; сайланды – был избран; егемендік 

алды – получил суверенитет.

Жаңа сөздерді мұғалім оқиды,оқушылар 

хормен оқиды, кезектесіп оқиды, жуан, 

жіңішке сөздерді бөліп оқиды, синонимін табу 

(тұңғыш, егемендік, астана)

- сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

Қазақстанның астаналары.

Қазақ елінің тарихында астана болған төрт 

қала бар.

Орынбор қаласы –еліміздің тұңғыш астанасы. 

1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы 

автономиялы республика болып құрылды. 

Орынбор Қазақстанның бас қаласы болып 

жарияланды.

1925 жылы Қазақстанның астанасы Орынбор-

дан Қызылордаға көшті.  


108

109


ІІІ.Мәтінмен 

жұмыс:


1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан 

Алматыға көшіп келді.

1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан Республикасының тұңғыш 

президенті болып сайланды. Еліміз егемендік 

алды.


1997 жылы 20 қазанда Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан 

Республикасының астанасы деп жариялау» 

туралы жарлыққа қол қойды.

1998 жылы  Елбасының жарлығымен 

Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола 

қаласы Астана қаласы болып аталды.

- Мәтінді мұғалімнің оқуы.

- Мәтінді оқушылар дауыстап оқиды (1рет), 

тізбектеп оқиды.

Мәтін бойынша 

сұрақ-жауап:

- Қазақ елінің тарихында неше қала астана 

болды?


- Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала?

- Қазақстанның екінші астанасы?

- Қазақстанның үшінші астанасы болған қала?

- Еліміз қай жылы егемендік алды?

- Қазақстанның қазіргі астанасы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет