Жүсіп баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата06.04.2017
өлшемі1,48 Mb.
#11181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

X. Сергіту сәті. Түлкі, түлкі, қутыңдайсың,

                             Айналаңнан тың тыңдайсың.

                             Қулығыңды асырсаң да

                             Қасқырдан сен құтылмайсың.



XI.  «Кім  жылдам?»  ойыны.  Үлестірмелі  қима  қағаздар 

арқылы сөздер немесе суреттер  таратылып беріледі. 

Осы  сөздерді    түстері,  көлемдері,  пішіндері  бойынша 

топтастыру.

Мысалы:                                                  Сары

түсіне қарай  

                              Қызыл

 

                                                         Жасыл



XІІ.  «Кім  қай  үйде  тұрады?».  Бұл  ойында  қазақ  тіліне 

тән  әріптерді    жуан  немесе  жіңішкелігіне,  дауысты  және 

дауыссыздығына байланысты үйлерге бөліп орналастырамыз.

XIІІ.  Сабақты  қорытындылау.  Қорытынды  рефлексия: 

Бүгін сабақта қандай жұмыс жасадық? Тапсырмаларды қандай 

деңгейде орындадық?  Өздеріңе қандай баға бересіңдер?

XIV. Үй жұмысы: Ү-Ұ дыбыстары кездесетін жаңылтпаш-

тар жаттап келу.



XV. Оқушыларды бағалау.

 

 



 

 

 



алмұрт 

 

 



 

А 

Ә 

Ы 

І 

о 

 

Ө 



Ұ 

 

Ү 



Е 

   


   

 

Дария КӨПШІЛБАЕВА, 



Алматы қаласындағы

№ 90 мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

МЕН НЕ БІЛЕМІН?

Сабақтың 

мақсаты:

Білімділік – оқушылардың өткен модуль бойынша 

алған  білімдерін бекіту, тақырыптарды қаншалықты 

меңгергендерін түрлі тапсырмалар арқылы анықтау, 

топпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру; 



дамытушылық – ойлау қабілеттерін арттыру, ауызекі 

сөйлеу тілдерін дамыту;



82

83

Тәрбиелік – сыныптастарымен достық қарым-

қатынасты нығайтуға тәрбиелеу, сауаттылыққа баулу.

Түрі:

бақылау сабақ.



Әдіс-тәсілдері:

Сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер –

диалогтік тәсіл,  оқу үшін және оқыту үшін бағалау, 

жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс.



Пәнаралық 

байланыс:

 орыс тілі, әдебиет, музыка.



Көрнекіліктер:

суреттер,  үнтаспа, үлестірмелі кеспелер, сөзжұмбақ

бағалау фишкалары мен бағалау парағы.

формативті 

бағалау түрі:

 өте жақсы, жақсы, қанағаттандырарлық.



Мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері

Уақыты

 Жұмыс түрлері

Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

3 мин.

Ұйымдастыру 

кезеңі.

Психологиялық 

тренинг.

«Менің көңіл-

күйім» жаттығуы.

Мұғалім 


оқушылар 

арасында 

ынтымақтастық 

атмосферасын 

қалыптастырады.

-Бүгін көңіл-

күйлерің қалай?

Оқушылар өз 

көңіл-күйлерін 

айтады, үш 

топқа бөлінеді, 

тақпақ  оқып, 

төл дыбыстарды 

қайталайды, 

дыбыстық талдау 

жасайды, жіктік 

жалғауында тұрған 

сөздерді тауып 

айтады.

фонетикалық 

жаттығу.

Мен ақылды 

баламын,

Оқимын да 

жазамын.

Күлемін де 

ойнаймын.

Бөлмемді де 

жинаймын.

7 мин.

Үй тапсырмасын 

тексеру.

Өткенді еске түсіру.

Оқушы 

жауаптарын 



тыңдайды, жазба 

жұмыстарын 

тексереді, 

тиісті бағалау 

фишкаларын 

береді.


Өлеңді жатқа 

айтады, өткенді 

еске түсіреді, 

кеспеде берілген 

сөзге тиісті 

жіктік жалғауын 

жалғап жазады.

5 мин.

Қызығушылықты 

ояту.

«Миға шабуыл» 

стратегиясы.

Сұрақтар қояды:

- Сенің отбасыңда 

неше адам бар?

- Сен нешедесің?

- Сенің досың 

қандай?

- Сенен үлкен қыз  



саған кім болады?

- Сенің әкеңнің 

шешесі саған кім 

болады?


- Сенен кіші ұл 

саған кім болады?

- Сенің анаңның  

шешесі саған кім 

болады?

- Сен кімге 



ұқсайсың?

- «Ы» қандай 

дауысты дыбыс?

- Сенің бөлмең 

қандай?

- Бөлмеде не бар?



- «Ә» қандай 

дыбыс?


- Сен тісіңді неше 

рет тазалайсың? 

Қашан?

- Сен ойыншықта-



рыңды қайда 

саласың?


- Сен киімдеріңді 

қайда ілесің?

Өткен тақырыптар 

бойынша 


сұрақтарға 

жылдам жауап 

береді.

1 мин.

Сергіту сәтін 

жүргізу. 

«Қызыл өрік» әні.

Үнтаспаны 

қосады.


Сергітуді қимыл 

арқылы  көрсетіп, 

билейді, сәл 

тынығады.



5 мин. 

Диалог құрастыру.

Сурет бойынша 

сөйлету.

Тақтаға суреттер 

іледі. «Отбасы, 

бөлме, дос» тақы-

рыбына байла-

нысты суреттер.

Тақтада 

берілген сурет 

бойынша сұхбат 

құрастырады.



3 мин.

Жұптық жұмыс.



Сөзжұмбақ 

шешкізу.

Сөзжұмбақты 

таратады.

Әр жұп сөздердің 

аудармасын тауып, 

сөзжұмбақты 

шешеді, 

сөзжұмбақты 

ауыстырып, әр


84

85

жұп бірін-бірі 



бағалайды.

7 мин.

Топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс.

Әр топқа мәтін 

таратады, 

тапсырманы 

түсіндіреді, 

барлық оқушының 

жұмыс істеуін 

қадағалайды, 

бағалау 


фишкаларын беріп 

отырады.


Мәтінді оқиды, 

аударады, мәтінге 

ат қояды, мәтін 

бойынша 4 сұрақ 

құрастырады.

5 мин.

Жаттығу жұмысы.

«Дос, бөлме, 

отбасы» сөздерін 

тәуелдеу.

Тапсырманы 

түсіндіреді.

Мәтінде 

көрсетілген 

сөзді тәуелдеп 

жазады.


2 мин.

Аудирование.

«Әже» туралы 

тақпақты тыңдату.

Үнтаспаны 

қосады.

Оқылған өлеңнің 



мазмұнын өз 

ойларымен  

жеткізеді. 

2 мин.

«Кім жылдам?» 

ойыны.

Санамақтарды 

оқиды:

Үстелдің үстінде 

екі алма, Үстелдің 

астында үш алма,

Анардың қолында 

екі алма, Барлығы 

болады қанша 

алма? (7 алма)

Санамақты мұқият 

тыңдап, сандарды 

қосып, шешімін 

тауып айтады.

Бір үйде біз 

нешеуміз? Кел 

санайық, екеуміз.

Бас бармағым –  

әкем, Балаң үйрек 

 анам, Ортан 

терек  ағам, 

Шылдыр шүмек 

 мен,

Кішкентай 

бөбек – сен!                        

(бесеуміз)



2 мин.

Сабақты қорыту.

Топтық жұмыс.

Керекті 

құралдарды, 

флипчартты 

таратады, 

тапсырманың 

орындалуын 

түсіндіреді.

Берілген сөздер 

бойынша сөйлемді 

дұрыс құрастыра 

отырып сөздерді 

ретімен жазады, 

оны оқиды.

1. Менің бөлмем

кең және жарық.

2. Менің 

отбасымда төрт 

адам бар.

3. Менің досым 

әдемі және көңілді.



1 мин.

Үй тапсырмасы: 

1. Берілген мәтінді 

әңгімелеу. 2. №3 

жұмыс дәптердің 

8-12-беттерін жазу.

Тапсырманың 

орындалу жолын 

түсіндіреді.

Оқушылар 

күнделіктеріне 

жазады.

1 мин.

Бағалау.

Бағалау парағы 

бойынша

қорытынды 



бағасын қояды.

Берілген 

фишкаларын 

санайды.


1 мин.

Рефлексия.

- Не білдік?

- Не түсініксіз?

- Не ұнады?

Сабақтан алған 

әсерлерін 

жазып, тиісті 

смайликтерге 

жапсырады.

   


   

 

Лиза БЕКБАЕВА,



Үшқоңыр ауылындағы

орта мектептің мұғалімі.

Алматы облысы,

Қарасай ауданы.

ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты:  1)  көшеде  жүрі  тәртібі  туралы  білімдерін 

тиянақтау;  2)  көше  тәртібін  әрдайым  сақтауға,  қиын  жағдай-

ларда  дұрыс  шешім  таба  білуге  тәрбиелеу,  құқықтық  тәрбие 

беру;  3)  оқушылардың  ой-өрістерін,  жан-жақты  білімдерін 

дамыту. 

Түрі:  сайыс.  Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,  топпен  жұмыс, 

ойын. Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағдаршам макеті.



86

87

I. Ұйымдастыру, оқушылармен амандасу.



II. Қызығушылығын ояту.

Сұрақ-жауап:  -  Балалар,  көшеде  жүру  ережесі  бізге  не 

үшін қажет? Жиек жол деген не? Жаяуға қай жермен жүруге 

болмайды?  Көшеде  жүру  тәртібін  кім  басқарды?  Бағдаршам 

туралы не білесіңдер? 

- Балалар, енді, ортамызға бағдаршамды шақырайық. (Бәрі 



бірге бағдаршамды шақырады).

Бағдаршам: - Амансыңдар ма, балалар, жол ережесі туралы 

не білесіңдер?

Мұғалім:  -  Отырыңыз,  бағдаршам.  Оқушылардың  «Жол 

ережесі» туралы сайыстарын көріп, өз бағаңызды беріңіз.

III топқа бөлу. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Қызылдар». Ұраны: Қызыл көзін ашқанда,

                                                Ешқашанда баспа алға.

2-топ: «Сарылар». Ұраны: Сары көзін ашқанда,

                                              Қарап қалма аспанға.

3-топ: «Жасылдар». Ұраны: Жасыл көзін ашқанда,

                                                Жүре бергін жасқанба.

-  Ал,  енді,  балалар,  бағдаршам  туралы  қандай  тақпақтар 

білесіңдер?

1-оқушы: - Қып-қызыл үшбұрыш

                    Ескерту белгісі мен боламын.

                    Қауіптен сақ бол деп,

                    Сәт-сапар жолдаған.

2-оқушы: - Сарымен боялған шеңберім аумақты

                    Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

                    Мен тұратын жерлерде хақың жоқ жүруге

                    Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.

3-оқушы: - Баратын жерінің бағыты тұрағым,

                   Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

                    Күндіз де, түнде де от болып жанады,

                    Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

1-сайыс. «Кім шапшаң?». Интерактивті тақтадан үш топқа 

тест  сұрақтары  қойылады.  Топ  оқушылары  кезекпен  жауап 

береді.

2-сайыс.  Блиц-турнир  сұрақтары.  Әр  топқа  үш  сұрақтан 



қойылады.  Топ  оқушылары  сұрақтарға  бірден  жауап  беруі 

керек.


Қызыл топ: 1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді? 

2. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған 

себебі  неліктен?  3.  Жолды  неге  тек  жол  өткелдерінен  қиып 

өтуге тиіспіз?

Сары  топ:  1.  Жол  өткелінен  жүгіріп  өтуге  бола  ма?                                  

2.  Жол  жиегінде  тұрған  көліктердің  қай  жағынан  өту  керек?                 

3. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?

Жасыл  топ:  1.  Велосипедпен  неше  жастан  бастап  жүруге 

болады?  2.  Бағдаршам  қойылған  жол  өткелі  қауіпті  ме, 

әлде  бағдаршам  қойылмаған  жол  өткелі  қауіпті  ме?  3.  Жол 

бойындағы тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?

3-сайыс.  «Жол  белгілерін  еске  түсірейік»  суретті  лото 

ойыны. Әр топқа суреттер таратылады. Жол белгілерін дұрыс 

тапса жол ережесіне байланысты әңгіме құрастырылады.

4-сайыс.  «Кім  тапқыр?».  Сөзжұмбақ  сайысы.  Әр  топқа 

сөзжұмбақ  жазылған  үлестірмелі  материал  таратылады. 

Сөзжұмбақты  дұрыс  шешкенде  «Бағдаршамды  сыйлаңдар» 

деген сөз шығады.

IV. Ой-толғаныс.

Қорытынды. 1. Балалар, бағдаршам деген не? 2. Үш қызметін 

атаңдар.

-  Ал,  енді,  балалар,  бағдаршамды  шығарып  салайық. 

Бағдаршам  ортаға  шығып:  -  Сендер  мен  туралы  көп  нәрсе 

біледі  екенсіңдер.  Рахмет  сендерге,  балалар,-  деп  қоштасып 

шығып кетеді.

- Ал, енді, балалар, үйге тапсырма: «Жол тәртібін білейік, 

аман-есен жүрейік» тақырыбына эссе жазып келу. 


88

89

Орынша ИСКАКОВА,



Қаскелең қаласындағы

С.Керімбеков атындағы 

орта мектептің мұғалімі.

Алматы облысы,

Қарасай ауданы.

КӘМЕН ОРАЗАЛИН.                            

«АБАЙ ШАңЫРАҒЫ»  

Мақсаты:  білімділік  –  оқушыларға  Кәмен 

Оразалиннің  «Абай  шаңырағы»  әңгімесін  оқыту 

арқылы  Абай  өмірі  жайында  мәліметті  толықтыра 

отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін 

қысқа  әрі  нақты  әңгімелей  білуге  үйрету; 

дамытушылық  –  сөздік  қорын,  тіл  байлығын 

дамыту; тәрбиелік – үлкенді сыйлауға, ізетті болуға 

тәрбиелеу. 

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, 

әңгімелеу,  дәлелдеу,  зерттеу.  Көрнекілік:  оқулық, 

суреттер, стратегиялар, топтық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Оқушы  зейінін  сабаққа 

аудару.  

-  Күнге  қолдарыңды  созыңдар.  Күннің  жомарт 

сәулелері  ананың  нәзік  алақанындай  аялайды, 

сипалайды,  жылытады.  Сиқырлы  күн  барлық  өкпе 

мен  мұңды  ерітіп  жібереді.  Жүрегімізді  жылу  мен 

махаббатқа толтырады. 

Барлығы:


- Күн жарығын алақанға саламын,

  Жүрегіме басып ұстай қаламын.

  Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, 

  Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-  Міне,  жүрегіміздегі  осындай  жылумен 

сабағымызды бастаймыз. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 

Еңбекпен тапқан тиын (Грузин ертегісі)

Үй  жұмысын  топтық  тапсырмалар  арқылы 

білімдерін тексеру.

I топ. Ертегіні рөлге бөліп оқу.

II топ. Ертегіні әрі қарай жалғастыру.

III топ. Ертегіні сахналау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: 

Еңбек  туралы    мақал-мәтелдер    арқылы 

қорытындылау. 



Еңбек етсең ерінбей, 

Тояды қарның тіленбей. 

Еңбек түбі – береке. 

Кім еңбек етсе – сол тоқ.

ІV. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын 

хабарлау. «Үлкенді сыйлау» дегенді қалай түсінесің?



V. Жаңа сабақ: Кіріспе. Абай кім? Ол туралы не 

білеміз? (Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны. 

1845 жылы Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін 

білесің?  

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. 

Сөздік жұмыс. 

Шымши – өрнектеп тоқылған ши. 

Ызу – тігістің түрі. 

Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш.

Сүйектөсек – сүйекпен өрнектеп жасаған төсек. 



90

91

Әңгіменің мазмұнын «Топпен зерттеу стратегиясы» 



бойынша түсінеміз және зерттейміз, дәлелдейміз.

I топ. Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? 

Абай  қайтқаннан  кейін  оның  орнын  өзгертпей 

ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан) Ол қыс бойы 

қандай жұмыстар істеді? 

II  топ.  Кімдер  келді?  Кәкітай  не  деді?  Күнжанға 

олар не айтты? 

III топ.Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды) Неге 

Әуез қария толқып кетті?

VІ. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс.

I  топ.  Мәтіндегі  қызыл  түспен  ерекшеленген 

сөздерді  тауып  оқы  (уық,  керегесінің;  қызыл  күрең 

сырмен; ақ жүннен киіз; алаша, сырмақ; сүйек төсек; 

кітап  шкабы;  үш  ішекті  домбыра;  қызыл  күрең 

кілемнің; қонақ көрпелер; дөңгелек үстел.) 

II  топ.  Осы  сөздерді  пайдаланып,  суреттегі  Абай 

үйін сипаттап айт.

III  топ.Абайдың  үйін  кім  әдемі  етіп  ұстады? 

Киіз  үйге  Кәрім  мен  Кәкітай  қандай  баға  берді? 

Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

VIІ. Сабақты қорыту: 

Бүгінгі сабақтан не білдік?  Мәтіндегі әр бөлікке 

ат қой. 

I топ. Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы. 

II топ. Қонақтардың бағасы. 

III топ. Әуез қарияның толқуы, т.б. өз еркімен.



VІІІ.  Үйге  тапсырма:  түсініп  оқу,  мазмұнын 

әңгімелеу. 



Бағалау.

Жұлдыз КИКИМОВА, 

О.Жандосов атындағы

орта мектептің мұғалімі.

Алматы облысы,

Қарасай ауданы.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК

(4-сынып)

Құндылығы:  ішкі  тыныштық.  Қасиеттері:  жақсы 

істер жасай білу.

Сабақтың мақсаты: ішкі тыныштық арқылы 

баланың бойында  «қайырымдылық», 

«қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары 

туралы түсініктерін кеңейту,адам бойындағы 

жақсы қасиеттерін тауып,оны құрметтеуге  баулу.

Сабақтың міндеттері: жақсылық жасаудың 

адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру; 

жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;  

қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: 

оқулық, дәптер, 

үнтаспа,

DVD, музы-

ка, түрлі-түсті 

геометриялық 

фигуралар, нақыл 

сөздер.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезені:

Сабақтағы жағымды күйге келу. Тыныштық сәті

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары 

көтеріп, көздеріңді жұмыңдар, ауаны терең 

жұтып, еркін тыныс алыңдар. Елестетіп көріңіз: 

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай 

бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл 

түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу 

ашылып келеді. Балғын да  таза әсем гүл сіздің әр 

ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-

қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын 

ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай 



бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе 

түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. 

Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. 

Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және 

баршаға көмектеседі. 

Оқушыларды 

түгелдеу. Сабаққа 

назарын аудару.  

5 типті ескеру 

(тәртіп, та-

лап, тазалық, 

тыныштық, 

татулық)


92

93

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр 



сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау 

үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен 

махаббат құралына айналды. 

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. 

Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер 

ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, 

құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді 

ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  

тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана 

көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, 

басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.  

Нұр бірте-бірте қарқындай бастайды, сіздің 

денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле 

шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға

мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға 

бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп 

жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да 

жүрегі нұрға толсын.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің 

ішімде... Мен – Нұрмын». Осындай Нұр, 

Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра 

тұрыңыз...  

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. 

Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны 

осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 

Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!



Үй тапсырмасын тексеру: 

Оқушылармен  үйде құрастырып келген 

сөзжұмбақты талдау.

Жақсы бала болу үшін балада қандай қасиеттер 

болу керек?  

Сөзжұмбақ



Дәйексөз. Жағымды ой пікір.

Біреуге жақсылық етсең,

Өз жақсылығыңды міндет етпе. 

                                     Ыбырай Алтынсарин.                                

Дәйексөзді оқып талдау. Дәптерлеріне жазғызып, 

хормен оқыту. (Біреуге жақсылық жасап, жасаған 

жақсылығыңды пұлдап, міндет етпеу керектігін 

айтамын. Адамға жақсылық жасаған соң риясыз, 

шын көңілмен, жанашырлықпен, адал ниетпен 

жасау керек. Жасаған жақсылығымды  қайтар 

деудің қажеті жоқ. Істеген ісіңе ақы сұрама 

деген.)


Қазақ даласына 

алғаш білім жа-

рығын алып кел-

ген адам 

- Ыбырай 

Алтынсарин. 

Қостанай облы-

сында туған. «Қа-

зақ хрестоматия-

сы» оқу құралын 

жазған. Қазақ 

балаларына арнап 

мектеп ашқан.                                            

Оқиға немесе әңгіме айту:

“Адал дос” М.Төрежанов 

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп 

келе жатты. Оның біреуі 

– 

Аблан да,екіншісі 



 

Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре 



алмайтын,демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің 

жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, 

тура алдарынан шыға келді. Абыз: - Аблан, қаш, 

әне, ит келіп қалды – деп қатты қорқып, айқайлап 

жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып,итке қарсы 

ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан 

бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер 

келіп, Абланды құтқарып алды.

Әңгімеге байла-

нысты суреттер

Мәдіхат 


Төрежанов (1921-

1996) Ақмола 

обл. дүниеге кел-

ген. 1941 жылы 

педагогикалық 

инст. филология 

факультетін бітір-

ген. Мектепте мұ-

ғалім болып жұ-

мыс істеген. «Ше-

гіртке мен ара», 

«Бітпеген ойын», 

«Кім ақылды», т.б 

секілді прозалық 

шығармалар 

авторы.


Абыз Абланның жанына келіп:

- Мен қаш дегенде неге қашпадың?

- Мен қашатын болсам,сен тұтылатын едің. 

Өйткені,сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені 

иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым,- деді 

Аблан.


- Достар деген осындай болар,- деді олардың 

сөзін естіген үлкендер сүйсініп қарап. 

Әңгімелесу. 1) Аблан қандай жақсылық жасады? 

2) Абыз неге қашып үлгермеді? 3) Үлкендер не 

үшін сүйсініп қарады? 4) Өздеріңде осындай 

жағдай кездескен кезі болды ма? 

• Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын 

қалай түсінесіңдер? Жақсылық жасау деген 

не? Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер 

болады? Жақсылықты риясыз жасау дегенді 

қалай түсінесіңдер? Өздеріңнің жақсылық істерің 

туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

Шығармашылық  жұмыс. Топпен жұмыс. 

І топ “Жақсылық” үйін құрастыру. Тапсырма: 

“Жақсылық” үйінде қандай адамдар тұру керек.

ІІ топ “Бақыт” гүлінің суретін салу. Тапсыр-

ма: Сендер өздеріңді қандай оқушы деп са-

найсындар? Өздеріңнің бойларыңдағы жақсы 

қасиеттеріңді жазыңдар.


94

95

ІІІ топ «Жүрек» суретін сал. Тапсырма: 



Жүректерге жақсы тілектерін жазу.

Топпен ән айту. «Достар» әні.

Үй тапсырмасыдостық туралы шығарма жазу.

Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгін сабақта не өтілді, соны есімізге түсіріп, бір 

минут тынышталып, ой елегімізден өткізейік.

   

   


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет