Жүсіп баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.04.2017
өлшемі1,48 Mb.
#11181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жандос:  -  Иә,  бар.  Шілдехана  тойы.  Бұл  той  жаңа  туған 

нәрестеге  арнайы  жасалынады.  Күндіз  туған-туысқандар, 

көршілер,  жора-жолдастар  «Құтты  болсын!»  айтып,  кешке 

жиналғандар  ән  айтып,  би  билеп,  домбыра  шертіп  көңіл 

көтереді. 

Ерасыл:  -  Бесік  тойы  Бұл  дәстүрде  жаңа  туған  нәрестені 

бесікке  салады.  Бесікке  салу  да  –  халқымыз  үшін  елеулі 

дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, 

өнегелі  әжелеріне  тапсырылады.  Бесікті  отпен  аластап, 

тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне 7 түрлі 

қадірлі, таза заттар қойылады. 



Бегайым:  -  Тұсаукесер  тойы.  Тұсаукесер  тойы  сәби  тәй-

тәйлап жүре бастағанда өткізіледі. Сәбиді қаз тұрғаннан кейін 

тез  жүріп  кетсін  деген  тілекпен  жасалатын  ғұрып,  ырым.  Ол 

үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын 

тұсап,  оны  аяғын  жылдам  басатын  әйелге  қидырады.  Тұсауы 

кесілген баланы қолынан ұстап, тез жүгіртеді. Артынан шашу 

шашады. 

Аян: - Сүндет тойы. Ұл баланы тақ, яғни, 3, 5, 7 жасында 

сүндетке отырғызады. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да 

пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол – ата-ананың 

борышы. Бұл рәсімнен кейін «Сүндет тойын» тойлау басталады. 



Сұлтан:  -  Тілашар.  Бала  7  жасқа  толған  соң,  ата-анасы 

баланы  медресе  не  мектепке  оқуға  апарған.  Баланың  оқуға 

баруы  –  үлкен  қуаныш,  сондықтан  әке-шешесі  «Тілашар» 

тойын жасаған. Тойға келген адамдар құттықтау  айтып, шашу 

шашқан, бата берген. 

Алдияр:  -  Жеті  ата.  Әр  адамның  өзінің  жеті  атасын  білуі 

білімділігін,  ата  көрегендігін  танытады.  Ал,  білмесе,  «жеті 

атасын білмеген жетесіз»,- деп сөккен. Жеті ата: бала, әке, ата, 

арғы ата, баба, түп ата, тек ата.



Мунира:  -  Сүйінші.  Қуанышты  хабар  жеткізуші  адам 

«Сүйінші!  Сүйінші!»  деп  келеді.  Мұндайда  қуанған  үй  иесі 

«қалағаныңды  ал»,-  дейді.  Немесе  оған  риза  болатындай 

сыйлық ұсынады. Бұл – шын қуанудың, ризашылықтың белгісі. 



Зарина:  -  Шашу  –  қуаныш  айғағы  ретінде  жасалатын 

салтанатты  дәстүр.  Бала  дүниеге  келгенде,  келін  түскенде, 

құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс 

тиындармен әйелдер шашу шашады.



Аня:  -  Бәрекелді!  Сендер  де  салт-дәстүрдің  біразын                       

біледі екенсіңдер. 



Ерасыл: Сүйінші! Сүйінші!

Мадияр: Қалағаның сенікі, Ерасыл. Не болды? Айтсаңшы!

Ерасыл: - Бізге алыстан биші қонақтар келіпті!

Аня: - Гүл жайнаған көктемде

            Гүлден сыйлық көп менде. 

            Әне гүлдер келеді, 

            Ән сап, билеп береді (биші қонақтар би билейді).



Мадияр:  -  Қонақ  демекші,  қонақ  келгенде  қазақ  салты 

бойынша қонақ асы беріледі. Біздің қыздар табақ тарту салтын 

біледі ме? Көрейік!

(Қыздар ортаға шығып көрсете бастайды)



Әмина: Бас табаққа бас, жамбас және белдеме, омыртқа, 

қазы-қарта,  сүбе,  жал  және  жая  тартылады.  Бұл  табақ  ауыл 

үлкендеріне,  ақсақалдарға,  алыстан  келген  сыйлы  қонақтарға 

тартылады. 



40

41

Мунира: Сый табаққа жамбас, асық жілік және белдеме, 

омыртқа, қазы-қарта, сүбе, жал және жая тартылады. Бұл табақ 

сыйлы қонақтарға, құдаларға ұсынылады. 



Бегайым: Орта табаққа асық жілік, ортан жілік салынуы 

керек.  Бұған  қоса  –  белдеме,  омыртқа,  қазы-қарта,  сүбе,  жал 

және жая тартылады. Бұл табақ орта жастағы қонақтарға, жора-

жолдастарға ұсынылады.



Зарина:  -  Аяқ  табақ.  Ауыл  адамдары  үшін  еттің  қалған 

мүшелерімен жасалады. Төс пен асық жілік – күйеу мен келіннің 

сыбағасы. Келінге – ұлтабар (ұл тапсын), қыз балаға – жүрек 

(ержүрек болсын), балаға – құлағың жақсыға үйір болсын деп 

бастан құлақты сыбағалап, әнші бол деп қыз балаға таңдайды 

ұсынады.


Аня: - Қазақ салты бойынша көп ойындар ойналады. Сол 

ойындардың біреуін ұлдар ойнап көрсетсін.



Ерасыл: Ойынның аты – ханталапай. Бұл ойынды 4-5 бала 

ойнайды. Бізге керегі 10 асық және 11-асық «хан» болады.

Балалар  кезектерін  біліп,  бірінші  ойыншы  асықтарды            

иіреді. Басқа балалар «ханға» қарайды. 

«Хан»  алшы  түскенде,  балалар  ортадағы  асықтарды 

ханталапай жасайды. «Хан» кімнің қолында кетсе, келесі болып 

асықты  иіреді.  «Ханмен»  бірге  қолына  түскен  асықтардың 

санына байланысты ұпай саналады. 

«Хан»  алшы  түспесе,  иірген  ойыншы  шашылған  асық-

тардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін, алшысы мен алшысын, 

тәйкесі мен тәйкесін бір-бірімен соғады. Соғылған асықтардың 

біреуін  алып,  ұпай  жинайды.  Бір-біріне  тимей,  басқа  асыққа 

соғылса  немесе  қозғап  кетсе,  онда  кезек  басқа  ойыншыға 

беріледі. Кім көп ұпай жинаса, сол ұтады (ұлдар ойын ойнайды).



Мадияр:  -  Біздің  салтымыз,  дәстүріміз  көп.  Мысалы, 

Наурыз мерекесінде де көп салтымызды көруге болады. 



Аня:  -  Ал,  Наурыз  мерекесінде  қандай  тілектер                         

айтылады?



Оқушылар: Наурыз құтты болсын!

                         Ұлыс бақты болсын!

                         Ақ мол болсын!

                         Ұлыс береке берсін!

                         Төрт түлік ақты болсын!...- дейді.

Мадияр:  -  Наурыз  мерекесін  қарсы  алу.  «Келді  Наурыз  – 

жыл басы» өлеңі.



Әмина: - Ерітіп қарын даланың, 

                Жайнатып гүлін даланың.

                Жетелеп жұмсақ самалын, 

                Келді Наурыз – жыл басы.



Кристина: Күлімдеп қарап күміс күн, 

                     Аспаның бүркен пүліш түн. 

                     Ұлы күні ұлыстың, 

                     Келді Наурыз – жыл басы.



Насиба: Көгіме күнін өрлетіп, 

                  Ешкі мен қойын төлдетіп. 

                  Қаймақ пен сүтін селдетіп, 

                  Келді Наурыз – жыл басы. 



Евгения: - Армысыңдар, халайық!

                   Бармысыңдар, халайық!

                    Наурыз тойын жұп жазбай, 

                    Биыл қарсы алайық. 



Ерасыл: Досқа құшақ ашайық, 

                  Өлең-жырға басайық. 

                  Қазақтың бір салты деп, 

                  Тойға шашу шашайық! (шашу шашылады)



Аня: Наурызды халқымыз, 

           Жыл басы санайды. 

           Үлгілі салтымыз, 

           Көп елге тарайды. 



Мадияр: - Таң қуанып атады таудан асып, 

                   Наурыз келді ортаға нұрын шашып. 

                   Осы тойда тұсауын кескен кезде

                   



42

43

Жас  сәбилер  кетеді    басып,  -  деп  тұсаукесер  рәсімін          



өткіземіз. 

Мөлдір: - Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда 

оның тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл 

бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, 

нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен. Баланың 

тұсауын 3 түрлі затпен кескен: біріншіден, адам болсын, адал 

болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын деп ала жіппен кескен; 

екіншіден, көк көп болсын, ақ мол болсын, қайда жүрсе де жол 

болсын  деп  шөппен  кескен;  үшіншіден,  қарны  тоқ  болсын, 

қайғы-мұңы жоқ болсын деп тоқ ішекпен кескен (кесу үстінде).

Жолың болсын деселік, 

Жолыңа нұр төсейік. 

Жарылқасын алдыңнан, 

Тұсауыңды кесейік!

Тұсауыңды кесейік!

Күрмеуіңді шешейік.

Сәбидің  тұсауы  кесілген  соң,  сәбиді  екі  жағынан  ұстап 

жүгіртіп, жүргізеді. Артынан шашу шашылады.

Қаз, қаз балам, қаз балам, 

Қадам бассаң, мәз болам. 

Тағы, тағы баса ғой, 

Тақымыңды жаза ғой. 

Қаз болса ғой қарағым

Құтты болсын қадамың!

Қаз, қаз балам, қаз балам, 

Қадам бассаң, мәз болам (тұсауын кеседі).

Мадияр: «Қазақтың дастарқаны» әнін Назерке қызымыз 

орындап береді (ән айтылады).



Аня: - Жарқыраған жас нұрлы, 

            Жаса Наурыз, дәстүрлі! – 

дей келе батаға кезек берейік (бата айтылады).

Аня:  -  Осымен  бүгінгі  сыныптан  тыс  сабағымызды 

аяқтаймыз.  Қатысқандарыңыз  үшін  көп-көп  рахмет  (соңында 

музыка ойнайды, балалар бас иеді).

                                                                             

Күләш ӘБДІРОВА,

Павлодар  қаласындағы

«Стикс» бейіндік  бағыттағы  мектебінің

                        қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

(4-сынып)

Мақсаты:  білімділік  –  Наурыз    мейрамы    туралы    білім  

алмасып,  білімдерін  кеңейту; дамытушылық – сөздік  қорын  

байыту,  өз  пікірлерін  дәлелдеп  айту  дағдыларын  дамыту; 

тәрбиелік  –  қазақ    салт-дәстүрлеріне  қызығушылықтарын  

арттыру,  топта,  жұпта  жұмыс істеу  тәртібін   тәрбиелеу. 



Негізгі  түйіні: АКТ-ны  қолдану. 

Күтілетін    нәтижелер:  дағдыларын  жетілдіру,  білімдерін  

тәжірибеде  пайдалану. 



Сілтеме:  Наурыз  мейрамы    туралы    бейнематериал,  

бейнеклип.



Сабақтың  барысы:

I. 1. Ұйымдастыру  кезеңі: Психологиялық  ахуал  жасау.

Бірге  айту: Мақсатымыз – білім  алу,

Міндетіміз – еңбек  ету.

Еңбек  етіп  ерінбей

Беске  қолды   жеткізу.

Оқушыларды  2    топқа    бөлу.  Суретті  4-ке  бөліп,  аралас-          

тыру, партаға қою,  бөлмек арқылы топқа бөліну.

3. Өткен  тақырыпты  қайталау. Топтық жұмыс. 2-3  минут.

3 сұрақ дайындап, бір-біріне  жауап  беру.

II. 4. Жаңа  тақырыпқа  шығу.


44

45

Бейнематериал  арқылы  (АКТ)  Наурыз  мейрамы  туралы 



бейнеүзінді көрсету.

-  Бұл    не    деп        ойлайсыңдар?-    ойларын    қағазға  жазып 

(қосылып  жазады),  тақтаға  шығып  қорғайды.

- Сонымен, сабақтың  тақырыбы  қандай  деп  ойлайсыңдар?

5. Сөздікпен  жұмыс. Сөздерді жұппен  бір-біріне  айту.

6. Мәтінмен  жұмыс. «Наурыз»  мәтіні. 102-бет.

Топпен,  жұппен      жұмыс:    бір-біріне    оқиды,    сұрақтарға  

жауап  береді,  келесі  топқа  өкіл  жібереді.

Бейнеклип  бойынша  сергіту  сәті.

III.  Меңгерту.

7. Мәнерлеп  өлең  оқу. 103 бет. Бір-біріне оқиды,  1 оқушы  

тақтаға  шығып  оқиды.

8. Топпен  жұмыс. «Наурыз  мейрамы  біздің  мектепте». 10  

минут.

Сөйлемдер  құру,  сурет    салу,    көрініс    көрсету    арқылы  



идеяларын  қорғау.

III. 9. Кері  байланыс. «Не білемін? Не  білдім? Не  білгім  

келеді?» Қандай  әсер  алдың? Қағазға  жазу. Бір-біріне  тілек  

жазу. 

10.  Бақылаушылар  қорытынды    жасайды,    бағаларын  



айтады.

IV.  Рефлексия.  «Наурыз  мейрамы»  тақырыбына  бес  жол    

өлең  құру.



V. Үй  тапсырмасын  беру: 

1-деңгей. «Наурыз  мейрамы  менің  үйімде».  Эссе  жазу. 

2-деңгей. Өлеңді  жаттау. 103-бет. 

3-деңгей. 3-жаттығу. 103-бет.



Клара ДӘУЛЕТБЕКОВА,

Ақмола облысының

Шаңтөбе кентіндегі 

В.Комаров атындағы орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

НАУРЫЗ 

 

ЖЫЛ БАСЫ

(6-сынып)

Мақсаты:  етістіктің  шақтарын  қайталау.  Міндеттері: 

білімділік  –  жаңа  сөздерді  меңгерту,  мәтінді  оқып,  өзара 

сөйлесу,  Наурыз  мейрамы  туралы  білімдерін  жүйелеу; 



тәрбиелік  –  оқушыларды  қазақ  халқының  салт-дәстүрін 

құрметтеуге тәрбиелеу; дамытушылық – оқушылардың ойлау, 

сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,  іздену,  әңгімелеу,  аударма, 

сөйлесу,  Синквейн  кестесі,  топтастыру,  ой  шақыру,  ойын. 



Түрі:  аралас.  Көрнекі  құралдар:  интерактивті  тақта,  буклет, 

суреттер, кесте.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу.

II.  Үй  тапсырмасын  тексеру:  138-б.  Сөздер,  1-тапсырма: 

көктемгі мерекелердің атауларын білу.

III. Жаңа сабақ:

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Етістіктің шақтарын қайталау:

Сұрақтар: Етістіктің неше шағы бар? Етістіктің шақтарын 

атаңдар.  Нақ  осы  шақтың  неше  түрі  бар?  Оның  күрделі  түрі 

қалай жасалады? Өткен шақ қалай жасалады? Келер шақ қалай 

жасалады?


46

47

-  Балалар,  бүгін  біз  сабақта  Наурыз  мейрамы  туралы 



әңгімелесеміз.

Ой  шақыру:  -  Балалар,  «Наурыз  мейрамы»  дегенде  көз 

алдарыңа не елестейді?

Сөздік жұмысы:



Ұлы – великий;

Балуан – борец;

Ерекше – особенный;

Теңелу – равноденствие;

Береке – благо.

Сөздерді жеке, хормен айту.

Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрау.

Оқулықпен жұмыс:

141-б. 1-тапсырма: мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар: Көктемде қандай үлкен мереке болады? Наурыз 

қандай  мереке?  Наурызды  адамдар  қалай  қарсы  алады?  Бұл 

күні не пісіріледі? Адамдар бір-біріне қандай тілектер айтады?

Интерактивті  тақтадағы    слайдтар  бойынша  жұмыс: 

оқушылар  Наурыз  мейрамы  туралы  өздері  тапқан  қосымша 

мәліметтерді айтады.

Наурыз мейрамының тарихы туралы.

«Наурыз» деген мағынасы туралы.

Ұлттық ойындар. (суреттер бойынша)

Ұлттық тағамдар туралы. (суреттер бойынша)

Наурыз тілектері.

Ой толғаныс: «мейрам» сөзімен «5 жол өлең» құрастыру:

1. Зат есім            мейрам

2. Сын есім

3. Етістік

4. Сөйлем

5. Синоним

Тапсырманы орындау: етістіктердің шақтарын анықтаңдар.

1. Наурызда күн жылынады, қар ери бастай........ 2. Құстар 

жылы  жақтан  ұшып  кел…....  3.  Әжем  ертең  наурыз  көже 

пісір….........  4.  Адамдар  Наурыз  мейрамында  ән  айт.....,  күй 

тарт...... 5. Ертең ұлттық ойындар өткізіл........

«Керекті сөзді тап» ойыны:

«Қ» әрпінен басталатын          «А» әрпінен басталатын

1. Жыл мезгілі.                          1. Айдың аты.

2. Ақын.                                     2. Қала.

3. Көкөніс.                                 3. Сан.

4. Құс.                                        4. Бал беретін жәндік.

Жұптық  жұмыс:  142-б.  3-тапсырма:  мәтін  бойынша               

сұрақтар құрап, өзара сөйлесу.

Бекіту: кластер құру.

Сөзжұмбақ шешу:

1. Қазақ халқының ұлттық тағамы.

2. Қазақ халқының Жаңа жылы.

3. Наурыз – бұл не?

4. Жерге не отырғызу керек?

5. Киіз үйдің төбесі?

Қорытындылау: Не білдік?

Бағалау.  Үй  тапсырмасы:  сөздер  141-б.,  Наурыз  мейрамы 

туралы әңгімелеу.

 

Наурыз 



мейрамы 

 

48

49

Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті



Жанар ШАРИПОВА,

№19 орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Қостанай облысы,

Қостанай қаласы.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫң 

«ТҮРКІСТАН» ӨЛЕңІ

(9-сынып)

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  М.Жұмабаевтың 

шығармашылығы  жайлы  алған  теориялық  білімдерін  оқушы 

есінде  қайта  жаңғыртып,  тереңдете  түсу;  дамытушылық 

–  «Түркістан»  өлеңі  туралы  алған  білімдерін  әр  түрлі 

тапсырмалар  арқылы  жүйелеу,  балаларды  тез  ойланып, 

жауаптарын  тиянақты  айта  білуге  дағдыландыру;  тәрбиелік 

–  оқушының  тіл  байлығын  жетілдіру,  М.Жұмабаев  секілді  өз 

тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.



Түрі:  қалыпты,  аралас  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап,                        

мәнерлеп  оқу,  жаңа  технология  элементтері  арқылы  түрлен-

діріп  өткізу.  Көрнекілігі:  М.Жұмабаев  шығармалар  жинағы, 

өлеңдер жинағы, слайдтар. 



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.  -  Балалар,  біз  өткен  сабақта  «Мағжанның  барлық                         

өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз 

тақтаға назар аударайық. 

Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ. 



1)  Неліктен  Мағжан  өмірін  оның  поэзиясымен 

тоғыстырамыз?

1-оқушы: - Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын 

ел  ішіндегі  әлеуметтік,  қоғамдық  өмірге  белсене  араласады. 

Соларға  ақындық  үн  қосып,  өз  өлеңдері  мен  мақалаларын 

баспасөз  беттерінде  жиі  жариялап  отырады.  Бірнеше  өлең 

жинақтары  жарық  көреді.  Мысалы,  «Шолпан»  атты  тұңғыш 

өлеңдер  жинағы  Мағжан  өлеңдері  негізінен  халқының,  ел-

жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, 

бүкіл  түркі  нәсілдес,  қандас  халықтарға  деген  сүйіспеншілігі 

оның жырларынан анық көрінеді. 

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

2-оқушы:  -  Мағжан  –  ұлы  ақын.  Қазақтың  кемеңгер 

жазушысы  М.Әуезов:  «Абайдан  кейін  Мағжанды  сүйемін...

Мағжан  культурасы  зор  ақын...Сыртқы  кестенің  келісімі  мен 

күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... 

бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, 

артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, 

оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып 

айтқан.


3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

3-оқушы: - Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия 

–  қомақты  жағы  –  лирикалары.  Олары  романтикалық  асқақ 

сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге 

бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, 

атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

 

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында 

Мағжан – 

ұлы ақын 

Мағжан – лирик, 

сыршыл ақын 

Мағжан – эпик 

ақын 


50

51

Мағжан  –  сыршыл  ақын.  Мағжан  сөзіндей  тілге  жұмсақ, 



жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы 

ақындарында  болған  емес.  Ол  жүректің  қобызын  шертеді,  не 

жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. 

Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,

Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.

Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы

Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.

Өлеңге түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату.



4-оқушы: - Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр 

Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр 

Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік 

жүрегінің  ыстық  сезімін  өлең  өрнегіне  шынайылықпен 

түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы 

батырларымызды  жыр  арқауына  енгізіп,  асқан  ілтипатпен 

бейнеленген.

Мұғалім:  -  Балалар,  М.Жұмабаевтың  ақындық  өнері 

туралы өте тамаша баяндадыңдар. М.Жұмабаевтың ақындығы, 

суретшілігі туралы Ж.Аймауытов қандай пікір айтты? Қане, кім 

айтып жібереді?



5-оқушы:  -  «Мағжанның  ақындық»  күші,  сөзге  еркіндігі, 

суретшілігі «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы 

«Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, 

батырды,  соғысты,  өлімді  суреттеуі  өмірді  түйе  білгендігін 

көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс. 

Мұғалім: - Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-

сырын  жан  жүрегімен  сезіне  білген  адамның  пікірі  осындай 

болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар 

аударайық. 



1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның 

сөзі» (М.Әуезов)

2.  «М.Жұмабаев  –  Абай  мен  қазіргі  қазақ  поэзиясының 

арасындағы поэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов)

3.  «Мағжанның  ақындығы  да,  кісілігі  де  ерекше  бөлек 

еді.  Ақындық  өміріне,  біліміне  келсек,  Алаштың  екі  күшті 

адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. 

Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов» (С.Мұқанов)

Халқымыздың  осындай  аптал  азаматтарының  пікірлеріне 

қарап,  М.Жұмабаевтың  жұлдызы  қазақ  өлеңінің  аспанында 

ерекше  нұрланып,  жанып,  жарқырағанын  байқауымызға 

болады.


М.Жұмабаев  өз  өлеңдерінде  туған  жерге  деген  махаббат 

тақырыбын  айрықша  жыр  арқауы  еткен.  Қане,  «Туған  жер», 

«Атамекен» тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?

6-оқушы: - «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған 

жерім – Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел», т.б. 

М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету. 

Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын 

Сарыарқасына,  дүниеге  келген  жері  Сасықкөліне  арнаған. 

Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы. 

«Сағындым» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Мұғалім: - Міне, балалар, ақын поэзиясында оның мінезі 

барынша  көрініс  тапқан.  Оның  әр  сөзінен,  әр  жолынан,  әр 

шумағынан  ақынның  өз  тынысын,  тіршілігін,  жан  жылуын, 

жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы 

жүрек соғысын сезінеміз. 

Мағжан  бойындағы  бүкіл  қасиет  –  оның  поэзиясында. 

Ендеше  Еркеш  Ибрагимнің  мына  өлең  шумағы  арқылы 

ойымызды түйіндейміз. 

Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірену,

Ақын болу дегенің – анадайын емірену.

Ақын болу дегенің – арыңа бір шық тұрмау,

Ақын болу дегенің – жүректерді тұтқындау. 

Ақын  айтқан  осы  қасиеттің  бәрі  Мағжан  бойында  бар 

екеніне көзіміз жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет