Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)



бет4/7
Дата06.01.2022
өлшемі63,43 Kb.
#12643
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жүсіпбек Аймауытов

Тәрбиеге жетекші

(үзінді)

…Бала оқытудың ережелерін, заңдарын сөйлейтін, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі - дидактика… Жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқыту жайындағы жалпы мәселелер туралы сөйлейді. Жеке дидактика яки методика дидактиканың жалпы ережелерін жеке пәндерді оқытқанда қалай жанастыру, қандай әдіс қолдану туралы баян етеді… Оқыту жүзінде білім мен тәжірибе бірімен-бірі астасып, айқасып (реакцияласып) бірін-бірі толықтырып, бірге өркендеуге, бірге кемелденуге тиісті. Мұғалімнің айналысатыны үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, алғашқы бір алған білім мен оған қосымша іс жүзінде тапқан біркелкі әдіспен қанағаттанып, табан аудармай, бір орында тұрып қалуы мүмкін емес. Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер… дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, әйтпесе осы жолдан тайма деп оқытушыға міндет есебінде еш нәрсе ұсынбайды. Ол тек сыннан өткен ұтымды жолдарды ғана нұсқайды.

Білімдендіру (образование) көбінесе екі мақсатта көздейді: білім көбейту және ақыл күшейту.

Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек.

…Ескі тілдерді үйрену арқылы бала ерте замандағы мәдениетті жұрттардың ғылымдарымен, өнерімен, әдебиетімен таныс болады. Олармен таныс болмай, кісі ақыл-ойға, ғылым-білімге жетіліп пісе алмайды… Сондықтан әлі де болса ескі тілдер маңызын жойды деуге болмайды.

…Әсіресе, ғылымдардың тарихын зерттеу үшін ескі тілдер өте пайдалы…

Адамның тәрбиесіне де тілдердің пайдасы жоқ емес: тілді берік, ұғымды үйрету ақылды жетілтуге себеп, әр халықтың дүние тануы тілінен көрінеді. Жат жұрттың тілін үйренумен бірге адам сол жұрттың жан дүниесімен таныс болады. Бөтен жұрттардың дүниеге көзқарасын, өзге сыр-сипаттарын білу ақылды байытады. Жат пікірді білу - жат пікір, жат сезім, жат наным дариясына жүзумен тең…

Бұған қарсы білім берудің өзегіне деректі пәндерді салу керек деушілер… адамның жалпы жетілуіне, ақылдың күшеюіне көзбен көріп, тәжірибемен тексеріп білетін пайдалы, деректі білім жаратылыс (естествознание) пен шама тілі (математика) болуы керек дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет