Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек “романы



бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,07 Mb.
#126812
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақбілек» романының сюжеті 08.11

Бекболат

Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуінде. Бұрын бір байдың, осы күнде орта шақты үйдің ортаншы баласымын. Ағам отау тігіп, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз аурудан қайтыс болған соң, әкеміз тоқал алды. Өлеңді, домбыраны үйрендім, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды үйрендім. Әкем айттырған Жаманбаланың шотпақ қара қызын менсінбей, Мамырбайдың Ақбілегін елден таңдап айттырып едім. Бой жеткен қалындығым тұрғанда қарап жатайын ба, жасырын барам деп кісі жібертіп алып, «өзі біледі» деген соң, бүгін жолыққалы келе жатыр едім. Ақбілектің “апатайлаған” дауысын естіген соң не болсада қолында өлейін деп қуып бердім.

Офицер

Тағдыр айдамаса, осынау Қытай шегіндегі Алтай тауына, қазақ арасына біз келер ме едік? Мен Тамбов губерниясындағы бай алпауыттың кіші баласымын. Ағайынды төртеуміздің ішінде ажарсызы болсам да, ерлігіммен герман соғысында қол бастап, бір рет шен алдым. Ресейде төңкеріліс болып, патшаны түсірген соң, үкіметті қара жүмысшы мен қара солдатты жоқтаған большевиктер алып кеткен соң, біздер орыстың шын ұлдары құл-құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп қашып келіп отырмыз. Тауда жатып біз қарап өлейік пе? Қара таласқан соң маңайдағы қазаққа шабуылдап, азыққа мал, баспана киіз, төсеніш, ыдыс-сайман алып тіршілік қып жатырмыз.

Мұқаш

Жасым 35-те әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы ауызым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес білгелі есікте жүрдім. Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Он беске келгенше Шамамбайдың қойын бақтым. Бадығұлдың жылқысын бағып жүріп қалың беріп, қатын алдым. Приходқа жұмысқа жалдандым. Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң кеудеме нан піскендей, өзіме өзім әлдеқендай көріндім. Сайлау кезінде болыс болайын деп тұрған кезінде, менің үстімнен жазылған қағаздарды жинап, Мамырбайдың баласы кеңеске тапсырыпты. Мені бұзақы адам деп, болыстыққа сайламады. Елге келген соң ауыл тонап жүрген ақтардың адамына жолығып, оларға кісі болдым. Олар маған жақсы қыз тауып бер деді. Ойыма Мамырбайдың Ақбілегі сап ете түсті. Ағасынан кек алғаным.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет