Ақбілек Көркембайкемпірдің үйінде дүниеге ұл баланы әкеледі. Ол «баланың көзін жоғалт шеше»-деп өтініш жасайды. Бір жұмадан соң Ұрқия көңіл сұрай келеді сонда Бекболаттың хатын береді. Онда “Қайтсем де сені аламын” деп жазыпты. Ақбілектің екі қабаттығын естіген екен. Енді Ақбілек жыламай қайтсін? ”Екі қабат болғам жоқ, бала тапқам жоқ” деп не бетімен айтсын? Өзін бұл дүниеде керексіз, артық адамдай көзінің жасы көл болып аға берді,аға берді...
Арадан 15 жыл өтті. Үлкен қара ағаштың түбінде Ертістің шымырлап аққан сына көз салып, бір келіншек жападан-жалғаз отыр. Бұл Кәмила екен. Орысша киінген әйел «Сен мұнда қайдан келдің?» –деді Кәмила бастан кешкен қорлығын айтады. Жанағы орысша киінген әйел Ақбілек еді ол өз жайын айта бастады. Босанған соң әкесінің көзіне көрінбей Ұрқияның үйінде болдым. Жазда ағам келіп, қалаға алып келді. Ағамның қаладан Марғипа деген ақылды, білімді қызды алды. Мені адам қылған сол... Ағатайым сол жылы Семейге қызметке барды мені де ала барды. Тұрмысымыз жақсы болды. Сол кезде курс ашылды сонда мені оқуға берді.
Төртінші бөлім Махаббат
Орынборда тағы 3 жыл оқыдым. Оқушыларға ойын қойып мен де ойынға араластым. Бетімнің бояун келе жатсам “Ақбілек сен жақсы ойнадың!” деп өзіміздің қазақ учитель жолыға кетті. Көтеріліп қалдым. «Жүр шәй ішейік»-деп үстелге алып келді. Таныстырып жатты мынау Ақбілек жолдас, мынау Балташ. Ақбілектің баяндамасы болады дегенді естіп, барады. Кетіп бара жатып, Ақбілекпен жолығып қалады оны театрға шақырады. Бір күні Балташтан Марс бақшасында кездесуіңізді сұраймын деген хат келеді. Ақбілек уағдаласқан орынға барады, бірақ Балташ кешігіп барады. Осы кезде оны ұнатындығын айтады. Ертеңіне Ақбілектен хат келіп ол оны ұнатындығын жазады. Жауап жазып мен де сізді ұнатушы едім деп жазады. Бір жұмадан кейін Балташ тағы кездесуге шақырады. Оған Ақбілектің күнделігін ұсынады.