Ақбілек жирен шаш пен қара мұрттың дуэлі. Қара мұрт соғысқа кетіп, Ақбілек айдалада жалғыз өзі қалады түнімен қасқырлармен арпалысып, таң ата жолға шығады қанша жүргені қайда жүргенін өзі де білмейді . Далада шаршап келе жатып, Іскендір дуанаға жолығып қалады. Дуана оны ауылына апарады .

Екінші бөлім
Бекболаттың ауруханада Ақбілектің не болғанын білуге көңілі кетті .Жылтыр мен танысып хабар жайын біліп отырды .
Ақбілектің үйіне келгелі 15 күн болды. Ақбілектің 12 жасар Қажікен деген бауыры, 7 жасар Сара деген сіңілісі бар-ды. Ақбілек пен әкесі сөйлесуден қалды. Ақбілектің сырласы Ұрқия Әмірдің қатыны. Әмір Мамырбайдың немере інісі. Ақбілек бастан кешкендерін жеңгесіне баяндайды. Оның Төлеген деген ағасы 12 жасында қалаға оқуға беріп, 6-7 жыл оқып міне адам болып отыр. Мамырбай Әлдекей екеуі сөйлескен соң Ақбілекке жылы қабақ танытты. Ақбілек уайымы сейілгендей болып, күйеуін ойлайтын болыды. Бір күні Бекболаттан хат келді. Ақсақал үйде жоқ кезінде қонақ асыға шақырады. Екеуі бірге болады. Ұрқия Ақбілектен жүктілік белгілерін байқайды. Баланы түсірудің амалын жасады. Осы кезде Ұрқияда жүкті болды. Мамаырбай тоқал алды есімі –Өрік.
Ақбілек Көркембай кемпірдің үйінде дүниеге ұл баланы әкеледі. Ол «баланың көзін жоғалт шеше»-деп өтініш жасайды. Бір жұмадан соң Ұрқия көңіл сұрай келеді сонда Бекболаттың хатын береді. Онда “Қайтсем де сені аламын” деп жазыпты. Ақбілектің екі қабаттығын естіген екен. Енді Ақбілек жыламай қайтсін? ”Екі қабат болғам жоқ, бала тапқам жоқ” деп не бетімен айтсын? Өзін бұл дүниеде керексіз, артық адамдай көзінің жасы көл болып аға берді,аға берді...