17
2) бұл – тілдің тұтастығы, оның халықтың мәдениетімен байланысы,
сонымен қатар жербетілік семиосферамен байланысы жөніндегі ғылым;
3) бұл – сөздің энергетикасы, оның жасампаз күші, биосферамен
байланысы, тірі табиғаттың тілімен байланысы жөніндегі ғылым;
4) бұл –
сөздің рухани маңызы, оның инсанмен терең байланыстары,
халық мінезі және тағдырымен байланысы, рухани жоғары кеңістікпен,
Жаратушымен байланысы жөніндегі ғылым» [2, б. 174-175]. Ғалым
лингвоэкологиялық зерттеуінде сөз, рух экологиясы, биологиялық ақпарат
ағындары, сөз кеңістігі,
ғаламдық семиотикалық кеңістік, ақпараттық өріс,
тұқымдық код, халықтық геном ұғымдарына түсінік береді. Техникалық
прогрестің мәжбүрлеуімен сөзді рационалдау, техникалау, сол арқылы тілді
жансыздандыру үдерісі жүріп жатқанын ескеріп, «кез келген елдегі сөздің
бұзылуы адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемін бұзады,
табиғаттың
бұзылуы қайда болсын, қашан болсын сөздің бұзылуынан басталады. Ал
зақымданған табиғат бұзылған сөзден кегін оны өшіру арқылы алады – сөзі жоқ
ғалам қаңырап қалады», – деп сөз экологиясының маңызын шегелеп көрсетеді
[2, б. 176].
БАҚ тілін лингвоэкологиялық тұрғыдан зерттеп жүрген Қ.С. Дүсіпбаева
қазақ тіліндегі кірме сөздердің лингвоэкологиялық қаупін сөз етеді. Зерттеуші:
«Лингвоэкология ғылымдағы жаңа бағыт ретінде адам мен қоғамның тілдік
аясын зерттей келе, ереже мен қағида, жүйелердің қалыптасуына әкеледі, ол тек
экология үшін ғана емес, тілдің дамуы мен қоршаған ортаның
проблемаларын
шешу мүмкіндіктері үшін қажет. Лингвоэкология сөйлеу мәдениетінің
мәселелерін қамтитын тіл білімінің бір саласы ғана емес, ол адамзаттың рухани
инабаттылығын сақтай отырып, балағат, әдепсіз және тұрпайы лексикадан
қорғайды», – деп пайымдайды [22].
А.Б. Әмірбекова лингвоэкологияны «ұлттық-мәдени тілдік ортаны
қалыптастыратын, ұлттық әдеби тіл нормаларының сақталуын қарастыратын,
тілдің
ұлттық мәдени-көркем, эстетикалық, ғылыми, саяси әлеуетін бұзатын
ішкі және сыртқы ықпалдар мен факторларды анықтайтын, тілдің тым аса
жаргондалу, сленгтену (дөрекілену) себептерін айқындап және онымен күресу
бағыттарын, қағидаларын зерттейтін әлеуметтік тіл білімінің бір саласы», - деп
тұжырымдайды [23].
Қорыта келгенде, көптеген еңбектердің
зерттеу нысанына алынып, қазіргі
қазақ тіл білімінде өзектеліп келе жатқан лингвоэкология әлемдік
лингвоэкологияның маңызды тұжырымдарын негізге ала отырып, өзінің дербес
пәндік тұғырын айқындауға бағытталды. Осыған орай кейінгі жылдары жарық
көрген лингвоэкологиялық ізденістерге сүйеніп, оның ғылыми-теориялық,
әдіснамалық тұғырына алынатын тұжырымдары мен қағидаттарына, ғылыми
ұғымдық аппараты мен концептуалдық негізіне
кешенді талдау жасау
қажеттілігі туындайды.