21
экологиясы, тілдік экология) экологияға бағдарланған тілдік пәндердің тұтас
кешенін білдіретін эколингвистиканың ажырамас бөлігі болып, экология мен
лингвистиканы біріктіретін бір саласын білдіреді (А. Филл көзқарасы
бойынша)», – дейді [24, с. 152].
И.Н. Потеряхина «... терминдердің ұқсастығы мен синоним ретінде жиі
қолданылуына қарамастан, морфологиялық ерекшеліктерінің өзі олардың
айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді» деп [34], аталған
ұғымдардың аражігін былай ашып көрсетеді:
1) экологиялық лингвистика экологияның әдіснамалық ұстанымдары,
зерттеу әдістері мен терминдері есебінен лингвистикалық зерттеулердің
метатілі
мен мәселелерін кеңейтіп, тілге экологиялық түсініктерді (экология,
қоршаған орта, экожүйе және т.б.) алып келуде. Экологиялық лингвистиканың
аясындағы зерттеулердің нысаны ретінде тіл, оның тазалығы, дұрыстығы,
бүтіндігі мен негізгі қызметтерді атқаруындағы жүйелілігі алынады; ғылыми
сипаттау құралы ретінде тілді ортамен өзара әрекеттесетін және кейде оның
белсенді әсерінен қорғауға мұқтаж болатын кез келген басқа организм секілді
зерттеу мүмкіндіктерін барынша айқын көрсететін экологияның ұғымдары
алынады. Бұл бағыттағы зерттеулердің екі саласы барын айтуға болады:
тілдердің өзара қарым-қатынасқа түсуін зерттеумен айналысатын «тіл
экологиясы (тілдер)» және экологияның терминологиясы мен зерттеу
ұстанымдарының тілге көшуін зерттейтін «экологиялық лингвистика»;
2) тілдік (лингвистикалық) экология тілдер мен мәтіндерді олардың тұлға
мен социум үшін «экологиялылығы» тұрғысынан қарастырады, экологиялық
жағдаяттарды сипаттауда тілдің рөлін саралап,
оларды жою амалдарын
анықтайды, тіл біліміндегі экология мәселелерінің көрінісін зерттейді,
қоршаған ортаның мәселелерін сипаттауда лингвистикалық терминология мен
әдіснаманы қолданады.
«Экологиялық
лингвистика» және «эколингвистика» терминдерін
қолданушы ғалымдар өз зерттеулерін тіл білімінің құзыреттілігі аясына
жатқызады, яғни алдыңғы орынға шешілуі барысында экологияның кейбір
әдістері мен тәсілдері қолданылатын лингвистикалық мәселелерді шығарады.
Ал «лингвистикалық экология», «лингвоэкология» терминдерінде
керісінше экологиялық категориялар мен олардың тілде көрініс табуы
басшылыққа алынады [34, с. 14].
А.П. Сковородниковтың анықтауынша: «Егер лингвоэкология ғылыми
пәнінің
онтологиясын ескеретін болсақ, бұл пәннің мақсатын айқындаушы
доминантаның экологиялық емес, лингвистикалық компонент екенін мойындау
керек болады. Себебі сөз тіл экологиясы, яғни экологияның
тіл мәселелерімен
экологиялық ұстанымдар тұрғысынан айналысатын түріне қатысты болып
отыр. Лингвоэкология, яғни лингвистикалық экология тіл экологиясының
мазмұндық баламасы болып саналады. Тіл, нақтырақ айтсақ, оның
«саламаттығы» – осы ғылымның нысаны, ал экология – осы пәннің
әдіснамасын, көп жағдайда ұғымдық жүйесін қамтитын субъектісі. Осы
айтылғандарды
ескеретін
болсақ,
«эколингвистика»
термині
22
лингвоэкологияның синонимі бола алмайды. Бірақ бұл термин лингвистиканың
лингвоэкологиямен тоғыспайтын ерекше бағыты ретінде «жұмыс» істей алады.
Эколингвистиканы (экологиялық лингвистиканы) тілді биоэкология, әлеуметтік
экология, мәдениет экологиясы секілді түрлі экологиялардың тілін тілдік
заңдылықтар мен нормалар, яғни лингвистикалық ұстанымдар тұрғысынан
зерттейтін лингвистиканың бағыты ретінде қарастыруға болады. Сонда
синонимия мәселесі шешіліп,
олар жеке ғылыми бағыттардың, бір жағдайда –
экологияның (лингвоэкологияны), басқа жағдайда – лингвистиканың
(эколингвистиканың) атауы саналатын болады», – дейді [35].
Осы пікірлердің бәрін саралай келе лингвоэкология мен эколингвистика
синоним емес, зерттеу нысандары мен міндеттері әртүрлі және әртүрлі ғылым
салаларына (лингвоэкология экология саласына, эколингвистика лингвистика
саласына) жататын пән атаулары деген қорытынды шығаруға болады.
Жоғарыдағы тұжырымдарды негізге ала отырып, лингвоэкологияның
іргесін, пәндік шекарасын эколингвистикадан ажыратып алуға болады.
Сонымен лингвоэкология – зерттеу пәні тілге, тілдік санаға, сөйлеу мәдениетіне
оң және кері әсер ететін әлеуметтік және басқа да экстралингвистикалық
факторлармен анықталатын семиотикалық жүйе ретіндегі тілдің жағдайы (оның
«семиотикалық саулығы»); тілді, бір жағынан, кері әсерлерден қорғаудың,
екінші жағынан, оны байыту мен дамытудың жолдары мен тәсілдері болатын
тіл білімінің саласы» [36].
Лингвоэкология –
бұл тіл білімінің, біріншіден, тілді сақтау мен қорғау
мәселесін зерттейтін, екіншіден, тілдің дамуы мен қолданылуына кері ықпалын
тигізетін факторларды анықтайтын, үшіншіден, тіл мәдениеті мен тілдік
қатысым тәжірибесін жетілдірудің тәсілдерін енгізетін, төртіншіден, сөз
энергетикасын, оның жасампаздық күшін, қатысым мүшелеріне әсерін
қарастыратын бағыты [16, б. 18].
Лингвоэкология
–
әлеуметтік
лингвистика,
этнолингвистика,
этнопсихология, психолингвистика, лингвомәдениеттану, заң лингвистикасы,
лингвоконфликтология, саяси лингвистика секілді лингвистикалық пәндермен,
сондай-ақ
философия, саясаттану, жалпы тарих және нақты халықтар
тарихымен тығыз байланыса отырып, тіл мен сөйлеуді экологиялық
ұстанымдар тұрғысынан зерттейтін пәнаралық гуманитарлық ғылым [35, с. 13].
Лингвоэкологияның пәнаралық сипаты дәлелдеуді қажет етпейді. Себебі
атауының өзі оның осы ерекшелігін танытады (лингвистика + экология).
Лингвоэкологиямен шектесетін пәндер туралы түрлі көзқарастар бар.
С.А.
Актуганова
лингвоэкологияның
психология,
этнолингвистика,
лингвистикалық антропология, әлеуметтік лингвистика, тілдің әлеуметтануы,
этика, эстетика, философиямен байланысын көрсетсе [37]; Е.В. Семчук
лингвоэкологияның «тіл білімімен,
әлеуметтік, психо-, этнолингвистикамен,
герменевтикамен, экологиямен, биологиямен, мәдениеттанумен, этикамен,
педагогикамен, тіл әдістемесі және сөйлеу мәдениетімен әрекеттесетінін»
айтады [38]. Алайда лингвоэкологияның бұл ғылымдармен тоғысатын тұстары