43
концептуалдық негізі сараланып келеді. Қазақ тіл білімінде жасалған
зерттеулер оны жеке ғылыми пән ретінде тануға мүмкіндік береді.
2. Лингвоэкологияның зерттеу пәніне әлеуметтік, тарихи, саяси және
басқа да экстралингвистикалық факторлармен шартталған, тілге және сол тілде
сөйлеушілердің тілдік санасына оң немесе теріс
әсер ететін экологиялық
ұстанымдар тұрғысынан (метафоралық «тіл саламаттылығы») күрделі
семиотикалық жүйе ретіндегі тілдің жағдайы; тілді оған оң әрі теріс әсер ететін
ықпалдардан қорғау жолдары мен амалдары алынады. Нақты айтқанда
лингвоэкологияның зерттеу пәні екі бағытты: 1) тілге және; 2) сол тілде
сөйлеушіге, яғни жеке
алғанда әрбір тілдік тұлғаға, тұтас алғанда тілдік
ұжымдарға (этнос, социум, мемлекет) тиетін жағымды әрі жағымсыз
ықпалдарды зерттеуді ұстанады.
3. Лингвоэкологияның терминдік кеңістігі «тілдік орта», «тілдік тұлға»,
«тілдік сана», «тілдік құзыреттілік» тәрізді негізгі концептуалдық ұғымдардан
бастау алады. Тілдік орта қоғам мүшелерінің тілдік
санасының қалыптасуына
ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың қоғамдық
тәжірибесі, тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет етуіне әсер
ететін
экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-психологиялық,
этнопсихологиялық факторлардың жиынтығы саналатындықтан,
қоғамның
бүгінгі белсенді тілдік ортасы медиакеңістік болып табылады.
4. Медиакеңістік – техногендік өркениет пен ақпараттық жаһандану
жағдайында ақпараттың қозғалысы мен коммуникациялық байланыстардың
шекарасы жойылған, аудиторияның әлемді қабылдауының идеологиялық,
эмоционалдық, тіпті түпсаналық
танымын қалыптастыратын, ақпараттар мен
мәдени кодтар жасалатын, таратылатын және эстетикаланатын басты сандық
экожүйе.
5. Медиакеңістік – тілдік тұлға мен қоғамның
рухани-адамгершілік
дамуының
жоғары
стандарттарын
қалыптастырушы
әлеуметтік-
лингвистикалық белсенді орта.
Достарыңызбен бөлісу: