Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет15/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

Тілдік тұлға. Заманауи лингвистиканың негізі ұғымдарының бірі – тілдік 
тұлға феномені. «Тілдік тұлға» ұғымы ХХ ғ. 90-жылдарынан «... жүйе құраушы 
негізгі филологиялық ұғымға айналып келеді. Көптеген зерттеушілер 


29 
тарапынан ол қазіргі уақытта тіл білімі дамуының жаңа кезеңі – 
антрополингвистиканың бастауына негіз болған интегративті ұғым ретінде 
бағаланады» [54].
Тілдік тұлға мен тілдік құзыреттілік ұғымдары өзара тығыз байланысты. 
Ю.Н. Караулов тілдік тұлғаны «оның тілі арқылы көрінетін психологиялық, 
этикалық, әлеуметтік және т.б. компоненттердің жиынтығынан тұратын адам» 
деп түсіндіреді [55].
В.И. Карасиктің анықтамасына жүгінсек: «Тілдік тұлға – мәдени-тілдік 
және коммуникативтік-қызметтік құндылықтарды, білімдерді, нұсқаулар мен 
мінез-құлық реакцияларын тасымалдаушының жиынтық образы» [56].
«Тілдік тұлға тілде бейнеленген ақиқатты қолданып қоймайды, тіл 
арқылы ақиқаттың өзін рационалды, эмоционалды мақсатта қайта бейнелейді, 
сондықтан тілдік тұлға – өз санасында сананы ақиқат бейнелеуші ғана емес, 
оны санада қайта жасаушы қасиетке ие белсенді харакет иесі» [51, б. 5]. 
«Тілдік тұлға мәселесі – лингвоэкологиялық бағыттағы іргелі 
ұғымдардың бірі. Сөз саптауы айналасына үлгі болатын, сөз мәдениетін жоғары 
қоятын тілдік тұлға қазіргі қазақ қоғамында жазушылар мен өнер 
қайраткерлері, ғалымдар, журналистер, оқытушылардың ғана үлесіне тиіп 
отыр» [57]. 
Тілдік тұлға ұғымы түрлі аспектіде зерттелген. В.П. Нерознак тілдік 
тұлғаны полилекті (көпадамдық) және идиолекті (жеке адамдық) десе,
С.Г. Воркачев этносемантикалық тұлға, А.Г. Баранов семиологиялық тұлға 
ретінде беріп, Ю.Н. Караулов орыс тілдік тұлғасын, ал Т.Н. Снитко шығыс 
және батыс мәдениетінің тілдік тұлғасын зерттеген [58]. В.П. Нерознактың 
тұжырымынша: «Тілдік тұлға – социуммен өзара әрекеттестік үдерісінде 
қалыптасып, өзінің келбетін тілден табатын адам қасиеттерінің тұрақты 
жүйесі» [58, с. 98]. 
Қазіргі заманауи білім берудің мақсаты – мықты тілдік тұлға тәрбиелеу. 
Мұндай тілдік тұлға өзінің тілдік құзыреттілік дәрежесіне тәуелді болады. 
Лингвоэкологиялық тұрғыдан мықты тілдік тұлға «экологиялық» сауатты, яғни 
туған тілге деген махаббатпен, ерекше қамқорлықпен тәрбиеленген болуы 
керек. Ал лингвоэкологиялық білімнің мақсаты – осындай тілдік тұлға 
тәрбиелеу.
Тілдік сана. Тіл мен сана – тілдік тұлғаның маңызды құраушылары, олар 
тек бірін-бірі тану арқылы ашылады, себебі біреуі екіншісінің дамуы мен өмір 
сүруін анықтайды. Тілдің ойлауға әсерін зерттей отырып, тілдің ойлау арқылы 
шығатыны секілді, ойлаудың да тіл арқылы дамитынын айтуға болады. 
Профессор А.П. Сковородников бұл
аргументтің «тіл арқылы тілде» ұлттық 
менталдылық пен адамның ұлттық сәйкестігі қалыптасып және сақталатынын 
ескерген жағдайда, одан әрі салмақты болатынын айтады [46, с. 20].
Лингвоэкологияның пәні – тілдің өмір сүру және қызмет ету ортасының, 
сондай-ақ сөйлеушілердің тілдік санасының сапасымен өлшенетін күрделі 
семиотикалық жүйе ретіндегі тілдің жай-күйін зерттеу. Тіл мен сөйлеу 
фактілеріне лингвоэкологиялық ұстаным тұрғысынан қараудың ерекшелігі 


30 
оларды сол тілдің тарихи жағдайлары мен даму үрдістерін, жүйелер мен 
нормалар факторларын, әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық, этикалық 
және эстетикалық өлшемдерін есепке ала отырып әлеуметтік-экологиялық 
бағалау болып саналады. Бұл жерде лингвоэкологияның анықтамасына 
«социумның тілдік санасы» ұғымының бекерден кірмегенін айтқымыз келеді. 
Тіл сол тілде сөйлеуші халықтың санасы «жарақаттанған» жағдайда ғана 
«жарақаттанады» деп ұғынылады. Бұл зерттеушілердің фактілерімен, ой-
пікірлерімен расталады [46, с. 22]. 
«Ұлттық сана-сезім» мен «халықтық дәстүр» мәселелерін жан-жақты 
қарастырған М. Балақаев әр тілдік бірлікті, оның семантикалық өзгешелігін 
«халықтық сана», «халықтың өмірі», «алтын қор» сынды тіркестердің 
көмегімен айқындайды [59]. Сондықтан лингвоэкология тек ұлттық тілдің 
дамуымен, жай-күйімен айналыспауы керек. Ол ұлттық тілдік сананың, әлемнің 
ұлттық тілдік бейнесінің дамуын да қарастыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет