27
Кез келген пәнаралық ғылым секілді, лингвоэкология да өзінің ұғымдық-
терминологиялық
аппаратын
оның
пәнаралық
матрицасына
енетін
ғылымдардың категориялары, ұғымдары мен термин жүйесі негізінде
қалыптастырады. Бұл аппарат оның атауына, дефинициясына,
зерттеудің
мақсатты бағыты мен нысандық-пәндік аймағына сәйкес болуы керек.
Лингвоэкологияның терминдік кеңістігі
«тілдік орта», «тілдік тұлға»,
«тілдік сана», «тілдік құзыреттілік», т.б. негізгі концептуалдық ұғымдардан
бастау алады. Бұл ұғымдар өзара байланысты және лингвоэкологиялық
тезаурустың біртұтас концептуалды өзегін құрайды.
Тілдік орта. Дәстүрлі түсінікте тіл – таңбалық жүйе, әлемді бейнелеудің,
коммуникацияның, ойды жеткізудің құралы болса, жаңа түсінікте ол – ойды
басқаратын күш (А.С. Хомяков), энергия (В. фон Гумбольдт), болмыс үйі
(М. Хайдеггер). «Биосфера мен мәдени орта секілді әрқайсысымызды жеке
және бүтін этносты тұтас туған тілдің атмосферасы қоршап тұрады. Белгілі бір
тілдік үйде өмір сүретін адам туған тілдің ауасымен тыныстайды, ол оның
интеллектуалды-рухани генотипін қалыптастырады, сондай-ақ әрбір адам туған
тілді игерудің жоғары сатысына біртіндеп және табиғи жолмен шыға отырып,
сөздердің формасының, дыбыстарының қоршаған әлемімен үйлесімде өмір
сүргісі келеді» [48].
Тілдік ортаны сөз еткенде Ю.В.
Лотманның семиосфера туралы
теориясын айналып өтуге болмайды. Ол семиосфераға арнаған атақты
еңбегінде сөздің өзінің планетарлы кеңістігін, семиосферасын, таңбалар мен
сөздер сферасын (логосфера) құрайтынын айтады [49]. Әр халықтың
биологиялық ағзаның геномдары іспетті тұқым қуалайтын өзіндік коды болады.
Бұл код сөзсіз, ұлттық тілсіз өмір сүре алмайды, себебі кез келген ұлт тілден
басталады. Осыдан келіп тіл экологиясы тұрғысынан ұлттық тілді халықтың
геномы деп айта аламыз.
Экологиялық түсінікте тілдік орта семиосфераның құрамдас бөлігі
саналып, логосфера немесе лингвосфера ретінде ұғынылады.
Бұл ретте
адамзаттың логосферасы, халықтың логосферасы және жеке адамның өз
логосферасы болатынын ескеру қажет (микрологосфера). Адамзат логосферасы
жер бетін мекендейтін адамдардың тілдік тіршілік ортасын білдіреді және ол
халықтың логосферасы мен микрологосфералардың жиынтығынан тұрады. Ал
халық логосферасы өзара әрекеттес халық тілінің формалары (түрлері) мен
стильдері секілді компоненттерден құралады. Логосферада үнемі басқа
тілдерден енген кірме сөздерді немесе нормаланбаған сөздерді үздіксіз іріктеп,
әдеби тіл тарапынан қайта өңдеу үдерісі жүріп жатады. Микрологосфера деп
сөйлеушінің / тыңдаушының тілдік құзыреттілігін, яғни оның тілдік білімі мен
дағдыларының жиынтығын ұғамыз.
Қоғам мен логосфера өзара тығыз байланысты. Сондықтан қоғам
өмірінде орын алатын жағымсыз жайттар логосфераға өз әсерін тигізбей
қоймайды. Себебі қоғамдағы келеңсіз кезеңдерде халық логосферасы мен
микрологосфералар арасындағы табиғи тепе-теңдік бұзылады. Осыдан келіп
тілдің ластануы секілді лингвоэкологиялық
проблемалар туындайды [50].
28
Тілдік ортаны адам тұлғасын қалыптастыратын
фактор ретінде
қарастыруға болады. Адамның жеке қасиеттері – өзі өмір сүретін,
тәрбиеленетін, қызмет ететін сөйлеу ортасы қасиеттерінің
жиынтығы.
Сондықтан лингвоэкологиялық теорияның өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы
орасан зор. Мұндай түсінікте тілдік орта адам мен адамзаттың экологиялық
өзекті ойлау типін қалыптастыратын ғылыми білімдердің интеграцияланған
саласы – десмоэкологияның негізгі ұғымдарының бірі болып саналады. Себебі
жеке дүниетанымды қалыптастыру үшін оңтайлы жағдай туғызуда тілдік
ортаның маңызы зор. Тілдік ортада жүзеге асатын барлық үдерістер қоғамдық
санаға жағымды / жағымсыз әсер ету қағидасы бойынша өлшенеді. Қазіргі
қазақ қоғамында орын алып отырған тілдік орта сапасының төмендеуі
жалпыадамзаттық мәдени-құндылықты бағдарлардың өзгеруіне ықпал етті.
Н. Уәли: «
Тілдік орта – қоғам мүшелерінің тілдік санасының
қалыптасуына ықпал ететін, тілдік жүйенің жай-күйі мен сол тілді қолданудың
қоғамдық тәжірибесі,
тілдің қоғамдағы болмысына, оның дамуы мен қызмет
етуіне әсер ететін экономикалық, идеологиялық, мәдени, әлеуметтік-
психологиялық,
этнопсихологиялық
факторлардың
жиынтығы.
Жан-
жануарлардың, өсімдіктердің өсіп, өніп, көбеюі қоршаған табиғи ортаның
саламаттығына байланысты болса, адамдардың да рухани дамуы ана тілі деп
аталатын тілдік ортаның саламаттылығына тікелей тәуелді», - дей келе, қазақ
тілінің «қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын жинақтаушы, сақтаушы,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың
рухани дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани
ортасы» екенін айтады [51].
Лингвоэкологияның ғылыми кеңістігін зерттеген О.И. Фомина
лингвоэкологияның басты ұғымдарының қатарына «тілдік тұлға», «тілдік
орта», «тілдік саясатты» жатқыза отырып, тілдік ортаға мынадай анықтама
береді: «
Тілдік орта – бір жағынан, жеке адамның тіршілік ортасы, ал екінші
жағынан, тілдің өмір сүретін және алуан түрлі қызмет ететін ортасы.
Бұған
саяси жүйелер мен мәдениеттер арасындағы тілдік қарым-қатынастар, тілдердің
араласуы мен тоғысуы, шет тілдерін меңгеру, қостілділік, т.б. жатады» [52].
Қазақ тіл біліміндегі зерттеулерге тоқталсақ, Г. Смағұлованың тіл
экологиясының тілдік жағдаят, тілдік орта, тілдік тұлға тәрізді негізгі ұғымдары
талданған «Сөйлеу мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері» атты
мақаласында
тілдік орта «сол тілде сөйлейтін қоғам мүшелерінің тілдік
санасының көрінісі, қолданыстағы тілдің жай-күйі, тілдің қоғамдағы орны мен
дамуы» деп түсіндіріледі. Ғалым тілдік ортаны лингвоэкологияның басты
нысанына жатқызып, одан қоғамның әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық,
мәдени, этнопсихологиялық болмысы көрінетініне мән береді [53]. Яғни тілдік
орта қазіргі қоғамның түрлі деңгейдегі болмысын сипаттап, қоғам мүшелерінің
тілдік санасын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: