Жумагулова айша алгабековна


Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі



Pdf көрінісі
бет5/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Зерттеудің әдіснамалық 
негіздері ретінде философиялық таным теориясы, іс-әрекет теориясы, 
лингвистика, әлеуметтану, дидактика, психология, журналистика салаларының 
әдістемелік жетістіктері алынды. 
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында талдау, сипаттау, салыстыру, 
сұрыптау, жинақтау, қорытындылау (теориялық материалдарды өңдеуде); 
лингвоэкологиялық мониторинг (жаңалықтар бөліміндегі ақпараттық тепе-
теңдікті анықтауда); мазмұндық талдау (бағдарламалар, жаңалықтар 
мәтіндерін зерттеп, негатив пен тілдік агрессияны анықтауға мүмкіндік беретін 
бірліктерді талдауда); интент-талдау (пікір көшбасшыларының жазбалары 
мен комментарийлердің мазмұндарын зерттеу үдерісінде), статистикалық 
талдау (дүкен атауларының сандық мәліметтерін талдау барысында); 
сауалнама жүргізу, тестілеу, бақылау, бағалау, тәжірибе жүргізу, сандық 
және сапалық талдау, диагностикалық әдістер (эксперимент жүргізуде) 
қолданылды. 
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Лингвоэкологияның теориялық 
негіздері (Э. Хауген, А. Филл, П. Мюльхойзлер, Т. Левассюр, А.В. Кравченко, 
Н.А. Курашкина, И.Н. Потеряхина, В.П. Коровушкин, А.П. Сковородников, 
С.А. Актуганова, В.И. Шаховский, Е. Сущенко, Н. Уәли, Д.А. Әлкебаева,
Ж. Жақыпов, Г. Смағұлова, М.Б. Нұртазина, Қ.С. Құлманов, М.И. Кадеева,
Ж.Б. Бектұрова, Н.С. Әміржанова, С.Ж. Үркінбаев), медиакеңістік
(М. Маклюэн, И.М. Дзялошинский, Е.Н. Юдина, З.Қ. Буенбаева), эмоция



(Ә. Алдамұратов, П.К. Анохин, А.Р. Леонтьев, Ғ.Қ. Иманалиева), тілдік 
агрессия (А. Алтаева, И.В. Пекарская, Е.А. Шпомер, К.Ф. Седова,
Ю.В. Щербинина), тілдік сән (В.Г. Костомаров, И.Т. Вепрева, Л.К. Граудина), 
құзыреттілік 
(И.А. 
Зимняя, 
Н.В. 
Баграмова, 
Ж.Т. 
Дәулетбекова,
Г.Қ. Айқынбаева, М.А. Ғалымжанова, Ш.Т. Таубаева, Б.А. Тұрғынбаева), 
эмоционалдық интеллект пен эмотивтік құзыреттілік (П. Саловей, Дж. Майер, 
Д. Гоулман, Д.В. Люсин, И.Н. Андреева, В.Д. Шадриков, С.А. Рубинштейн, 
С.В. Чернышова).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет