Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет3/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

Зерттеудің өзектілігі. Лингвоэкологияның негізгі нысаны ретінде тіл мен 
ортаның өзара әрекеті қарастырылады. Сыртқы орта адам, социум арқылы тілге 
әсер етсе, тіл адам психосферасының орталық компоненті ретінде жалпы 
социумға және индивидке, қоғамның белгілі бір кезеңдегі өнегелік және рухани 
деңгейіне ықпал етеді.
Сондықтан қазақ лингвоэкологиясының бүгінгі көкейкесті мәселесі 
медиакеңістік пен адамның арақатынасынан басталады. Бұл қарым-қатынас 
қауіпсіз болу үшін қоғам мүшелеріне медианы тұтыну мәдениеті мен 
лингвоэкологиялық білімді игеру қажет. Себебі адам үшін тілдік орта қауіпсіз 
болуы шарт. Қауіпсіз тілдік орта – агрессивті биоэнергетикамен, тұрпайы 
сөздермен ластанбаған, таза, тіл мен сөйлеудің қызмет етуі мен табиғи 
дамуына, тілдік тұлғаның қалыптасуы мен үнемі жетілуіне оңтайлы 
лингвосфера. Қауіпсіз тілдік ортаны саналы тілдік тұлғалар қалыптастырады. 
Бұл ретте медиакеңістік тілінің лингвоэкологиялық жай-күйін зерттеп, оның 
қауіпсіз болуы үшін тілдік тұлғалардың лингвоэкологиялық білімге негізделген 
эмотивтік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытудың әдістемесін жасаудың 
қажеттілігі зерттеудің өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің нысаны. Қазіргі қоғам мүшелерінің басты тілдік ортасы 
саналатын қазақтілді медиакеңістіктегі тілге және сол тілде сөйлеушілерге 
ықпал ететін лингвоэкологиялық құбылыстар. 
Зерттеудің пәні. Қазақтілді медиакеңістіктің лингвоэкологиялық жай-
күйі мен оның экологиялылығын қамтамасыз ететін лингвоэкологиялық білім. 
Зерттеудің мақсаты. Үдемелі жылдамдықпен дамып келе жатқан бүгінгі 
қазақтілді 
медиакеңістікті 
лингвосфераның 
маңызды 
бөлігі 
ретінде 
лингвоэкологиялық 
тұрғыдан 
кешенді 
талдау 
арқылы 
негізгі 
лингвоэкологиялық мәселелерді анықтау және сол мәселелерді шешу 
мақсатында білім алушылардың эмотивтік құзыреттілігін қалыптастыру 
әдістемесін ұсыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет