Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет50/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

1. Шынайы оқиғаларға құрылған сторителлинг (мысал ретінде шешілуі 
тиіс оқиғалар алынады). Сторителлингтің бұл түрі проблеманы шешуден гөрі 
оны түсіну маңыздырақ болған жағдайларда қолданылады. Осы арқылы 
студенттерге нақты жағдаяттарда өзін қалай ұстау керектігін немесе қандай 
дағдылар мен қабілеттерді қолдану керектігін үйретуге болады. Бұл әдіс 
ұжымды 
біріктіруде, 
топтық 
пікір 
алмасуларды, 
талқылауларды 
ұйымдастыруда ұтымды қолданылады. 
2. Әңгімелеуге құрылған сторителлинг: ойдан шығарылған немесе 
шынайы әңгіме оқытуға қажетті ақпарат ретінде ұсынылады. Бұл әдіс білім 
алушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. 
Мәселен, ертегілерді, әңгімелерді балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, қиялын 
дамыту және эмоцияларын ояту үшін айтады. 
3. Сценарийге құрылған сторителлинг: білім алушылар оқиғаның бір 
бөлігіне айналып, қабылдаған шешімдеріне байланысты әртүрлі нәтижелерге 
қол жеткізеді. Бұл әдіс студенттердің бұрын алған білім мен тәжірибелерін 
қолдану қажет кезде жақсы жұмыс істейді. Сценарийлерді қолдану 
студенттердің білімдеріне мән қосып, оларды шынайы өмірде қолдануға 
көмектеседі. 
4. Проблемалық жағдаяттарға құрылған сторителлинг: проблемаларды 
ең жақсы нәтижеге қол жеткізе отырып шешуге үйрету тәсілі. Бұл әдіс 
проблемалық жағдаяттарды шешу дағдыларын дамытуға және білімді 
практикада қолдануға көмектеседі [209]. 
Сторителлингтің құрылымы кіріспеден, экспозициядан, негізгі бөлімнен, 
кульминациядан және түйіннен тұрады. 
Сторителлингтің ең басты ерекшелігі – оның нақты эмоциялар тудыра 
алуы. Айтылатын оқиғалар жаны ашу, қуану, ашулану, абдырау, өкіну, күлу, 
күмәндану, сену секілді шынайы эмоциялар тудыруы керек. Олай болмаған 
жағдайда сторителлингтер ешқандай нәтиже бермейді. Сторителлинг әдісін 
меңгеру студенттердің эмоционалдық сөйлеу әсерін тигізу қабілеті мен 
дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. 
Қарастырылып отырған әдіс-тәсілдер жүйесі білім алушылардың 
эмотивтік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту технологиясының 
мазмұнын құрайды. Аталған құзыреттіліктің құрамына кіретін дағдылар мен 


115 
қабілеттердің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін әртүрлі 
жаттығуларды қамтиды.
Әр жаттығу білім алушылардың оны орындаудағы мақсатын нақты 
қоюды қамтамасыз ететін нұсқаулықтардан, яғни бір немесе бірнеше 
тапсырмадан тұрады.
Әдістемелік мақсаттарға қол жеткізу ұсынылатын әртүрлі жаттығуларды 
оңтайлы пайдаланып, оқу үдерісінде оларды жүйелі ұсынумен қамтамасыз 
етіледі.
Зерттеу аясындағы жаттығулар жүйесі ретінде «сөйлеу әрекетінің әр 
түріндегі дағдылар мен қабілеттерді қалыптастырудың заңдылығы ескерілетін 
тиісті бірізділікте, тиісті көлемде орындалатын жаттығулардың қажетті типтері 
мен түрлерінің жиынтығы» ұғынылады [210].
Білім алушылардың эмотивтік құзыреттілігін қалыптастыру мен 
дамытуға ұсынылатын технология, ең алдымен, олардың сөйлеу дағдылары мен 
қабілеттерін дамытуды мақсат етеді. Сондықтан зерттеу аясында осы мақсатқа 
жетуді қамтамасыз ететін жаттығулардың көп бағытты кешендері ұсынылады. 
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту технологиясының 
құрамдас бөлігі ретінде біз жаттығудың үш түрін қарастырамыз: 
- тілдік (коммуникативтік емес) жаттығулар. Олар лексикалық 
бірліктерді саналы түрде игеруге және соған сәйкес білім алушылардың 
эмотивтік құзыреттілігінің мазмұнына кіретін лексикалық дағдылар 
жиынтығын қалыптастыруға бағытталған;
– шартты тілдік жаттығулар. Эмотивтік құзыреттіліктің құрылымына 
кіретін лексикалық дағдыларды автоматтандыруды және олардың тиісті 
дағдыларға ауысуын қамтамасыз ететін сөздердің мағыналары мен 
коннотативті мағыналарын есте сақтауға ықпал етеді;
коммуникативтік жаттығулар. Нақты эмотивті-коммуникативтік 
қарым-қатынасты 
қамтамасыз 
етеді, 
эмотивтік 
құзыреттіліктің 
автоматтандырылған дағдылары мен қабілеттерін эмотивті коммуникацияның 
әртүрлі жағдаяттарына, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарына 
ауыстыруға жағдай жасайды.
Ұсынылып отырған технологияны сәтті жүзеге асыру үшін бұл 
жаттығулардың барлық түрі бірдей маңызды. Олардың жиынтығы 
эмоционалды концепттің лексика-фразеологиялық қорының саналы есте 
сақталу деңгейінен эмотивті коммуникацияның әртүрлі жағдаяттарында оларды 
еркін қолдану деңгейіне ауысуға мүмкіндік береді. 
Білім алушылардың кәсіби-коммуникативтік іс-әрекетінің эмотивті 
аспектісін оқытуға ұсынылатын технологияны жүзеге асыру үшін 
қолданылатын жаттығулар іштей төрт кешенге бөлінеді: 1) эмоцияларды атауға 
арналған жаттығулар кешені; 2) эмоцияларды суреттеуге арналған жаттығулар 
кешені; 3) эмоцияларды білдіруге арналған жаттығулар жиынтығы; 4) 
эмоционалды сөйлеу әсерін дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы. 
Қарастырылып отырған технологияны жүзеге асыру аясында жаттығулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет