Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
адам) жұмыстар; жұптық жұмыстар, оқыту ойындары (рөлдік, жағдаяттық, 
имитациялық, іскерлік); аудиториядан тыс әдістер (өзіндік жұмыстар, 
әлеуметтік желілерде орындалатын тапсырмалар); дәрістерде, практикалық 
сабақтарда, сондай-ақ ағымдық бақылау жұмыстарында қолданылатын 
интербелсенді әдістер («Оқытушы рөліндегі студент», «Блум түймедағы», 
«Борт журналы», «Бұл кім?», «Данышпан үкілер», «Шаттанушы мен күдікшіл», 
«Эмоционалдық көңіл күйді анықтайтын тест», «ТВ шоу, «Дыбыстау», 
«Қашықтан басқару», т.б.); пікірталастар, кейстер, ұсынымдар және білім 
беру үдерісін мультимедиалық қолдау.
Аталған интербелсенді әдістермен қатар сабақтарда ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар да кеңінен қолданылады. Олар сабақты 
ұйымдастырудың 
тиімді 
құралдары 
болуымен 
қатар, 
компьютерлік 
лингводидактика ретінде де ұтымды пайдаланыла алады. Вики-технологиялар
мультимедиялық өнімдер, әлеуметтік желілер, коммуникациялық ресурстар, 
бейне және фото ақпараттарды сақтауға арналған youtube, picassa және т.б. 
ресурстар эмотивтік құзыреттілікті нәтижелі меңгеруге, өздік жұмысты ұтымды 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Э.Г. Азимов ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімді 
құрал ретіндегі маңызы туралы: «В последнее время возможности Интернета 
как средства электронной коммуникации стали активно применяться в учебном 
процессе. При этом, в зависимости от содержания и целей обучения, 
электронная коммуникация может осуществляться как в синхронном, так и в 
асинхронном режимах с использованием различных форматов: текстового 
(электронная почта, чат, форум, сетевые дневники), аудио или видео 


109 
(видеоконференции, голосовая почта, пересылка звуковых и видеофайлов)», – 
десе [202], олардың лингводидактикалық қызметі жөнінде Ш.Қ. Құрманбаева 
былай дейді: «Толассыз ақпараттар ағымын бүкіләлемдік Интернет жүйесі, 
спутниктік каналдар, теледидар, ұялы байланыс арқылы көріп, естіп 
қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың өкіліне нағыз керегі – сандық бейне
анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. 
компьютерлік технологиялар» [157, б. 236]. 
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамыту барысында тиімді 
қолдануға болатын интербелсенді әдістерге тоқталайық.
Коммуникативтік 
ойындар 
– 
білім 
алушылардың 
эмотивтік 
құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған интербелсенді әдістердің бір түрі. 
Ойын
дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл күйін
көтеретін, 
ойландыратын үдеріс. Ойын – төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, 
ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті,
дүниетаным өрісінің көлемділігін, 
көп білуді, сондай-ақ
басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді 
қалыптастыруға
үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бipi 
[201, б. 163-164].
Коммуникативтік ойындар түрлеріне қарай топтық, рөлдік, жағдаяттық, 
іскери болып бөлінеді. Осылардың ішінен эмотивтік құзыреттілікті 
қалыптастыруда жағдаяттық ойындарды тиімді қолдануға болады. Себебі әрбір 
нақты эмотивтік жағдаятты ойнау арқылы талдау нәтижесінде білім 
алушылардың коммуникацияда өз эмоцияларын басқару, көрсету, сипаттау 
дағдылары мен қиын сәттерде жол таба білу қабілеттерін дамытуға болады.
Э.Г. Азимов пен А.Н. Щукиннің анықтамасы бойынша, «жағдаят –
адамды іс-әрекеттер жасауға итермелейтін шындық жағдайлар мен 
көріністердің жүйесі» [198, с. 213].
Е.И. Пассов коммуникативтік жағдаятты «қарым-қатынас субъектілері 
арасындағы әлеуметтік-мәртебелік, рөлдік, іскери және адамгершілік 
қатынастардың интегративті динамикалық жүйесі» деп түсіндіреді [203]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет