116
коммуникативтік
жаттығуларға дейін, ал
көлденең жазықтықта оқыту
кезеңдеріне сәйкес орналасады: эмоцияларды атауды үйретуге бағытталған
жаттығулардан бастап, эмоцияларды білдіруге
арналған прагматикалық және
кәсіби бағдарлы жаттығуларға дейін.
Кәсіби-коммуникативтік іс-әрекеттің эмотивті аспектісін оқытуда
ұсынылып отырған технологиядағы кезеңдерде қолдануға ұсынылатын
жаттығуларды мысалдар арқылы қарастырып көрейік.
I кезең – эмоцияларды атау. Жоғарыда эмоциялардың атаулары
эмоционалды концепттің лексика-фразеологиялық
қорының семантикалану
және іске қосылуын міндетті түрде жүзеге асыруды қажет етпейтіні айтылды.
Дегенмен білім алушыларға семантикалану кезеңінде бұл лексикалық
бірліктердің эмотивті мәтіндегі сигналды қызметтерін көрсету үшін контекстік
әдіс тиімдірек болады.
Білім алушылардың эмоция атауларымен танысу сатысында келесідей
тапсырмалары бар жаттығулар жиынтығын ұсынамыз:
– төменде келтірілген сөздердің ішінен қарамен берілген сөздердің
мағынасын ашатындарын таңдап алыңыз;
– берілген сын есімдерден сүю эмоциясын білдіретін сөздер жасаңыз;
– төменде берілген сөздерден қуану эмоциясын білдіретін сөздердің
синонимдік қатарын құраңыз;
– келесі эмоция атауларының антонимдерін табыңыз;
– эмоцияны атайтын сөздерді адамдардың фотосуреттерімен /
суреттермен сәйкестендіріңіз;
–
суреттерді
қарап
шығыңыз.
Оларды
берілген
сөздермен
сәйкестендіріңіз;
– төменде берілген графикалық суреттер жүйесіне сүйеніп, электронды
хабарламаның артында тұрған эмоцияларды табыңыз.
Атауыш сөздерді қолдануға жаттығу үшін тұтас мәтіндер де, жекелеген
сөйлемдер де беруге болады. Бұл сатыда
білім алушыларға мынадай
тапсырмалары бар жаттығулар ұсынылады:
– мәтіндердегі бос орындарды сәйкес эмоция атауларымен
толтырыңыз;
– мақала тақырыптарын оқып, тақырыптарда қолданылған эмоция
атаулары бойынша мәтіндердің эмотивті фонын анықтаңыз. Мәтіндерді
оқып шығып, өз шешімдеріңіздің дұрыстығын тексеріңіз;
– төменде берілген сөздерді ашулану эмоциясының қарқындылығы
бойынша тізбекке орналастырыңыз;
– төменде берілген эмоция атауларын екі бағанға бөліп жазыңыз:
жағымды және жағымсыз. Таңдауыңызды түсіндіріңіз;
– ашу эмоционалды концептісінің лексика-фразеологиялық қорынан
ұрыға, адам өлтірушіге, бала ұрлаушыға, жемқорға қатысты өз эмоцияңызды
нақтылайтын сөздерді таңдап алыңыз;
117
– сүю эмоциясының атауларын оқып шығыңыз. Оларды мына
тақырыптар бойынша бөліп жазыңыз: Отбасы. Жұмыс. Демалыс.
Таңдауыңызды түсіндіріңіз.
Атауыш сөздерді коммуникативтік
жаттығуларда қолдану білім
алушылардың өздерінің және басқа адамдардың сезімдерін монолог немесе
диалог түрінде жеткізуді қарастырады. Бұл жағдайда тапсырмалардың келесі
түрлері берілуі мүмкін:
– қорқыныш түрлері туралы айтып беріңіз. Оларға қатысты
көзқарасыңыз қандай?
– фильмнен үзінділер қарап, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас
түрлерін эмотивтермен сипаттаңыз;
– пантомимамен сүйіспеншілігіңізді көрсетіңіз. Топтағы ең жақсы
пантомиманы таңдаңыздар;
– ағылшын қоғамындағы қыз бен жігіттің арасындағы махаббат
сезімінің көрінісі туралы мәтінді оқыңыз. Өз лингвомәдени социумыңыздың
Достарыңызбен бөлісу: