Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

Эмотивті жағдаят дегеніміз – адамда қандай да бір эмоциялардың 
немесе эмоциялар кешенінің пайда болуын қамтамасыз ететін сыртқы және 
ішкі жағдайлардың жүйесі. Бұндай жағдайлардың мысалы ретінде мыналарды 
көрсетуге болады: 1) қатысымдағы серіктестердің әлеуметтік және 
коммуникативтік 
мәртебесі; 
2) 
олардың 
арасындағы 
тұлғааралық 
қатынастардың сипаты; 3) тақырыптың, мақсаттың және проблеманың болуы; 
4) пәндік-лингвистикалық контекст; 5) экстралингвистикалық жағдайлар; 6) 
қоршаған шындықтың нысандары мен құбылыстары және т.б. 
Эмотивті жағдаяттарды таңдаудың өлшем-шарттарына С.В. Чернышов 
мыналарды жатқызады: а) таңдалған салалар мен тақырыптардың сәйкестігі; б) 
стандартты емес; в) проблемалық; г) әртүрлі стильдік тоналдылықтың тілдік 
құралдарын таңдауға бағыттау; д) жағдаяттағы жаңалық элементінің болуы; е) 
ерекшеліктің болуы; ж) әлеуметтік рөлдердің көп болуы [204]. 
Болашақ мұғалімдерді кәсіби-бағдарлы оқытудағы эмоционалды 
жағдайларды модельдеудің ерекшеліктері студенттерге кәсіби эмоционалды 


110 
жағдайларды дамыту, оларды сабақта жағымды эмоционалды климатты 
сақтауға бағыттау болып табылады. Сондықтан білім беру мазмұнындағы 
эмоциялық жағдайларды таңдаудың тағы екі өлшем-шартын анықтадық: 1) 
педагогикалық қарым-қатынас жағдаяттарында қолданылуы; 2) жағымды 
эмоционалды ахуал құруға бағытталуы. 
Бұл өлшем-шарттар болашақ мұғалімдердің оқыту мазмұны үшін 
таңдалған барлық эмотивті жағдаяттар кәсіби бағдарлы болуы керек дегенді 
білдірмейтіндігін атап өткен жөн. 
Ұсынылатын эмотивті жағдаяттар, біріншіден, студенттерді талпындыру, 
екіншіден, олардың санасында осы жағдаяттар мен оларда жүзеге асырылған 
эмоциялар арасындағы тұрақты когнитивті байланыстарды қалыптастыру үшін 
басым жағдайда жағымды эмоциялардың пайда болуына бағытталуы керек.
Білім алушылардың эмотивтік құзыреттілігінің жалпы коммуникативтік 
және кәсіби-коммуникативтік аспектілерін ескере отырып, біз эмотивті 
жағдаяттарды жалпы коммуникативтік және кәсіби-коммуникативтік топтарға 
бөліп қарастыру қажет деп санаймыз. Төменде екі топқа жіктелген эмотивті 
жағдаяттардың мысалдарын ұсынамыз (11-кесте). 
 
Кесте 11 – Оқыту мазмұнындағы жалпы коммуникативтік және кәсіби-
коммуникативтік эмотивті жағдаяттар 
 
Жалпы коммуникативтік эмотивті 
жағдаяттар 
Кәсіби-коммуникативтік эмотивті жағдаяттар 
Автобустағы жағдай (орын бермегеніңіз 
үшін сөз естідіңіз) 
Жақсы нәтижеге қатысты мақтау 
Мейрамханадағы кездесу (орынсыз әзіл 
айтып, ұятқа қалдыңыз) 
Нашар баға туралы түсініктеме беру 
Үйге келу уақыты туралы келіспеушілік 
Оқушылардың жалықтыратын және қиын 
мәтінге шағымдануы 
Әлеуметтік желідегі айтыс
Сабақта ұялы телефонды пайдалану 
Бауырыңызға деген қызғаныш 
Сыныптағы кикілжің 
Чаттағы жанжал 
Мұғалімнің біліктілігінің төмендігіне 
шағымдану 
Өмірден түңілген досыңызбен сұхбат 
Оқушылардың дене бітімі ірі сыныптастарын 
мазақтауы 
Тікелей эфирдегі әшкере 
Үй жұмысын үнемі орындамай келетін 
баламен сұхбат 
Кезектегі кикілжің 
Сыныптағы әлеуметтік мәртебеге қатысты 
теңсіздік 
Ескерту – Автормен құрылған 
Ұсынылып отырған технология оқыту барысында педагогикалық ойын 
түрлерінің әдістері мен тәсілдерінің кең көлемді топтарын біріктіреді. Олар 
жалпы ойындардан оқытудағы нақты мақсатымен және оқу-танымдық 
бағытымен, педагогикалық нәтижесімен ерекшеленеді. 
Рефлексиялық оқыту әдістері. Таным үдерісінде рефлексияның алатын 
орны зор. Рефлексия – адамның өзін қоршаған әлемді, оның барлық 


111 
құбылыстарын ішкі сәулелендіруі, ішкі таным үдерісінің өтуі барысында өзінің 
қадағалау жүргізуі. Өйткені рефлексиялық құбылыстың өзі, негізінен, адамның 
өз санасын өзіне қарай аударуы және сонда болып жатқан үдерістер туралы 
өзінің ойлануы.
Оқыту барысында тұлғалық-бағдарлы құзыреттілік тәсілін жүзеге асыру 
білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздеуді және жүзеге 
асыруды талап етеді, оның аясында әрбір білім алушы өзінің оқу іс-әрекетінің 
субъектісі ретінде белсенді әрекет етеді және өз қызметінің мақсаттары мен 
мазмұнын, сонымен қатар оның нәтижелерін біледі. Рефлексиялық оқыту 
әдістері осы талаптарға сай келеді. 
Инновациялық білім беру технологиялары тобына кіретін оқыту мен 
тәрбиелеудің рефлексивті әдістері заманауи жоғары білім беру жүйесінің 
талаптарына сәйкес келеді және білім алушыларды іс-әрекет субъектілері 
ретінде дамыту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. А.В. Гагарин 
рефлексиялық 
оқыту 
әдістерінің 
тиімділігі 
жөнінде 
былай 
дейді: 
«рефлексивные методы обучения способствуют в конечном итоге осмыслению 
каждым студентом собственной образовательной истории и выстраиванию 
стратегии образования собственной личности через создание образа своего 
профессионального будущего» [205]. 
М. Мұқанов Д.Н. Узнадзенің мына мысалын ала отырып, рефлексияның 
ішкі кезеңдерін көрсетеді: «Мысалы адам арамен ағаш кесіп жатыр делік, бұл 
оның практикалық, яғни импульсивтік әрекеті. Бір уақытта ара ағашты кеспей 
қалды делік. Осы кезде адам істеп жатқан жұмысын тоқтатады да, 
(практикалық іс-әрекеттен) теорияға көшеді. Теория, яғни ойлану арқылы 
араның не себептен кеспей қалғанын біледі. Демек адамда теория мен практика 
бір-бірімен байланыссыз түрде кездеспейді, олар үнемі бірлікте болып 
отырады. Біздер күнделікті міндетімізді теория мен практиканың негізінде 
орындай аламыз» [206]. 
Осыған сүйеніп рефлексияның екі кезеңін анықтауға болады: 
– бірінші кезеңде рефлексия ой жұмысы мен практикалық іс-әрекеттердің 
тәсілі мен нәтижесін, өту барысын түйсінетін техника сияқты қызмет етеді; 
– екінші кезеңде рефлексия адамның жұмыс барысындағы өзінің күйі мен 
көңілін саналы түрде тануға бағытталған қалпы ретінде қызмет атқарады. 
Рефлексиялық психология, жүйелік акмеология және рефлексиялық-
белсенділік 
педагогикасы 
бойынша 
жазылған 
соңғы 
зерттеулерде 
рефлексияның оқу және кәсіби іс-әрекеттің жетістігін айқындаушы, тұлғалық 
және кәсіби өзін-өзі анықтау, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асырушы 
механизм екені айтылады. 
Алайда көптеген теориялық және эмпирикалық материалдардың болуына 
қарамастан, жоғары білім беру жүйесінде оқытушылар мен студенттер 
арасындағы рефлексияны мақсатты түрде дамыту мәселесі жеткілікті шешілмей 
келеді. 
Оқытудың рефлексиялық әдістері мен тәсілдері студенттердің тұлғалық 
және кәсіби тәжірибесін толық түсінуге және түрлендіруге, ақыл-ой 


112 
белсенділігіне ықпал етуге, білім беру, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің уәжін 
арттыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және шығармашылық 
әлеуетті пайдалануға бағытталғандығымен құнды болып саналады. 
Кәсіби білім берудің барлық кезеңдерінде студенттердің өздік 
жұмыстары маңызды болып табылады. Өздік жұмысы оқу үдерісін 
ұйымдастырудың бір формасы ретінде ғана емес, сонымен бірге білім алушыны 
білімді пассив тұтынушыдан проблеманы тұжырымдай алатын, оны шешудің 
жолдарын талдай алатын, оңтайлы нәтиже таба алатын және оның дұрыстығын 
дәлелдей алатын белсенді бастамашыға ауыстырудың маңызды шарты ретінде 
қарастырылады. Мұндай өздік жұмыстарын ұйымдастыру студенттердің ішкі 
білім беру және кәсіби ынтасын арттыруға, олардың білім алу қабілетін 
дамытуға, өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға, алған білімін оқу және 
кәсіби мәселелерді шешуде шығармашылықпен қолдана білуге бағытталған 
оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу мен қолдануды көздейді. 
Оқытудың рефлексиялық әдістері білім алушының өздік жұмыстарын 
ұйымдастырудың (өзін-өзі ұйымдастырудың) және бақылаудың (өзін-өзі 
бақылаудың) әртүрлі кезеңдерінде аудиторияда да, аудиториядан тыс уақытта 
да, жеке және ұжымдық оқу мен кәсіби қызмет үдерісінде жүзеге асырылуы 
мүмкін. 
Оқыту барысында әдістерді рефлексияның төмендегі 4 түрінің ішінен 
таңдап алуға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет