113
Сторителлинг. Сторителлинг – бұл эмоционалды байланыстарды құру,
тыңдаушының назары мен сезімдерін басқару, маңызды мәселелерге назар
аударту, сол арқылы адамдарға эмоционалдық сөйлеу әсерін тигізу.
Сторителлинг (ағыл. Storytelling, story – әңгіме, tell – айту) әдісін
Armstrong
International
халықаралық компаниясының басшысы Дэвид
Армстронг енгізген. Армстронгтің жеке тәжірибесінен
сәтті өткен бұл әдістің
тиімділігі ережелер мен тұжырымдамаларға қарағанда әңгімелердің мәнерлі,
әсерлі, қызық болуымен әрі жеңіл қабылдануымен түсіндіріледі. Мұндай
әңгімелер адамдардың есінде ұзақ сақталып, олардың мінез-құлқына,
эмоцияларына күштірек әсер етеді.
Ф. Пуллманның: «В одной истории больше мудрости, чем во всей
философии» деген сөзіне сүйенген түрлі сала
мамандары қазіргі уақытта
сторителлинг әдісін өз қызметтерінде (маркетинг, менеджмент, бизнес, PR,
қаржы, сауда, психология, журналистика, білім беру, т.б.) кеңінен қолданып
келеді.
Білім берудегі сторителлинг – бұл оқыту,
тәлім беру, тәрбиелеу, дамыту
және ынталандырудың педагогикалық мәселелерін шешуге бағытталған, белгілі
бір құрылымы мен сипаты бар әңгімелерді пайдалануға негізделген
педагогикалық әдіс.
Педагогикалық сторителлинг, негізінен, классикалық және белсенді
сторителлинг болып екіге бөлінеді.
Классикалық сторителлингке мұғалім айтатын шынайы өмірлік (немесе
ойдан шығарылған) оқиғаны жатқызуға болады. Білім алушылар тек тыңдайды
және ақпаратты қабылдайды. Ол вербалды түрде жеткізіледі.
Классикалық
сторителлинг айқын білімді таратуға қызмет етеді, оны қолданғанда мұғалім
оқушыларға нақты білім беру ақпаратын жеткізеді: ережелер, теориялар,
тәжірибелік заңдар және т.б.
Белсенді сторителлингте тыңдаушылар оны құру және әңгімелеу
үдерісіне белсенді қатысады.
Білім алушылар белсенді сторителлингте:
– мұғалімнің тапсырмасы
мен ұсыныстарын орындай отырып, өзінің
сторителлингтерін құра алады;
– әртүрлі жағдаяттарды модельдеп, олардан шығу жолдарын іздестіре
алады;
– өз бетінше немесе мұғаліммен бірлесіп әңгімелерді талдай алады.
Белсенді сторителлинг тек айқын емес, сонымен қатар жасырын білімді
беруге көмектеседі. Жасырын білім – бұл логикалық тұрғыдан рәсімделмеген
және вербалды түрде айтылмайтын білім түрі. Ол
практикалық қызметте
дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру үшін кеңінен қолданылады [208].
Бүгінде педагогикалық сторителлинг мультимедиялық технологияларды
белсенді
пайдалануда
да
қолданылады.
Сторителлингтің
визуалды
материалдармен толықтырылатын мұндай форматы (видео, жазба, ақыл-ой
картасы, инфографика) цифрлық сторителлинг деп аталады. Цифрлық
114
сторителлинг мұғалімдерге оны оффлайн және онлайн оқыту форматында да
оңай қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта сторителлинг әдісі сыртқы және ішкі коммуникация
құрудың, аудиторияға шынайы немесе ойдан шығарылған кейіпкерлері бар,
әсерлі, күлкілі, тағылымды әңгіме айтудың тиімді
құралы ретінде танылып
келеді.
Сторителлинг «құрғақ» теориялық материалды жарқын кейіпкерлермен
және динамикалық оқиғалармен толықтырып, білім алушылардың тақырыпқа
деген қызығушылығын арттыруға, ойды, сезімдерді, идеяларды тиімді түрде
жеткізуге және ақпаратты берік меңгертуге мүмкіндік береді.
Оқыту барысында сторителлингтің 4 түрін қолдануға болады:
Достарыңызбен бөлісу: