Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет54/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

алмастырыңыз; 
– диалогты тыңдаңыз. Төменде берілген лексикалық бірліктердің 
контекст бойынша мағынасын анықтаңыз; 
– бейнероликті қараңыз. Төменде берілген тізімнен кейіпкерлердің өз 
сезімдерін білдіру үшін қолданған сөздері мен сөз тіркестерін таңдап алыңыз;  
– көркем шығарманың үзіндісін оқыңыз. Автордың кейіпкердің сезімін 
жеткізу үшін қолданған сөздері мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз. 
Эмоциялардың дескрипторларын қолданып, олардың мағынасын түсіндіріңіз.
Эмотивтерге жаттығу тек контекстік сипатқа ие. Олардың қызметі 
эмотивті мәтінде анықталады. Бұл кезеңде білім алушыларға мынадай 
жаттығулар ұсынылуы мүмкін: 
– эмотивті фон жасау үшін мәтінді эмотивтермен толықтырыңыз; 
– журналистің мәтіндегі эмотивті сөздерін бейтарап сөздермен 
алмастырыңыз. Мәтіннің оқырманға тигізер эмотивті әсері өзгерді ме? 
Ойыңызды жазыңыз; 
– дискуссияны тыңдаңыз. Оның қатысушыларының талқыланып 
жатқан мәселеге қатысты өз эмоционалды қатынасын білдіретін сөздер мен 
сөз тіркестерін теріп жазыңыз; 
– мақаланы оқыңыз. Журналистің оқырманның эмоционалды реакциясын 
тудыру үшін қолданған сөздерінің астын сызыңыз. Оларды стиль тұрғысынан 
(бейтарап, эмоционалды реңкі бар, т.б.) талдаңыз; 
– комментарийдегі адамдардың диалогын оқыңыз. Олар бір-бірінің іс-
әрекетін бағалау үшін қандай эмотивті сөздер қолданған? Ол сөздерге баға 
беріңіз;
– фильмнен үзінді қарап, өз сүйіктісіне сезімін білдіретін кейіпкердің 
сөздерін көшіріп жазыңыз. 
Эмотивтер түрлі эмоционалды жағдаяттарға байланысты қолданылады. 
Сондықтан эмотивті лексикаға арналған жаттығулар бойынша жұмыстың осы 
кезеңінде жағдаяттық тапсырмалар беріледі. Эмотивтерді қолдану деңгейінде 
ұсынылатын жаттығулар мысалы мынадай: 
– жақын адамыңызбен ренжісіп қалдыңыз делік. Өз ісіңізге кешірім 
сұрап, оған деген көңіліңізді білдіретін сөз айтыңыз; 
– анаңызға деген махаббатыңызды бейвербалды түрде жеткізіңіз 
(пантомима, ым, ишара, т.б.); 
– анаңызға / әпкеңізге / досыңызға деген өз сезімдеріңізді жеткізіңіз; 
– бір құшақ гүл сыйлаған адамға өз таңданысыңызды білдіріңіз; 
– ғылыми мәселелер бойынша өткен конференцияға қатысқаныңыз үшін 
ризашылығыңызды білдіріңіз; 
– өзіңіз жек көретін бір зат / әрекет / мінез, т.б. туралы мақала жазып, 
онда хабарлама нысанына қатысты өз сезіміңізді көрсетіңіз; 
– қоғамдық орында бейтаныс жан сізге тіл тигізді. Сіз не деп жауап 
бересіз? 


121 
Болашақ мұғалімдерге эмоционалды сөйлеу әсерін үйрету барысында 
мынадай жаттығулар беру ұсынылады:
– күрделі тапсырманы дұрыс орындаған оқушыңызға өзіңіздің 
көзқарасыңызды білдіріңіз; 
– тапсырманы орындай алмаған оқушыны жігерлендіріңіз;
– сабақта талқыланатын нысанға қатысты сезімдеріңізді білдіріңіз. 
Бұл кезеңде білім алушылар эмотивті лексика мен фразеологизмдер 
бойынша жұмыстың жүйелілігін түсініп, эмотивті құралдарды таныстыруды
бекітуді және қолдануды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің 
комбинацияларын үйренуі керек. Ол үшін білім алушыларға өз бетінше сабақ 
жоспарын құрып, оның жеке фрагменттерін орындауды ұсынуға болады. 
Бұл жаттығуларды жоғарыда аталған кезеңдер мен сатылар аясынан 
шықпай, игеріліп жатқан эмоционалды концептке байланысты өзгерте беруге 
болады. 
Бұл кезеңде эмоционалды күйлерді вербалдау дағдысын игеру маңызды. 
Ол төмендегідей сипатта жүзеге асады: 
1) эмоционалды-бағалау лексикасы мен сөз тіркестерін (мысалы: ақылды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет