81
С. Тер-Минасованың пікірінше: «Кірме сөздердің лексика мен
фразеологияға дендеп енгені былай тұрсын, фонетиканы,
морфология мен
синтаксисті де қамтып, тереңдеп барады» [79, б. 127]. Мұның дәлелі ретінде
қазіргі қазақ тілінде пайда болып жатқан «кентавр бейнелі» будан сөздерді
келтіруге болады. Мәселен, Instagram желісіндегі @janasozdik парақшасында
осындай 357 сөз берілген (олардың саны күн санап артып келеді):
ұятмен
(қоғам міндеттеген құндылықтармен шектелген
және әдептілігі манияға
айналып, абсурдқа жеткен әдепшіл адам),
қыртапер («бизнеспен айналысу
керек еді» деп үнемі айтып жүретін, бірақ дым істемей бос жүретін адам),
көршейриң (керек болғанда анау-мынау сұрасып-берісетін көршілер жүйесі),
дінкогнито (дінді жасырын ұстанатын адам),
қққ (қарқ-қарқ-қарқ күлу),
қайырфандиң (хипстерлер мен стартапшылардың киберқайыршылығы),
байкетиң (еш ақпараттық салмағы / қызығы жоқ бола тұра патриархал
қауымның жанына жағатын пікіріңді, қалаулы образдағы суреттеріңді бөлісу
арқылы байға кету ықтималдылығыңды өсіру әрекеті),
перзентация (қырқынан
шыққан сәбиді алғаш рет көпшілікке көрсету),
қоқыс-ньюс (қазақша ақпараттық
сайттардың басым бөлігі тарататын жаңалықтар), т.б.
Талдау жұмыстары барысында осы парақшада берілген
пайдараз, пиараз
сөздерінің теле, радио эфирлерлерде журналистер
тарапынан қолданысқа
түскенін көрдік: «Пайдараз»
«продюсер» («Астарлы ақиқат», 19 қараша, 2019);
«Пиараз
әнші кім?» («Ұят Parade», 21 қараша, 2018). Сондықтан уақыт өте келе
қазір тұрпайы көрінген бұл сөздердің бәрі болмағанымен біразының
жалпыхалықтық қолданысқа ену қаупі де жоқ емес.
Жекелеген сөздерді былай қойғанда қазақ сөздерін бүтіндей немесе
жартылай дыбыстық жағынан ұқсас ағылшын сөздерімен алмастыру үрдісі
белең ала бастады (9-кесте).
Кесте 9 – Ағылшын сөздерімен алмастырылған қазақ сөздері
Медиакеңістіктегі нұсқасы
Қазақ тіліндегі түпнұсқасы
2Rar (әнші)
Тұрар
Noar (әнші)
Ануар
Do lot (әнші)
Дулат
10iz (топтың аты)
Теңіз
Oz in She (әннің аты)
Өзінше
Bas times (бағдарламаның аты)
Бастаймыз
Ұ-night (бағдарламаның аты)
Ұнайды
Lie (әннің аты)
Лай
Ah! Yah!Mah! (әннің аты)
Аяма
E. Yeah (әннің аты)
Ие
Boyman (әннің аты)
Боймен
Why’m (әннің аты)
Уайым
All I need (әннің аты)
Ол айниды
Хабарline (бағдарламаның аты)
Хабарлайын
Туысstar (бағдарламаның аты)
Туыстар
Республикаға хабар тарататын ірі телеарналардың өзі осындай үрдісті
қолдап, қолданып отыр. Бұлай жалғаса берсе, өскелең ұрпақтың тілдік
82
санасындағы
бұл сөздердің мәні, айтылуы, жазылуы мүлдем ұмыт болып,
орындары ағылшын сөздерімен алмастырылуы мүмкін деп ойлаймыз.
Әншілердің аты ғана емес, орындап жүрген әндері де ағылшын
сөздерімен араласып, шұбарланып кеткен.
Жастар арасында кең тараған
әндердің мәтіндері олардың тілдік ортасының бөлігі ретінде сөйлеу мәдениеті
мен сөйлеу тәжірибесін, тілдік талғамын қалыптастыратыны белгілі. Сондай
әндерден мысал келтірсек:
«10iz» тобының «Red suit» әнінен үзінді:
Достарыңызбен бөлісу: