87
3
ЭМОТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
3.1 Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы
Жаһандану феномені, мәдениетаралық байланыстар, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы қазіргі білім қоғамының
негізі саналады. Әлеуметтік сала мен өмір сүру салтының үнемі өзгеруі,
үздіксіз трансформациялануына байланысты бұл құбылыстар соған сай білім
алу мен жаңа дағдыларды игерудің қажеттілігін көрсетеді.
Э. Битем мен Р. Шарп «Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу»
кітабында: «Ертеректегі жазу мен баспаның жаңалықтары сияқты цифрлық
технологиялар қоғамға пайдалы білімдер деп танылатын дүниені өзгертіп, оны
қайта өндіруге қажетті материалдық құралдарды ұсынады», – дейді [144]. Яғни
цифрлық дәуірде қоғам үшін пайдалы білім қайта қарастырылуы міндетті.
Технологиялардың үздіксіз ғылыми дамуы техникалық дағдыларды ғана
емес, когнитивті қабілеттерді де қажет етеді. Бұл бізді қоршаған сандық ортаға
тез бейімделіп, оның басымдықтары мен қауіп-қатерін саралай алу міндетінен
туындайды. Себебі болашақта механикалық жұмыстарды роботтар мен
автоматтар алмастырып, адамдарға әлеуметтік және эмоционалдық интеллект,
эмпатия мен креативтілік қажет болатын басқару, адамдармен жұмыс жасау
секілді міндеттерді қалдыруы мүмкін. Сондықтан жаңа әлем адамзаттан білім
берудің 4 өлшемді моделін меңгеруді талап етеді. Олар: креативтілік,
коммуникация, ынтымақтастық және сыни ойлау.
Бұл модельдің авторы – әлемдік білім беру саласының жетекші
сарапшысы, футурист және өнертапқыш, Оқу бағдарламаларын қайта жобалау
орталығының құрылтайшысы әрі төрағасы, Гарвард университетінің
жанындағы Жоғары Педагогикалық Мектептің оқытушысы, «ХХІ ғасыр
дағдылары» бестселлерінің соавторы Чарльз Фейдл.
Төрт өлшемді білім беру қазіргі заманға қажет құзыреттіліктердің нақты
әрі тиімді, өзара ұйымдасқан моделін ұсынады. Төрт өлшемді білім ХХІ
ғасырдың жекеленген білімі жұмыс істей алатын: «жан-жақты және икемді,
бірақ таңдауға және жергілікті қажеттіліктерге орын қалдыратын, сонымен
қатар дәстүрлі білімді ғана емес, білім берудің барлық тұстарын қамтитын»
кешенді модель болып табылады [145]. Бұл білім беру моделі азаматтарды
жаһандану жағдайында оқыту мүддесінде жұмыс істеуі керек.
Р. Холлменнің анықтамасы бойынша: «Креативтілік – жаңа тәсілмен
жүзеге асырылған қабылдау ағыны (Маккеллар), жаңа байланыстар табу
қабілеті (Кюби), жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы (Роджерс), жаңа
шығармалардың туындауы (Меррей), жаңалықтар ашуға және оларды білуге
қабілеті (Лассуэль), жаңа шешімдерге әкелетін ақыл-ой іс-әрекеті (Жерар),
жаңа ұғымға тәжірибені көшіру (Тейлор), жаңа констелляциялық
мағыналардың елесі (Гизелин)» [146]. Яғни креативтілік мәселелерді шешудің
түбегейлі жаңа тәсілдерін ұсыну және дамыту, жаңа сұрақтар қойып, жаңа
88
жауаптар беру және білімді қолдана отырып, идеялар тудыру қабілеті ретінде
ұғынылады.
Сыни ойлау – бұл дәйекті шешімдер қабылдауға септігін тигізетін
парасаттылық, нақты және ұтымды ойлау, әртүрлі идеялар мен
тұжырымдамалар арасындағы логикалық байланыстарды түсіну қабілеті
[147-149].
Ынтымақтастық (серіктестік) – басқа адамдармен тиімді өзара іс-әрекет,
топтық жұмыс, ортақ мақсаттарға жету, өзара тиімді байланыстар орнатуға
ұмтылу, қатысушылардың ортақ мүдделеріне негізделген шығармашылық
қызмет.
Тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігі мен эмоционалдық интеллектіне
негізделетін коммуникациялық құзыреттілік ойды, сезімдер мен фактілерді
жазбаша және ауызша түрде білдіру мен түсіну және түрлі әлеуметтік, мәдени
контекстерде (білім беру, жұмыс, үй, демалыс) тиімді коммуникацияға түсу
қабілетінің арқасында жүзеге асады [150-152].
Білім беру саласының әлемдік көшбасшылары болашақ ұрпақтың
алдында тұрған уақыт талаптарына жауап іздеп, жаһанданумен және жан-
жақты өзара әрекетпен байланысты мәселелерді шешудің амалы ретінде осы
«жаһандық құзыреттіліктерге» оқыту қажеттігін айтады.
Сонымен
төрт
өлшемді
білім
беру
жағдайындағы
негізгі
құзыреттіліктердің бірі – коммуникативтік құзыреттілік.
Ф.Ш. Оразбаева «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны «жалпы қарым-
қатынас», «араласу», «хабарласу», «байланыс» деген сияқты мағыналарды
білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу үдерісін, тілдесу ерекшеліктерін,
тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-
қатынасты, өзара түсінушілік болып табылатынын айтып, оны «қатысым» деп
атайды [153]. Соңғы жылдары жарық көрген көптеген әдістемелік зерттеулерде
коммуникативтік құзыреттіліктің қатысымдық құзыреттілік деп берілуінің
себебі осы.
Қатысымдық құзыреттілік – тілдік қарым-қатынастағы әлеуметтік-мәдени
нормаларды және таптаурындарды білу, тілдің әлеуметтік нормаларын меңгеру,
сөздің жанама тәсілдерін (бейнелі сөздер, әдемі әзіл, жеңіл юмор, т.б.)
қолдануы мен түсінуінің нәтижесі [154].
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сәйкес, коммуникативтік
құзыреттілік келесі компоненттерді қамтиды:
– эмоционалды (эмоционалды көмек, эмпатия, басқа адамға деген
сезімталдық, бірге қайғыра алу, оның әрекетіне назар аудару);
– когнитивті (басқа адамның түсінігімен байланысты, басқа адамның
мінезін болжай алу қабілеті, адамдар арасында пайда болған әртүрлі
мәселелерді пайдалы шешу);
–
мінез-құлықтық
(адамның
серіктесу
қабілетін,
қатынастағы
нақтылығын, ұйымдастырушылық қабілеттерін және т.б. көрсетеді). Яғни
қазіргі уақытта коммуникативтік, соның ішінде эмоционалды, эмотивтік
құзыреттілікті игеру өзекті болып саналады. Себебі бүгінгі оқыту адамдарды
89
әртүрлі адамдармен ынтымақтастық орнатуға, әртүрлі идеялар мен
көзқарастарды, құндылықтарды, басқа адамдардың түрлі қабілеттерін
бағалауға, өзара сенім мен серіктестік үшін айырмашылықтарды қабылдауға
тура келетін әлемге дайындау керек.
Ә.М. Құдайбергенова: «Педагогикалық үдерістің нені оқыту және қалай
оқыту секілді өмірлік проблемалары әлемдік білім беру жүйесінің жаһандық
мәселелері болып табылады. Әсіресе, олар ХХІ ғасыр қарсаңында шиеленісе
түсті. Қазіргі таңда білім берудің барлық әлемдік жүйесі дағдарыс кезеңін
бастан өткізуде. Дағдарыстың мәні мынада, XVIII-XX ғасырларда қалыптасқан
білім беру және тәрбиелеу жүйесі жаңа ұрпақты әлеуметтендіруде қазір тиімсіз
болып табылады. Қоғамның қарқынды дамып жатқан энергетикалық күшінен
қоғамдық ақыл-парасат деңгейінің артта қалуы байқалып келеді. Өркениетті
дамудың технократиялық типі адамзат тіршілігіне тікелей әсер ететін қауіп-
қатерге айналды. Жаһандық дағдарыстан шығудың негізгі нұсқаларының бірі
білім беру мен тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасау, ақпараттық қоғамнан білімдік
қоғамға ауысу болып табылады», - деп, адамдардың өзара түсінісу, ұйымдасу,
мәдениетті қарым-қатынас жасау мәселелерінің маңызын алға тартады [155].
Бүгінгі Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде адамзат өмір сүрудің
бір формасынан басқа формасына ауысудың өркениеттік өткелі жағдайында
қалды. Бұл ретте қоғамдық санада екі парадигма тоғысты. Біріншісі – дамуын
нано-био-инфо-когнитивтік технологиялармен, сандық инфрақұрылымның
қалыптасуымен, технологиялық континуумның құрылуымен байланыстыратын
технократтық парадигма. Бұл технологияларға ауқымды мәліметтер, жасанды
интеллект, Заттар интернеті, робототехника, виртуалды және қосымша шындық
технологиялары, т.б. жатады. Екінші парадигма – қорғаныс парадигмасы, бұл
парадигманың өкілдері саналы немесе бейсаналы түрде алгоритмдер мен
кибержүйелердің диктатурасына, сандық новацияларға қарсы тұрады, адамның
табиғаттағы жеке, бірегей, жалғыз болу құқығын қорғайды.
Бұл екі парадигманың арасында үшінші – екі шеткі ұстанымдарды тепе-
теңдікте ұстайтын медиаэкологиялық парадигма бар. Бұл парадигмаға сәйкес,
барлық үдерістер мен экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени қатынастар
цифрланатын жаһандық даму үрдісі сөзсіз сақталады. Алайда мұнымен қоса
мәдени мұраға саналы түрде ұқыпты қарау, медиалық жауапкершілікті сезіну
нәтижесінде адамзаттың әрі қарай өмір сүруі мен өркениет дамуының кезекті
сатысына айналмау құқығын сақтап қалуы ескеріледі.
Бұл жағдайларда тұлғаның жаңа ақпараттық әлемге бейімделуі аса өзекті
мәселеге айналады. Қоғамның алдында білім беру, ағарту саласында, білімді
тарату мен алу жүйесінде заманауи, ақылға қонымды шешімдер қабылдау
мәселесі тұр. Жағдаятқа экологиялық тұрғыдан қарау бұл мәселеге нақты көңіл
аударуға мүмкіндік береді және адамзат алдында бұрын-соңды туындамаған
мәселелердің шешілуіне тепе-теңдікті сақтайтын көзқарасты қалыптастырады.
Осыған қатысты еліміздің
кейбір жоғары оқу орындарында
«Лингвоэкология» пәнінің оқытылып, лингвоэкологиялық құзыреттілікті
қалыптастыру мәселелері қолға алынғаны белгілі.
90
Лингвоэкологиялық құзыреттілік тек тіл мамандары үшін ғана емес,
барлық қоғам мүшелері үшін игерілуі тиіс маңызды құзыреттіліктердің бірі деп
есептейміз.
Оны 2014-2017 жылдары Global Education Futures пен WorldSkills Russia
дамыған
және
дамушы
елдердегі
жаһандық
өзгерістер
мен
трансформацияларды бақылап, соның негізінде бірлесе дайындаған «Навыки
будущего: что нужно знать и уметь в новом сложном мире» баяндамасынан
көруге болады. Баяндама авторлары Е. Лошкарева, П. Лукша, И. Ниненко,
И. Смагин және Д. Судаков жаңа күрделі әлемнің 7 жаңа үрдісін (тренд)
анықтайды. Олар:
1. Өмірдің барлық саласын цифрландыру.
2. Автоматтандыру мен роботтандыру.
3. Жаһандану (экономикалық, технологиялық, мәдени).
4. Экологияландыру.
5. Демографиялық өзгерістер.
6. Желілік қоғамның қалыптасуы.
7. Өзгерістер жылдамдығының өсуі [156].
Жаһандану жағдайындағы экологияға жаңаша көзқарастың қалыптасуы
түрлі салаларды жаппай экологияландыру міндетін қойып отыр. Сондықтан
оның күрделі әлемнің осы 7 ерекшелігінен орын алуы заңды саналады.
Ш.Қ. Құрманбаева: «Бүгінгі заманға лайық білім беру жүйесі ізгілендіру,
дифференциялау, интеграциялау, гуманитарландыру және экологизациялау
ұстанымдарын негізге ала отырып, өзінің басты нысаны ретінде адам тұлғасын
қарастырады. Сондықтан мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін ұдайы
жетілдіріп, білім негіздері мен танымды кеңейту идеясын ересектердің ақыл-
ойы мен жүрегіне жеткізетін ең ұтымды әрі тиімді жолды іздестіріп, сол
арқылы оқытудың сапасын арттыра түседі», – дейді [157]. Бұл ретте
экологиялық, соның ішінде лингвоэкологиялық құзыреттілікті қалыптастыру
мәселесі сөзсіз өзектілікке айналады. Лингвоэкологиялық құзыреттілік жаңа
дәуір адамы үшін меңгерілуі керек дағды, қабілеттерді, субқұзыреттіліктерді
қамтиды.
Е.А. Сущенконың лингвоэкологиялық сөздігінде лингвоэкологиялық
құзыреттілікке
мынадай
анықтама
беріледі:
«Лингвоэкологическая
компетентность – владение в качестве индивидуальной (государственной)
ценности языковой культурой, влияющей на состояние информационного
пространства, здоровье индивида и окружающих людей. Способность не
допускать дигрессии языковой (лингводигрессии), речевой (вербальной) и
письменной речи; предупреждать лингвосиндромы, лингвотоксикологии;
способствовать буферной ёмкости лингвосистем; владеть навыками
лингвоэкологического
мониторинга,
лингвоэкологической
экспертизы»
[62, с. 203].
Г.Т. Чукенаева лингвоэкологиялық құзыреттілікті «әдеби тілдің ауызша,
жазбаша түрлеріне тән нормаларды жақсы меңгеру, сөздің қатысымдық
сапасына байланысты ортологиялық, этологиялық нормаларды сақтай білу,
91
жеке тұлғаның тілдік санасын қалыптастыратын факторлардың орны мен
маңызын анықтай алу, пікірталас мәдениетін, сөз мәдениетін көтеру жолдарын
белгілей алу, қазақ тілінің өмір сүру ортасына, қызметіне бөгет болатын
нигилистік көзқарастармен күресуге қабілетті болу, тілдік тұлға санасында ана
тіліне деген құрметті ояту жолдарын ұсына алу, экологиялылық ұстанымына
негізделген қатысым құру», – деп анықтай отырып, оны қалыптастыру үшін
тілдік-лингвоэкологиялық,
танымдық-лингвоэкологиялық,
эмоционалды-
лингвоэкологиялық,
әлеуметтік-лингвоэкологиялық,
құндылықтық-
лингвоэкологиялық құзыреттіліктер секілді құрамдас бөліктердің керектігін
айтады.
«Лингвоэкологиялық құзыреттілікке ие студент: қоршаған тілдік ортасын
әртүрлі ластанудан сақтайды; лингвистикалық нигилизммен күресе алады,
лингвоэкологиялық тәрбие беруді ұйымдастыра алады; шеттілдік сөздерді
уәжсіз қолданбайды; тілдік ортаға зардабын тигізетін тіл басқыншылығына
қарсы күреседі; қазақ тілінің болашағына деген жауапкершілікті сезініп, оның
өміршеңдігін қамтамсыз ету шараларын іске асыра алады; ортологиялық
қағидаларды сақтап сөйлейді; өз ойын сөз мәдениетінің нормативтік,
қатысымдық, этикалық сапасын сақтап жеткізеді», – дей келе, зерттеуші
«Лингвоэкологияны жоғары оқу орындарында оқыту мәселесі» атты
диссертациялық
зерттеуінде
лингвоэкологиялық
құзыреттілікті
қалыптастырудың әдістемелік жүйесін ұсынады [16, б. 123].
Зерттеу барысында қазіргі қазақтілді медиакеңістікте тілдік тұлғаға
психо-эмоционалдық, физиологиялық тұрғыдан зиян келтіретін негативті
ақпараттардың көптеп кездесетіні және олардың тілдік агрессияға толы екені
анықталды. Эмоционалды теңдікті ұстау, шиеленісті ушықтырмау, тілдік
агрессияны жұмсарту, эмоционалды төзімділікті сақтау және т.б. тәсілдерді
игерген адам өзінің вербалды эмоциялық күйін басқара алады, қақтығысқа
ұласуы мүмкін жағдаяттардан шыға алады, негативті ақпараттың эмотивті
реңкін бәсеңдете алады. Бұл амал-тәсілдер кез келген тілдік тұлғаның
коммуникативтік және лингвоэкологиялық құзыреттіліктерге кіретін эмотивтік
субқұзыреттілікті игеруі арқылы жүзеге асады. Сондықтан біз өз тарапымыздан
лингвоэкологиялық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі саналатын эмотивтік
құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және әдістемелік жүйесін
ұсынамыз.
Адам лингвоэкологиялық білім мен оны жүзеге асыру арқылы басқа
адамға физикалық та, моральдық та зиян келтірмей, өзара құрметпен қарым-
қатынас жасауды үйренеді. Әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынаста
адамдарға деген құрмет – бұл өзге адамға деген оң көзқарас, оның сезімдерін,
ізгілігі мен жеке қасиеттерін тану, қызығушылығына, ұстанымдарына көңіл
бөлу. Бұл тек бірлескен іс-әрекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар даму,
шығармашылық, қатысым үшін де маңызды.
Қазіргі білім уақыт өткен сайын «адамның еркін дамуына»,
шығармашылық бастамасы мен тәуелсіздігіне бағытталып барады. ХХІ ғасыр
құзыреттіліктері дегеніміз – көп жағдайда әлеуметтік өзара іс-әрекет пен
92
серіктестік үдерістерімен байланысты этикалық құндылықтарды ұстану,
топтарда жұмыс істей білу, әлеуметтік және этикалық міндеттемелерді
орындау; қоғаммен, қауымдастықпен, ұжыммен, отбасымен, достармен,
серіктестермен әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынас жасау;
қақтығыстарды ажырату және оларды реттеу, толеранттылық, басқаны
құрметтеу және қабылдау дағдылары.
Құрамына
30-дан
астам
дамыған
ел
кіретін
Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың
жаңа тұжырымдамасы үш қағидатқа: өзара байланысқа, ықпалдастыққа және
адамдардың бір-бірімен араласуына негізделеді. Бұл тиісті жаһандық
дағдыларды игеру қажеттілігін білдіреді. Мұндай құзыреттіліктер жаһандық
және мәдениетаралық өзара әрекеттесу барысында туындайтын мәселелерді
әртүрлі қырынан қарастыра алу; біздің мәдени, діни, саяси, әлеуметтік, нәсілдік
айырмашылықтарымыздың өзіміз бен өзгелердің қабылдауына, пайымдауына,
көзқарасына әсер етуі мүмкін екенін ұғыну; адами ортақ қадір-қасиеттің
негізінде басқа адамдармен ашық, сыпайы және тиімді қарым-қатынас жасау
мүмкіндігі болып саналады.
Болашақтың адамы көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге, құндылықтардың
әртүрлі жүйесін қабылдауға және өз міндеттерін олардың ерекшеліктерін
ескере отырып орындауға дайын болуы заңдылық. Болашақтың негізгі
қағидасы – адам үшін, бүкіл адамзат үшін, бүкіл әлем үшін жұмыс істеу. Ол
басқа салалардағы мамандармен қарым-қатынасты қамтитын пәнаралық,
әртекті командада жұмыс істеуді, өзін-өзі сынай білуді, әртүрлілік пен
мәдениетаралық айырмашылықтарды қабылдауды, халықаралық ортада жұмыс
істеуді талап етеді.
ХХІ ғасырдың барлық қажетті құзыреттіліктері пікірлері мен білімдері
әртүрлі адамдардың ашық қарым-қатынас жасауы, тарихи мұра мен мәдени
дәстүрлерге құрметпен және ұқыпты қарау, алалаушылықты болдырмау,
өзгелер алдындағы жауапкершілік, өз сезімдерін жеткізе алу, басқа адамдармен
тиімді, икемді және сыпайы қарым-қатынас жасау түрінде көрініс табады. Яғни
басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне сөзбен, іспен, көзқараспен
нұқсан келтірмеуді көздейді.
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан
білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісінде еліміздің тәуелсіздік жылдары
мен бейбіт кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды
талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, ХХI ғасырдың шындықтарына сәйкес
әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе,
қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық
көзқараспен қарастыра келе, оны теориялық және практикалық тұрғыдан
байыпты да терең мазмұндаған. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын
біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толерант-
тылық, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы.
93
Сондықтан қазіргі білім беру өзара тиімді коммуникация құру үшін
коммуникативтік, лингвоэкологиялық, эмотивтік құзыреттіліктерді қамтуы
тиіс.
В.А. Кан-Калик және Н.Д. Никандров коммуникативтік құзыреттілікті
адам баласының кез келген әрекетінде кездесетін, адам болмысының бір бөлігі
ретінде қарастырады [158]. Сондықтан коммуникативтік құзыреттілікті кез
келген адамның игеруі тиіс деп есептейміз.
Құзыреттілікке арналған зерттеулерді талдай отырып, әр зерттеушінің
«құзыреттілікті» зерттеу мақсаты мен нысанына байланысты әртүрлі
түсіндіретінін айтуға болады.
Н. Хомский енгізген бұл түсінік шетелдік білім беру тәжірибесінде ХХ
ғасырдың соңында Competence-based education (CBE), яғни біліктілік пен кәсіби
дағдыларды қандай да бір құзыреттіліктермен бағалайтын білім беру аясында
қажеттілікке ие болды.
Ресейде «құзыреттілік» ұғымының білім беру саласындағы қолданысы
2001 жылы құзыреттілікке негізделген көзқарастың негізгі ережелері
тұжырымдалғаннан кейін кеңейе бастады [159].
«Құзыреттілік» сөзінің қазіргі білім беру теориясы мен тәжірибесінде
белсенді қолданылуына қарамастан, бұл ұғымның анықтамасы әлі де даулы
болып келеді.
Қазіргі уақытта отандық және шетелдік ғылыми білімнің әртүрлі саласын
зерттеушілер «құзыреттіліктің» ондаған анықтамасын ұсынады. Солардың
бірнешеуіне тоқталсақ: 1) «оқыту арқылы алынған білімге, тәжірибеге,
құндылықтарға, бейімділікке негізделген жалпы қабілет» [160]; 2) «адамның өз
қызметінің мәнін түсінуінің, қызметіне кіріскен кезде қабылданған индивидтің
біліктілік сипаттамасының өлшемі» [161]; 3) «белгілі бір салада пайымдаулар
жасауға мүмкіндік беретін тұлғаның мінездемесі; бұл сапаның негізі – білім,
сана, адамның әлеуметтік және кәсіби қызметінің тәжірибесі» [162]; «адамның
жеке ерекшеліктері, оның белгілі бір функцияларды орындау қабілеті, мінез-
құлық түрлері мен әлеуметтік рөлдерді игеру, топта жұмыс істей білу,
талапшылдық, ойлаудың ерекшелігі» [163]; «жеке тұлғаның оқу-танымдық
үдеріске жеке қатысуына бағытталған, сонымен қатар оны еңбек қызметіне
табысты қосуға бағытталған оқыту арқылы жинақталатын білім мен тәжірибеге
негізделген жеке тұлғаның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке дайындығы» [164]
және т.б.
Берілген анықтамалардан көріп отырғанымыздай, қазіргі ғылыми
зерттеулерде «құзыреттілік» ұғымы ақыл-ой әрекеттері, жеке қасиеттер,
құндылық бағдарлары, практикалық дағдылар, қабілет, тәжірибе секілді түрлі
құбылыстарды сипаттауда қолданылады. Зерттеушілердің көзқарастары бір-
бірінен ерекшеленгенімен, олардың барлығы құзыреттіліктің қызмет
нәтижелерінің белгілі бір деңгейге (сапа стандарттарына сәйкес) қол жеткізуін
білдіретінін көрсетеді.
«Құзыреттілік» түсінігіне берілген ғылыми анықтамалардың ішінен
И.А. Зимняя келтірген анықтаманы негізге алуға болады: «Құзыреттілік – бұл
94
білім мазмұнының, іс-қимыл бағдарламалары, амалдары мен алгоритмдерінің
бейнесі, кейіннен іс-әрекетте жүзеге асатын ішкі әлеуетті танымдық білім»
[165]. Біздің ойымызша, бұл анықтама құзыреттіліктің мәнін кеңінен ашып,
оның қызметпен өзара байланысты басты сипатын көрсетеді.
Отандық зерттеушілердің еңбектерінде де түрліше анықтамалар беріледі:
Ш.Қ. Құрманбаева: «Құзыреттілік – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-
әрекетті жүзеге асыру қабілеті арқылы байқалатын тұлғалық қасиет немесе
тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы» [157, б. 72].
М.А. Ғалымжанова: «Құзыреттілік – бұл күнделікті өмірдің нақты
жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде
шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік» [166]. Б.Т. Кенжебеков: «Құзыреттілік
– оқушының әрекеттің әмбебап тәсілдерін игеруі арқылы көрінетін білім беру
нәтижесі» [167]. Б.А. Тұрғынбаева: «Құзыреттілік деп өзінің практикалық
әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуы
аталады» [168]. Б.А. Әрінова: «Құзыреттілік – оқушының алған білімі мен
дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір теориялық әрі
практикалық жаңалықтарды шешуде қолдана алу қабілеттілігі» [169].
Сонымен құзыреттілік дегеніміз – бұл адамның алған білімін, дағдылары
мен жеке қасиеттерін, яғни әлеуметтік-кәсіби, тұлғалық қасиеттерін қызметте,
өмірде қолдана алуының кешенді сипаты. Сондықтан біз болашақ
мұғалімдердің эмотивтік құзыреттіліктің жалпы коммуникативтік (өмірде
қолдана алуы үшін) және кәсіби-коммуникативтік (қызметте қолдана алуы
үшін) аспектілерін қалыптастыруды көздейміз. Бұл ретте эмотивтік
құзыреттілік болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі
бола алады.
Педагогикалық әдебиеттерде кәсіби құзыреттілік кәсіби қызметті тиімді
жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кәсіби және жеке қасиеттердің жиынтығы
ретінде қарастырылады (А.С. Белкин, С.Г. Молчанов, В.В. Нестеров,
Н.В. Харитонова және т.б.).
Н.В. Баграмова кәсіби құзыреттілікті 1) түйінді, 2) негізгі және 3) арнайы
құзыреттіліктердің жиынтығы ретінде қарастырады [170].
Түйінді құзыреттіліктер кез келген мамандық иесі үшін қажет. Олар
әмбебап сипатқа ие. И.А. Зимняя берген анықтама бойынша олардың үш тобы
бар: 1) адамның тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас субъектісі ретіндегі өзіне
қатысты құзыреттіліктері (денсаулықты сақтау; құндылықтық-мазмұндық
бағдар; интеграция; азаматтылық; өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі
дамыту, тұлғалық және т.б. құзыреттіліктері); 2) адамның және әлеуметтік
саланың өзара әрекеттесуімен байланысты құзыреттіліктер (әлеуметтік қарым-
қатынас құзыреті; қарым-қатынастағы құзыреттіліктер); 3) адамның қызметіне
байланысты құзыреттіліктер (танымдық қызметтің құзыреттілігі; қызметтің
құзыреттілігі; ақпараттық технологияның құзыреттілігі) [171].
Негізгі құзыреттіліктер кәсіби бағыттылыққа ие және адам қызметінің
кәсіби саласының (педагогикалық, басқарушылық, заңгерлік, инженерлік және
т.б.) ерекшеліктерін көрсетеді.
95
Арнайы құзыреттіліктер белгілі бір мамандық иесіне кәсіби салада өзіне
жүктелген қызметтерді орындау үшін қажет.
Білім алушылардың кәсіби және коммуникативтік іс-әрекетінің
эмоционалды аспектісінің маңыздылығын дәлелдеу үшін алдымен эмоциялар
мен олардың дидактикалық және тәрбиелік әлеуетінің мәнін қарастыру
қажеттілігі туындайды.
Эволюция үдерісінде адамзат әртүрлі құбылыстар мен оқиғаларды
сипаттаудың, оларға субъективті баға берудің және жалпы жеке адамның мінез-
құлқын реттейтін ерекше жүйе ойлап тапты. Бұл жүйені алдымен эмоциялар
қалыптастырады. П.К. Анохин эмоцияны: «айқын субъективті реңкі бар,
адамның сезімдері мен уайымдарының барлық түрлерін қамтитын ағзаның
физиологиялық күйлері», - деп анықтайды [172].
Эмоциялар – күрделі құбылыс, сондықтан оларды жай бақылау арқылы
анықтау мүмкін емес. Біз, әдетте, эмоциялар деп атайтын күлу, жылау,
айқайлау, т.б. олардың жұмысының нәтижесін ғана білдіреді. Эмоцияның
сыртқы көрінісінен адамның эмоционалды жай-күйін анықтау кейде мүмкін
емес. Мәселен, адам жылап жібергенде оның қуанып, таңданып не болмаса
қайғырып тұрғанын бірден ажырату қиынға соғады. Қуаныш, таңданыс немесе
қайғылы күйде екенін түсіну қиын. Сондай-ақ эмоциялардың жүзеге асуының
әртүрлі таңбалық жүйелердегі мәдени ерекшеліктерін білмейтін адам
эмоциялардың сыртқы көрінісіне ғана қарап, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін
бұрыс түсінуі мүмкін. Бұл, әсіресе, мәдениетаралық қарым-қатынас
жағдайында өте өзекті.
Эмоциялар адам үшін ерекше физиологиялық, психологиялық және
мәдени-ағартушылық
маңыздылыққа
ие.
Р.К.
Боженкова:
«Олар
коммуникативті кеңістікті құрайтын барлық қоғамдық қызмет түрлерін
қамтиды: бұқаралық ақпарат құралдары, саясат және тұрмыстық қарым-
қатынас. Эмоциялар кез келген лингвомәдениетке жататын қазіргі заманғы
адамның ақыл-ойының, ойлауының және тілдік санасының маңызды құрамдас
бөлігі болып табылады», – дейді [173]. Яғни эмоциялар тұлға санасының
танымдық үдерістеріне, сөйлеу әрекеттерін реттеуіне ықпал етеді.
Н.Ф. Алефиренко: «... баланың ересектермен ерте қарым-қатынасының
биологиялық алғышарттары табылды. Бастапқыда бұл қарым-қатынас
эмоциялар деңгейінде болады. Анасының эмоционалды күйін бала құрсақта
жатқанда қабылдайды», – дейді [174].
Эмоциялар жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласында ерекше маңызға
ие болады. Қазіргі психологтар эмоцияны дене және психикалық өзгерістердің
күрделі жиынтығы ретінде анықтайды, оған психологиялық қозу, сезімдер,
когнитивті процестер және жеке қабылданатын маңызды жағдайға байланысты
пайда болатын мінез-құлық реакциялары кіреді [175].
Осылайша эмоция адамның кез келген іс-әрекетінің нәтижелеріне тікелей
ықпал етіп, оның өмірінің барлық саласында, әсіресе, білім беру саласында
үлкен орын алады.
96
Эмоцияларды психология, психиатрия, антропология, философия,
лингвистика, педагогика және т.б. түрлі ғылым салаларының зерттеу нысанына
алуының себебін осымен түсіндіруге болады. Эмоция мәселелеріне қатысты
шетелдік ғалымдар Д.К. Бартош, Р.Бар-Он, Б.И. Додонов, А. Вежбицкая,
В.К. Вилюнас, Л.С. Выготский, Д. Гоулман, К.Изард, А.Н. Леонтьев, Д. Майер,
Н.А. Красавский, Е.+Ю. Мягкова, М. Райнольдс, С.Л. Рубинштейн, Р. Стенберг,
П.В. Симонов, И.А. Стернин, С.В. Чернышов, А.Н. Шамов, В.И. Шаховский,
т.б., қазақ ғалымдарының ішінен Х.М. Нұрмұханов, Ш.И. Нұрғожина,
З.Х. Ибадильдина, А.А. Мұсабекова, Б.С. Жонкешов, К.С. Сарышова,
Ә. Алдамұратов, А.Ғ. Сембаева, Ғ.Қ. Иманалиева, т.б. зерттеу еңбектерін
жазды.
Г.Т. Чукенаева: қазақ тілі экологиясының алдағы уақытта кешенді түрде
зерттелуі тиіс басым бағыттары ретінде мыналарды көрсетеді:
– қазақ тілінің қызмет етуіне кедергі болатын факторларды анықтау және
онымен күрес тәсілдерін белгілеу;
– тілдік тұлға санасында ана тіліне деген табиғи сүйіспеншілікті ояту
жолдарын көрсету;
–
Достарыңызбен бөлісу: |