Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

Зерттеудің міндеттері:  
– лингвоэкология саласындағы қазіргі зерттеулерді саралап, олардың 
жетістігі мен даму бағыттарын сипаттау;
– қазақ лингвоэкологиясының пәндік теориясын негіздеу;
– қоғамның белсенді тілдік ортасына айналған медиакеңістік ұғымына 
зерттеу аясында анықтама беріп, оның лингвосферада алатын орнын белгілеу; 
– медиакеңістікті оның бүгінгі негізгі элементтері – онлайн БАҚ пен 
әлеуметтік желілер материалдары негізінде лингвоэкологиялық өлшем 
деңгейінде талдау және талдаудың негізгі модельдерін белгілеу; 



– эмотивтік құзыреттіліктің маңызын, мазмұнын, құрылымын анықтау, 
эмоционалдық интеллекттен аражігін ажырату;
– эмотивтік құзыреттілікті қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жаһандану жағдайында ұлт тілін 
сақтаудың лингвоэкологиялық ұстанымы қалыптасып, лингвоэкологияны 
оқытуда лингвоэкологиялық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі эмотивтік 
құзыреттілікті қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса, онда тілдік 
тұлғаның санасында ана тіліне деген сүйіспеншілік, болашағына деген 
жауапкершілік сезімі оянады, сөзді сапалы қолдану қабілеттілігі артады, тілдік 
ортаның 
ластану 
мен 
зақымдану 
деңгейі 
төмендейді, 
өйткені 
лингвоэкологиялық білім алып, эмотивтік құзыреттілігін қалыптастырған тілдік 
тұлға саналы түрде туған тілдің байлығын, тазалығын, саулығын сақтайды
сөздің энергетикасы мен жасампаз күшін түсінеді, эмоционалды тепе-теңдікті 
сақтап, тілдік ортаның экологиялылығын қамтамасыз етеді. 
Зерттеудің жетекші идеясы: тілдің өмір сүру және қызмет ету 
ортасының, сондай-ақ сөйлеушілердің тілдік санасының сапасымен өлшенетін 
күрделі семиотикалық жүйе ретіндегі жай-күйін лингвоэкологиялық тұрғыдан 
зерттеу тілдің қоғамдағы бүгінгі болмысын шынайы анықтауға мүмкіндік 
береді. Ал тілдік тұлғаның лингвоэкологиялық білімді игеруі тілдің ұлттық 
мәдени-көркем, эстетикалық, ғылыми, саяси әлеуетін бұзатын ішкі және 
сыртқы ықпалдар мен факторларды анықтап, онымен күресу жолдарын 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет