3. Я. Уилмуттәжірибесі 1993-1995 жж Рослин институтынан Я. Уилмут жетекшілігімен зерттеушілер тобы қойлар клондарын бес бірдей жануарларды алды. Осы клондарды алу үшін ядро доноры эмбрионалды жасушалар өсіріндісі болды. Жасушалық өсіріндіні келесі әдіспен алды: микрохирургиялық жолмен 9-күндік қой эмбрионынан (бластоциста) эмбрионалды дискті бөліп алып, жасушаларды in vitro бірнеші пассаж бойы дақылдады. Осы жасушалар линиясы TNT4 деп белгіленді.
Донорлық ядро мен реципиенттік цитоплазманы жасуша циклінің ұқсас кезеңдерінде болдыру үшін дақылданған TNT4 жасушаларының бөлінуін белгілі бір кезеңінде (G0) және осы жасушалар ядроларын энуклиерленген жұмыртқа жасушаларына (метафазы II кезеңіне сай) тасымалдады. Реконструкцияланған эмбриондарды агармен қаптап, қойлардың байланған жұмыртқа жолдарына тасымалдады. 6 күннен кейін эмбриондарды бірінші реципиент жұмыртқа жолынан шайып алып, микроскопта зерттеді. Морула немесе бластоциста кезеңдеріне жеткендерін таңдап алып, оларды қойдың жатырына тасымалдады. Сол жерде реципиенттің дамуы туғанға дейін жүрді. 5 қозы (аналықтар) туды, солардың ішінен 2 туған бетте қайтыс болды, 3-сі 10 күннен кейін, ал қалған 2 қалыпты дамып, 8-9 айға дейін тіршілік етті. Фенотипі бойынша барлық қозылар TNT4 жасушаларын алған қойға ұқсас болды. Оны генетикалық талдау дәлелдеді.
Осы жұмыс сүтқоректілерді клондау бойынша зерттеулерде маңызды жетістік. Бірақ ол ешкімді қызықтырған жоқ. Ал Уилмуттың 1997 жылы сүт безі жасушасының донорлық ядроны қолдану нәтижесінде клондалған жануар Долли қойы туғаны туралы мақаласы жариялған. Соңғы жұмыс алдындағы жұмыстың әдістемесін қайталайды, бірақ бұл тәжірибеде ұрықтың эмбрионалды және фибробласт тәрізді және сүт безі жасушаларын қолданды. Сүт безі жасушаларын алты жастағы финн дорcет тұқымының қойынан алынды.
Үш типті жасушалардың бөлінуін G0 кезеңіндетоқтатып, ядроларын метафазы II кезеңіндегі энуклеирленген ооциттерге тасымалдады. Электробірігу әдісі қолданды. реконструкцияланған эмбриондарды ең алдымен қойдың байланған жұмыртқа жолында дақылдады, кейбірлерін in vitro қоректік ортада. in vitro жағдайларда морула немесе бластоцисттердің шығу коэффициенті тіпті екі есе жоғары болыпты.
Сүт безінің жасушаларымен тәжірибелерде 277 реконструкцияланған ооциттерден тек қана бір қозы туды. Генетикалық талдаудың көрсетуі бойынша жеті туған қозының ішінде сүт безі жасушаларынан алынған ядродан бір қозы, ұрық фибробласттарынан - екі және эмбрионалды жасушалардан - төрт. Долли қойы сүт безі жасушасы алынған қойдың клоны болып келеді.