Журналистика кафедрасы


Саяси менеджерлер мен имиджмейкерлер саяси жарнамамен жұмыс жасауда оның таралуының төмендегі түрлеріне көңіл бөледі



бет12/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Саяси менеджерлер мен имиджмейкерлер саяси жарнамамен жұмыс жасауда оның таралуының төмендегі түрлеріне көңіл бөледі:
1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама: а) процестегі жарнама: жарнамалық үндеу, мақалалар, шолулар, сұхбат, басқа да саяси жарнамалық сарындағы репортаждар; б) радио және тележарнама: радиожарнама: радиолық үндеу, радиороликтер, радиожурналдар, репортаждар, сұхбат, эфирдегі әңгімелесулер; тележарнама: телероликтер, телеүндеу, телехабарлар, телерепортаждар, телеқойылымдар, телебаяндама, теледебаттар, “дөңгелек үстелдер”; в) аудиовизуалдық (экрандық) жарнама: жарнамалық кино және бейнефильмдер, роликтер, бейнеэкспресс-ақпарат, слайд-фильмдер.
2. Сыртқы жарнама: жарнамалық қалқан, панно, стендтер, афишалар, транспоранттар, плакаттар, үлкен формадағы парақшалар; - жарықтық экрандар, табло, жүгіртпе жолдар; - көліктегі жарнама: салонішілік, сыртқы жапсырмалық; - басқа да сыртқы жарнамалар: әуе шарлары, аэростаттар, сенсациялық қойылымдар.
3. Паблик рилейшнз шаралары: - тұсаукесерлер, баспасөз конференциялары, симпозиумдар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар; - қайырымдылық шаралары, қоғамдық шаралардағы демеушілік; - қоғамдық маңызды тақырыптағы көрермендік сөйлеулер.
4. Баспалық жарнама: парақшалар, плакаттар, конверттер, открыткалар, хаттар, брошюралар, үндеу, шақырулар, бағдарламалар, күнтізбелер, визиттік карточкалар.
5. Тікелей почталық жарнама: баспалық жарнама материалдарын тарату.
6. Жарнамалық ескерткіштер: күнтізбелер, вымпелдер, значоктар, іскерлік сыйлықтар.
7. Компьютерленген жарнама: жарнамалық ақпараттарды арнайы компьютерлік жүйелерге орналастыру . Жоғарыда аталған жағдайларға қарап, бүгінгі таңда саяси жарнаманың ұғымы мен мазмұны айқындала түскенін байқау қиын емес. Сонымен бірге, аталған тәсілдер күнделікті түрде тиімді қолданылып жатыр.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.11.14]; [ 1.15.14]; [1.11.12;]; [1.3.18]
Қосымша: [1.7.4]; [1.3.5]; [2.7.6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет