Журналистика кафедрасы


Лекция 6. Жарнама тарату құралдары: Баспасөздегі жарнама



бет13/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Лекция 6. Жарнама тарату құралдары: Баспасөздегі жарнама.

Жарнама және БАҚ, оның ішінде коммерциялық БАҚ бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Олар өзара тығыз байланысты, сондықтан да бизнестің осы екі саласындағы өтіп жатқан процестердің барлығы осылардың қай-қайсысы үшін де принципті маңызға ие болады. Жарнама коммуникациясының элементі ретіндегі БАҚ рөліне баға бере отырып, мына екі қырды атап көрсеткен орынды: 1) мазмұндық - жарнама және медиа-нарықтағы процестердің барлығы осы ауқымда өрбиді; 2) технологиялық, ол тарату арнасымен, жарнама жеткізуші ретіндегі оның артықшылықтары және кемшіліктерімен байланысты.


Қазіргі заманғы БАҚ - газеттер мен журналдар, теледидар мен радио жарнама үшін алуан түрлі мүмкіндіктер ашады.
Газеттер мен журналдардағы жарнама кең таралған, ол көлемі бойынша тек теледидар жарнамасынан ғана қалыс қалады. Соңғы кездері радионың да жарнама жеткізуші құрал ретіндегі маңызы артып келеді. Бұл радиожарнаманың жоғары тиімділікті көрсеткіштеріне және теледидармен салыстырғанда жарнамалық материалды жариялау құралының әлдеқайда арзандығына байланысты болып отыр.
Жарнама құралдарыньщ кең таралған түрлерінің бірі — кино және бейнежарнама (тележарнама). Бұл коммуникация арналары техникалық мүмкіндіктеріне орай орасан зор психологиялық әсер ету күшіне де ие. Аудиовизуалдық жарнама бейне, түрлі түсті бояу мен дыбыс үндесуі нәтижесінде өзге жарнама жеткізу құралдарынан әсер ету кешенділігімен ерекшеленеді. Сондықтан да аудиовизуалдық жолмен алынған ақпараттың есте сақталуы өзге жолдармен алынған ақпараттың есте қалуымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Жаһандану және БАҚ-ның дамуы, аса ірі БАҚ атаулының пайда болуы мазмұнды өзгертуге, белгілі бір уақыт бірлігі ішінде ақпараттың үлкен көлемін жеткізуге мүмкіндік береді. Интернет пен телекоммуникациялық технологияның дамуы медианарық құрылымының өзгеруіне орай бүгінде дәстүрлі БАҚ-ды тиесілі орындарынан айырылып қалмау үшін тер төгуге мәжбүрлеуде.
Жарнама тэжірибесі БАҚ арасындағы жарнама бюджетінің белінуі бірнеше факторға қатысты екендігін және түрлі елдерде әр қилы өтетіндігін көрсетіп отыр. Бұл процеске БАҚ тұтыну дәстүрлері, көрермен және оқырман аудиторияларының медиа-ұстанымдары, медиаиндустрияның сапасы мен даму деңгейі елеулі түрде әсер етуде. Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарының жарнама жеткізуші ретіндегі рөліне тоқталып өтелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет